Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді
Түсінік хат Батыс Қазақстан білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу- әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде 2017 жылы 7 наурыздағы № 1 хаттамада қаралап, облыс педагогтарына таратуға ұсынылған 9 сыныпқа арналған «математикалық сауаттылық» тақырыбындағы үйірме курсы таңдалып алынды. Бағдарлама авторлары №44 мектеп-гимназиясының жоғарғы санатты математика пәні мұғалімідері Темирханова А.М. Батыргалиева Б.Х. Бағдарламалық материал аптасына бір реттен жылдық 34 сағатқа есептеліп құрылған.
Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін, өз бетінше білім алу дағдысын қалыптастыру, математикалық білім деңгейін тереңдету және оларды болашақ маман ретінде даярлау үшін математика ғылымының салаларын тереңдетіп оқытудың ролі ерекше.
Курстың таңдалу себебі: 9-сынып оқушыларына ҰТБ-ға жүйелі дайындауға септігін тигізуге көмектеседі. Оқушылар математикалық сауаттылық есептерін шешуді үйренеді, математикадан білімін кеңейтеді. Оқушылар курс барысында сандар тізбегі, ықтималдылық және комбинаторика сияқты есептерді талдайды.
Математиканы оқытудың әрбір кезеңінде оқушылардың программалық материалды оқып үйренуі олардың курсты оқып үйренгенде қабылдаған терең де берік білімдеріне, іскерліктеріне және дағдыларына, сонымен бірге математиканы оқытудағы қызығушылығын дамытуға да байланысты болады.
Оқушылардың дайындықтарының деңгейін бақылау, өз бетінше шешім қабылдауға ұмтылдыратын деңгейде өтілген материалдарды тексеруге, алған білімнің мәнін түсіндіруге, оның функционалдығына, практикадағы қолданылымына бағытталуы тиіс.
Курстан күтілетін нәтижелер: Оқушылардың математикалық сауаттылығының жоғарылауы, логикалық ойлау қабілетінің дамуы, әр түрлі логикалық есептерді ойлап шығара алуы, қиындығы жоғары есептер шығару арқылы шығармашылық жұмыстану деңгейінің жоғарлауы, емтихан дайындығында математикалық сауаттылық есептерді шығара білу.