Қазіргі өмірдің құзыреттілігі мен талаптары



Дата07.02.2022
өлшемі18,3 Kb.
#83832
Байланысты:
Қазіргі өмірдің құзыреттілігі мен талаптары 20 сәуір тапсырмасы




Қазіргі өмірдің құзыреттілігі мен талаптары
Қазіргі заман ағымына сай білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі десек артық емес.Қазіргі дәуір ғылым мен техниканың, өркениеттің даму заманы.
Заман ағымына сай, өркениетті елдермен терезесі тең болуымыз үшін – бәсекеге қабілетті шәкірт тәрбиелеуіміз қажет. Өзгермелі қоғамның басты күші де –жастар. Қатаң талаптары қалыптасқан экономиканың қай саласында болмасын, бүгінгі маманның құзыреттілігін, өз саласы бойынша ой-пікірінің болуын, өмірдің өзгермелі жағайына бейімділігін, алған біліктілік дағдыларын қажетіне қарай толықтырып отыруын талап етеді. Бір сөзбен айтқанда, қоғам дамыған сайын өмір сүру талаптары да күрделене түседі, яғни адамның өмір сүруге деген көзқарасы өзгереді.Қазіргідей жаһандану жағдайында жастар үшін таптырмас құрал – әлеуметтік желі, ақпарат құралдары, жаңа технологиялар. Осыларды пайдалана отырып кез-келген азамат өзіне құнды ақпараттар ала алады. Мысалы, өздігінен онлайн тіл үйрену, тауарға тапсырыс беру,нарық сұранысына сай өз бизнесін ашу, өзінің ой-пікірін жазу,әлемнің түкпір-түкпірінен дос табу,яғни жаһандану жағдайына ілесе алған адамға кеңістікте шектеу болмайды. Бірақ бұндай жаһандану құбылысының да өз осал жерлері бар. Мәселен егер адам ақпарат көздерін, берілген мүмкіндіктерді өсу,даму мақсатында емес, керсінше пайдаланса, онда ол тек пайдасыз ақпаратқа айналмақ. Негізінен жаһандану жағдайына ену еліміздің экономикасына, іскі және сыртқы саясатына, мәдени құндылықтарының өзгеріске ұшырауына, білім беру жүйесінің реформалануына әсер етеді.
И.М.Сигнатуллин жаһандану идеяларын зерттей келе бірқатар келеңсіз мәселерді атап өтеді: 1. Ұлттың төл мәдениетінен, өзіндік жолынан таюы.
2.Ақпараттық-тілдік теңсіздік пайда болуы.
3.Білімдік теңсіздік пайда болуы.
4.Білім берудің коммерциялануы пайда болады.
5.Халық пен жаһанданушы элита арасында алшақтық тудыру.
6.Тілдер ығыстырылып шығарылады.
7.Қала мен ауылдың инфрақұрылымдарының арасында алшақтық ұлғая түседі.
Жаһандану жағдайы мемлекетер арасында бәселестікті тудырады. Бәсекелестіктің жағымды жағы – өндірістің өркендеуіне, жоқтан барды құрап адамның саналы дамуына ықпал етсе, ал жағымсыз жағы – ел арасында халықаралық деңгейде қақтығыстардың туындауына әкеп соғады. Жаһандану жағдайы қазіргі таңда білім беру жүйесіне қандай өзгерістер әкелді деген сауалға жауап беріп көрсек: Біріншіден, адам баласы үздіксіз білім алу керектігін ұғынды. Екіншіден, жаңа технологияларды меңгеруді және халықаралық деңгейдегі ақпаратты алу кезінде бірнеше тіл меңгеруді түсінді. 21 ғасырдағы өзекті мәселелердің бірі – көптеген мамандықтардың жойылып кету қаупі немесе жаңадан мамандықтың түрін таңдау, игеру бастамасы. Қалай қарасақ та, өзгермелі қоғамның дамуына сәйкес мамандық түрлері де өзгеруі қалыпты құбылыс. Сол себептен білім беру жүйесіне көп өзгерістер талап етеледі және заманауи мұғалім құызерттіліктері де өзгеріске ұшырайды. Мысалы, С.Лейми жаһандық білім берудің мақсаттарын былайша қарастырады:
1.Жаһандық білім беру бағдарламалары өз құндылықтарына сәйкес қарастырылады және сол бағдарламаға қатысушылар өз құндылықтарымен салыстыра отырып, өзіндік көзқарасын, пікірін қалыптастыруы қажет.
2.Жаһандық білім беру тұжырымдамасымен жұмыс атқарушы мұғалім оқу бағдарламасының жетістіктері туралы ақпарат ала отырып, сол ақпаратта идеологиялық компонеттердің бар-жоғын зерделеп анықтап алуы керек.
3.Жаһандық білім беру бағдарламасы мұғалімдерге тарихи оқиғаларды, не болмаса фактілерді талдап, баға беру арқылы өз пікірін қалыптастыруға, соған сәйкес іс-әрекет жасауға мүмкіндік береді.
Демек, С.Лейми тұжырымдамасына сүйенсек, жаһандық білім беру жүйесін басшылыққа алу дегеніміз оны көшіру деген емес. Керсінше өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды, сыртық және ішкі саясатымызды назарға ұстай отырып, оның нәтижелі жақтарына көңіл бөлу, зерделеп ой елегінен өткізу.Сонда ғана білім беру жүйесіндегі тың реформаларымыз өзіміздің ұлттық болмысымызға сәйкес жасалады және ол өз болашағымыздың өркендеуіне үлесін тигізеді.
Қазіргі өмірдің ағымы жастардан - жаһандану үрдісіне бейімделуін, қоғамның экономикалық дамуына өз үлесін қоса алатын саналы азамат болуын, қоғам алдында жауапкершілігінің болуын, әлеуметтік икемді болуын талап етеді. Әрбір жаңаша реформалар дағдарыстан кейін пайда болатыны белгілі. Себебі тығырыққа тірелу - адам баласының ұшқыр ойлау қабілетінің дамуына, өздігінен шешім табуға икемділігін оятады. Қазіргі таңда интернет желісінде осы тақырыпта көптеген мәліметтер, қашықтықтан оқытатын онлайн курстар, бизнеске бағыт платформалары қарастырған. Яғни, кез-келген адам өзінің әлеуметтік шыққан ортасына қарамастан қоғамда сұраныс тудырған мәселе төңірегінде өз ісін бастап кетуіне әбден болады.
Жаһандық білім беру жүйесіне бейімделуіміздің өзі - ұлттық және әлемдік білім беру саясатын басшылыққа ала отырып, жеке тұлғаның даму мүмкінділіктерін кеңейтуге бағытталады. Сол себептен де, әрбір жеке тұлғаның өсіп-өркендеуі, жаһандану құбылысына бейімді болуы мемлекетіміздің экономикалық дамуына, өркениетті елдер қатарына қосылуына әсер етер қозғаушы фактор екенін ескергеніміз дұрыс.


Дереккөздер:

  1. Оразбаева К.О. Жаһандану жағдайында болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. Алматы -2016 ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет