Қазіргі білім беру жүйесінде педагог тұлғасына қойылатын талаптар Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты



бет2/5
Дата21.05.2022
өлшемі26,11 Kb.
#144424
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қазіргі білім беру жүйесінде педагог тұлғасына қойылатын талаптар

Білім берудің жалпы сипаттамасы
Білім беру философиясы ғылым ретінде ХХ ғасырдың ІІ жартысында пайда болды. Ол көптеген философиялық ағымдар мен білім беру жүйесінің өзара әсерлесуі нәтижесінде ғылым саласының бірі ретінде қалыптасты. Білім беру философиясының ғылым ретінде қалыптасуына ғалымдардың көзқарастары әр түрлі. Ғалымдардың бір тобы білім беру философиясын жеке ғылым ретінде мойындаса, екінші бір тобы оны жеке ғылым ретінде қарастырудың маңыздылығы жоқ десе, үшінші бір ғалымдар тобы білім беру философиясын педагогика мен философия ғылымдарының тоғысында, қолданбалы ғылым саласы ретінде қарастыруды жөн деп санайды.
Білім беру философиясы - мәдени ортада адамның ақыл-ойы мен адамгершілік дамуы қалай жүретінін және бұл процеске білім беру жүйесі қалайша әсер ететінін қарастыратын ғылым саласы. Білім беру философиясы педагогика ғылымының әдіснамалық негіздерін, яғни негізгі идеялар мен зерттеу тұғырнамасын анықтауға мүмкіндік жасайды.
Білім беру философиясы зерттейді:
білім берудің онтологиясын, яғни білім беру дегеніміз не?- деген сұраққа жауап бере отырып, оның шығу тарихын, мәнін анықтайды;
білім беру логикасын, яғни білім беру процесі қалай жүретінін;
білім беру аксиологиясын, яғни білім беру құндылықтарын қарастырады;
білім беру этикасын, яғни білім беру процесіне қатысушылардың тәлім-тәртібі мен мінез-құлқын;
білім беру әдіснамасын, яғни білім беру процесіндегі өзара әсерлесу әдістері қандай және қалай болуы керектігін;
білім беру идеологиясын, яғни білім беру процесінің негізгі идеяларын қарастырады.
Педагогика ерекше ғылым ретінде философиялық білімдер жүйесінен ХІІ ғасырдың басында бөлектеніп шықты.
Қазіргі заман ғылымында әдіснама деп ғылыми-танымдық іс-әрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тәсілдері жөніндегі білімді айтамаыз. Ғылым әдіснамасызерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің-нысаны, талдау пәні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процессіндегі әрекеттер бірізділігін белгілейді.
Қазіргі кезеңде адам зерттеулеріне байланысты әр қилы ғалымдар әдіснамасы сипатында көптеген философиялық бағыт бағдарлар, теориялық көзқарастар бір қатар жасауда. Солардың ішінен бүгінгі педагогикада өз орнын тапқан келесі философиялық білімдерді ажырата алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет