Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі Қолданылған әдебиеттер: Дүйсенбаев А. Педагогика. 2018 2



Pdf көрінісі
бет17/20
Дата31.07.2023
өлшемі338,5 Kb.
#179669
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Педагогика 1-тақырып конспект

кредиттік оқытудың
іргелі жүйелері бар. Олар: Еуропалық жүйе -ESTS, американдық жүйе-USCS, британдық 
жүйе-CATS, Азия мемлекеттерінде және Тынық мұхиты кеңістігіндегі жүйе -UCTS.
Қазақстанда білім жүйесін негізінен Еуропалық кредиттік жүйеге /ESTS/ енудің алғашқы 
қадамдары іске асты. Еуропалық кредиттік жүйе бойынша Еуропадағы Ұлыбритания
Франция, Испания, Германия, Италия т.б. іргелі мемлекеттерде білім беріледі. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған кредиттік оқыту 
жүйесі-білім беру жүйесінің Лиссабондық конвенцияның(1997ж. және Болон 
декларациясының(1999 ж.) Ережелерінің негізгі ұстанымдарын басшылыққа алып 
жасалынды. Қазақстан Республикасы алдына қойған негізгі мақсаты - кредиттік оқытудың 
Еуропалық жүйе (ESTS) негізінде білім беру.Әлемдегі 1200-ден аса университетте жоғары 
білім беру Еуропалық кредиттік оқыту жүйесі негізінде іске асырылады. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы негізінде білім беру жүйесінің 
құрылымы екіге бөлінеді: жалпы білім беру және кәсіптік білім беру. Кәсіптік білім 
берудің әрбір сатысындағы білім беру мазмұны тиісгі кәсіптік бағдарламамен белгіленеді. 
Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда жүзеге асырылады. 5 
жастан бастап балаларды мектепке барар алдында даярлау міндетті және ол отбасында
мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте жалпы білім беру бағдарламаларының 
шеңберінде жүзеге асырылады. Ол мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады. 
Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім 
алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Қазақстан Республикасының білім беру 
жүйесін дамытудың 2010 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта білім үш 
сатылы: бастауыш (1-5 сыныптар), негізгі (6-10 сыныптар) және жоғары (11-12 сыныптар) 
жалпы орта бішм беретін оқу орнында кезең-кезеңмен алынады. 
Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты адамгершілігі, әр жақты дамыған өзінің және 
қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, халық мәдениетін жетілдіру ісінде өз үлты мен 
жалпы адамзат қазынасын тиімді пайдаланатын адамды тәрбиелейді. Қазақстан 
Республикасы азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік 
беріліп, орта бітм алу міндеттелінді. 
Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған «Білім туралы» заңында тұңғыш рет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет