Қазіргі білім берудің даму тенденциялары
15
қандай да бір жұмыстар жүргізілгенін бақылау мақсатында портал бөлімін
жасадық. Бұл жүйеде әзірге ешқандай ақаулықтар табылмады, егерде табылған
жағдайда портал арқылы кез келген мәселені шеше алатын боламыз.
Нәтижелерді қорытындылай келе, әр түрлі бағдарламалық аналогтардың
артықшылықтарын қолданылып, қосымша функцияларды пайдалана отырып,
цифрлық білім беру ортасы мен білім берудің цифрлық контенттерін құру
дайындығын,
цифрлық
технологияларға
негізделген
білім
беру
технологияларын кешенді іске асыру мен желілік коммуникативтік дағдыларды
жетілдірудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді деп қорытынды жасауға
болады.
Жобаланған
жүйені
онлайн
жұмыс
жасауға
арналған
орталықтандырылған электрондық ағынды жүйені қажет ететін әртүрлі
ұйымдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оңай жазуға болады. Бұл
жүйе келешекте тағы да жаңа деректермен толықтырылады және бұл жүйе тек
қана Қазақстандық мұғалімдер үшін емес, дүниежүзілік мұғалімдерге де
пайдаға асады деген үміт бар.
Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің
Ғылым Комитеті қаржыландырды (№AP09259047 – «Мұғалімдердің цифрлық
құзіреттілігін қалыптастыру – адами капиталды дамыту кілті»).
Достарыңызбен бөлісу: