Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі Қолданылған әдебиеттер: Дүйсенбаев А. Педагогика. 2018 2



Pdf көрінісі
бет2/20
Дата31.07.2023
өлшемі338,5 Kb.
#179669
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Педагогика 1-тақырып конспект

«білікті адамға»
бағытталған білімнен 
«мәдениет адамына»


бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның 
философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін 
тереңірек қайта қарауды қажет етеді. 
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға 
негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. 
Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей 
оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар 
мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз 
ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту 
түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай 
туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру. 
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер 
мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу 
біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, 
ақпараттық
– 
коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. 
Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек «кәсіби икемділігін 
оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін» үнемі оқып – 
үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады. 
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, 
халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру 
жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін 
арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби 
біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік 
қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған 
байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы 
саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен 
бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен 
жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі 
білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. 
Қазақстан Республикасының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет