Әлеуметтік сала Ұлыбританияда балалар орталығын құру бойынша пилотты жобалар сәтті енгзілді. Мұндай орталықтар балаларға күндізгі қарау бойынша қызметтер көрсетеді; яслилері бар; ата-аналармен оқу сабақтарын жүргізеді, балалардың мектеп өміріне белсенді қатысады және белсенді және мүдделі ата-аналарды балаларға блім беру және тәрбиелеу сапасын арттыру бойынша мәселелерді шешуге тартады.
Сондай-ақ мектеп ғимараттарын (және бірқатар басқа мекемелер) салуға және жабдықтауға қойылатын талаптар әзірленген. Мысалы, көп қабатты мектептерде әрбір қабат ойындарға арналған құралдар мен орын-жайлармен жабдықталуы тиіс.
Халық саны 1,3 млн. тұрғынды құрайтын, Ресифе (Бразилия) қаласында қаладағы жұмыспен қамту санының өсуіне көмектескен қатты қалдықтарды жинау және жою бйоынша жоба іске асырылды. Жоба бойынша жауапты тұлға тазалақыты сақтауды қамтамасыз ететін және қала инфрақұрылымына қызмет көрсететін Urban Cleaning and Maintenance коммуналық ұйымы тағайындалды.
Жобаны әзірлеу және іске асыурдың себебі, үй шаруашылықтарының өз тіршілік әрекетінің қалдықтарымен өзен бассейндарын ластаудың жоғарғы деңгейі болды. Жоба мақсатына адамдардың қоршаған ортаға қатынасын өзгерту, жергілікті жерлерде қалдықтарды бөлуді ұйымдастыру, оларды одан әрі жою болып табылды. Жобаны іске асырудың екі жылынан кейін өңделетін материалдардың көлемі ұлғайды, өзендік су қоймаларына түсірілетін қатты қалдытар көлемі азайды, өз кезегінде бұл ауыз су сапасының жақсаруына әсер етті.
Халықты экологиялық және гигиеналық оқыту нәтижесінде адамдар қалдықтарды бөлуді үйренді, кейбіреулер үшін бұл табыс көзіне айналды (жинап алып, өңдеуші кәсіпорындарға сату).