Сан есімның тарихы
|
Тіліміздегі сан, санақ, мөлшер жайлы ұғымды білдіретін сездер бірнеше түрлі және олар құрамы жағынан да әр түрлі.
Сөз таптарының ішінде бір-бірінен өзгеше қалыптасқан, көпшілігінде бір-бірінен алшақ, бір-біріне сай түспей жататын да осы сан есім-дер. Рамстедт алтай тілдеріне ортақ сан есім деп тек қана төрт (4) сөзін көрсетеді. Алтай тілдерінде сөз таптарының басқа түр-лері негізгі грамматикалық категориялар ыңғайында бір-бірімен байланысып жататындығы мәлім. Сан есімдер ыңғайындағы бұл ерекшелік, олай болса, халықтардың тарихи даму барысында әр түрлі саяси-мәдени, экономикалық жағдайлардың негізінде ғана пайда болуы мүмкін. Кейбір халықтар тілінде сан, санақ, мөлшерді білдіретін сөздердің жат тілдік элементтер негізінде қалыптасу фактілері де соны дәлелдейді. Бүндай фактілер түркі тілдерінде бірсыпыра этимологиясы анық емес сөздердің о баста пайда болуы сондай жат тілдік әсердің нәтижесі емес пе екен дейтін ойға итермелейді. Миллион, триллион тәрізді сөздер кейінгі дәуірлерде батыс тілдерінен келгені анық. Ежелгі түркі тілдерінде мұндай сөздер де, бүндай ұғым да болған емес. Ал түмен (он мың мәнін берген) сөзі түркі тілінде қолданыс тапқанмен, қазір қолданудан шығуға айналған сан есім. Зерттеушілердің бірсыпырасы бұл о баста монғол сөзі болса керек дейтін жорамал да айтады
|
1
|
5
|
11 тақырып
|
Есімдік
|
Түркі тілдеріндегі есімдіктер жайлы сөз болғанда, ең алдымен, жіктеу және сілтеу есімдіктерінің генезистік бірлігі айтылады. Белгілі түрколог Н. К. Дмитриев өзінің «Башқұрт тіліндегі сілтеу есімдіктері» дейтін мақаласында түркі тілдеріндегі сілтеу есімдіктерінің шығу тегі жағынан жіктеу мүмкіндіктерімен бірлікте қарау керек. Ал соңғылар шақ тұлғаларына негіз болды деп жазды. Мұндай пікірдің тууына бірінші негіз: жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктерінің мағыналық орайластығы. Шынында да, мен — мынау, сен — сонау, ол — ол, анау тәрізді орайлас мағыналық қатарлар құратынын еске алсақ, түркі тілдеріндегі, сол сияқты қазақ тіліндегі жіктеу және сілтеу есімдіктерінің мағыналық мұндай орайластығын жайдан-жай пайда болған құбылыс деп қарауға келмейтіні анық.
|
1
|
6
|
12 тақырып
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |