XX ғасырдың соңындағы орнықты даму Орнықты даму XX ғасырдың соңындағы жаңа бағдарларды тереңдету арқылы мүмкіндікке ие болды. Американдықтар Д. Нэсбитт пен П. Эбурдин олардың арасында мыналарды атап өтеді:
90-шы жылдардың барысындағы экономикалық жедел даму және жаңа технологиялар;
әлеуметтік реттеу элементтерін ерікті нарықпен үйлесімді қосу;
әмбебап өмір салты және мәдени ұлтжандылық;
приваттық (жекеше) және мемлекеттік дәулеттілік тенденцияларын үйлесімді қосу;
өнердің, көркем мәдени еттің қайта жаңғыруы;
діни өркендеу;
тұлға салтанаты.
Барлық осы бағдарлар негізінен дамыған елдерге тән, сондықтан орнықты даму концепцияларында әр елдің даму деңгейін еске алған жөн. Мәселені зерттеушілердің атап өткеніндей, Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы ұлғайып бара жатқан алшақтық әлемдік өркениеттің түрақтылығына қауіп тудырады. Сондықтан Рио-92 декларациясында нашар дамыған елдердің жалпы кешеуілдеуін тоқтатуға үлкен көңіл бөлінді. Әлем барған сайын жалпы ғаламдық сипатқа ие болып отыр. Жоғарыда аталған құжатта орнықты дамудың мынадай басты алғышарттары аталып өтеді:
адамдық — «үздіксіз дамудың түйінінде адамдар тұруы қажет»;
экологиялық — «қоршаған ортаны қазіргі және келешек ұрпақтар үшін сақтау міндет»;
экономикалық — «даму, тұтыну үшін мұқтаждық»;
әлеуметтік — «кедейлік пен қайыршылықты жеңу»;
құқықтық — «қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдар жүйесін жасау»;
халықаралық ынтымақтастық пен әріптестік — «мемлекеттер мен халықтар арасындағы сүхбатты жаңа деңгейге көтеру» (Ноосфера — устойчивое развитие. — Алматы, 1996. — № 1. — С. 35).
Осы сәтке «дағдарыс» анықтамасы көбірек тән болғанымен, қазақстандық қоғам үшін орнықты даму концепциясының маңызы зор. Аталған дағдарыстан шығу үшін Қазақстан орнықты даму жолына шығуы қажет. Белгілі болғандай, Қазақстан экологиялық қауіпті және төтенше елдер қатарына жатады. Осы мәселені зерттеуші В.Н. Василенконың сараптауы бойынша, «Қазақстан қоршаған ортаны қорғауға арналған ең төмен шығындарды жұмсай отырып (Еуразия елдерінің арасында), планетадағы ең жоғары техногендік биосфераға бағытталған қысымды басынан ұшыратып отыр. Белгілі экологиялық SAIC фирмасының деректері бойынша, Қазақстандағы экологиялық қаржылау жылына бір адамға 20 центті және әр шаршы шақырымға 1.21 АҚШ долларын құрастырады. Неше түрлі азық-түлік, энергетикалық және басқа да мұқтаждықтарды өтеу үшін, әлемдік базарларға шығу мақсатында Қазақстан жыл сайын бір адамға шаққанда 50 тонна табиғат затын өндіреді және технологиялық өңдеуден өткізеді. Олардың арасында қалдықтар 95 пайызын құрастырады және Қазақстан жерінде 19 миллиард тонна өнеркәсіптік қалдықтар қалған әр қазақстандыққа 1 тоннадан артық келеді. Әсіресе қауіпті жағдай елдің демографиялық жағдайында қалыптасқан — халықтың едәуір бөлігін экологиялық себептерден туындаған дерттер қамтыған және — осының салдарынан өмір сүру ұзақтығының орташа көрсеткіші төмендеп келеді. 1990—1995 жылдар арасында ол 68.6-дан 66.1-ге дейін төмендеген» ([5]). Егер жоғарыда аталған факторларға Қазақстандағы экологиялық зардап шеккен төтенше аймақтарын (Арал маңы, Семей полигоны, Байқоңыр космодромы аймағы, далалардың шөлденуі ж.т.б.) қоссақ, онда еліміздегі экологиялық жағдайдың аса қауіптілігі күмән туғызбайды. Сонымен қоса патерналистік ұстанымдағы тоталитарлық ділдің қалдықтарын да ескеру керек. Экологиялық апат себебін тек ғылыми-техникалық прогресс пен халық кедейлігінен іздемей, адамдардың санасындағы мәдени-ізгілік құлдырауды да экономикалық - экологиялық қиындықтарды тудыратынын ұмытпаған жөн. «Ноосфера — Жербесік: Орнықты даму» экологиялық аймағында осыған байланысты төмендегідей пікір айтылады: «Көптеген саясаткерлер, әлеуметтанушылар, заңгерлер мен экономистер, психологтар мен реформаларға қатысты сарапшылардың ортасында, елдің ұлттық мүдделері мен басым бағыттарына қайшы келетін мынадай стереотиптер мен мифтер кездеседі:
Қазақстанның табиғи ресурстарының арзан және таусылмайтындығы туралы;
биосфераның экологиялық заңдылықтарын елемесе де болады;
саясаттағы, құқықтағы, экономикадағы және табиғатты пайдалану технологияларындағы экономикалық талаптарды орындауды кейінге қалдыруға болады;
экологиялық зандар жүйесі ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық приоритетті бөлігіне жатпайды;
қоршаған ортаны қорғауға көп қаржы бөлу — бай және қаржылы елдердің үлесі;
халықтың экологиялық талаптарын мемлекеттік шешім қабылдағанда, онша елемесе де болады» ([6]).
Орнықты даму қалпына түсу үшін Қазақстанның өзіндік тағы бір күрделі мәселесі қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларының өтпелі түрде болуы жатады. Егер дамыған елдер орнықты жеделдеудің 3—4 басым міндеттерін шешетін болса, онда посткеңестік мемлекеттер барлығын қайтадан бастап, түгелдей шешуі керек. Қазақстан жағдайында орнықты дамуды қалыптастыру міндеттеріне мемлекеттің өзінің тікелей қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қолдау, оның территориялық тұтастығын сақтау, этносаралық келісімділікті нығайту, экономиканы қайта құру, демократиялық мемлекет пен азаматтық қоғамды қалыптастыру, рухани жаңғыру ж.т.б. жатады. Орнықты дамуға көшу қоғамдық өзгерістерді, дәстүршілік пен модернизацияны рационалды түрде үйлестіруді талап етеді. Қазіргі тұтас әлемде тек этноорталықтық үлгілерді негізге ала отырып, табысқа жету мүмкін емес. Әсіресе дәстүршілдік, тек өзінің қуаттарына ғана сену, елдің ерекшелігін баса айту бір елді де көркейткен жоқ. Егер бұрынғы жаңғыртулық, модернизациялық бағдарламаларда басты назар ішкі факторларға ғана аударылса және модернизацияны білімді элитаның шығармашылығының нәтижесінде бұқара халық оны дайын күйінде қабылдайды деп түсінілсе (бұқара халық инертті болып келеді және дәстүрлі құндылықтарынан айырылғысы келмейді делінеді), онда қазіргі жағдайда жоғарыдағыға қосымша мынадай факторлар маңызды болып есептеледі: әлемдік геосаяси жағдай, адам құндылықтарының мемлекет егемендігінен кем болмауы, сыртқы экономикалық және қаржылық көмек, халықаралық базарлар мен ақпараттардың ашық болуы, гуманистік құндылық бағдарларының үстемдік етуі. Тек қана элита емес, сонымен бірге әлемдегі озық үлгілермен бұқаралық ақпарат құралдары және жеке сұхбат арқылы таныс қарапайым адамдар да өз өмір қалыптарын заманға сай өзгерткісі келеді. Қазақстанда соңғы жылдары орнықты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған бірнеше стратегиялық және бағдарламалық құжаттар қабылданған. Олардың арасындағы елеулілері: «Қазақстан Республикасындағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету концепциясы», «Экономикасы өтпелі кезендегі елдерде табиғатты пайдалану әрекеттерін жүйелі басқарудың басшылыққа алатын принциптері», XXI ғасырға арналған күн тәртібі: «Өркендеу үшін және Отанды орнықты дамыту». Бұл құжаттарда Қазақстанның жаңа мыңжылдықта демократиялық және гуманистік негіздерде, барлық халықтардың рухани, этикалық, мәдени және басқа да құндылықтарын сақтай отырып, туған табиғатпен үйлесімді болатын орнықты экономикалық жәйе адамдық даму кеңістігіне енгісі келетіндігі жарияланды. Орнықты даму принципі тек экономикалық және экологиялық мәселелермен шектелмейді. Орнықты даму қазіргі әлем мәдениетінің ажырамас маңызды бөлігіне айналып отыр. ЮНЕСКО-ның Париж қаласында 1998 жылы қабылданған құжатында, даму құқығы және оның жүзеге асуы әлем мәдениетін жетілдіруге бағытталған және адам құқықтарын одан қарай тереңдетуге арналған салалардың арасында ерекше орын алады деп атап өтілген.
Қалалық жоспарлау тұрғысынан орнықты даму
Ванкувер (Канада) қаласында жергілікті басқару оргнадары қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге қалық дизайн, әлеуметтік бағдарламалар және т.б. жөнінде шешім қабылдауға қатысудың кең мүмкіншіліктерін ұсынады. Атап айтқанда, Ванкуверде және Канаданың басқа қалаларында олардың ойы бойынша олар тұратынауданның пролемаларын шешетін жерглікті жобаларды әзірлеу және іске асыру үшін қала тұрғындарына ақшалай қаражат бөлу тәжірибесі қолданылады.
Финляндиияда пәтерлерге арналған мемлекеттік жәрдемақылардың екі түрі бар. Біріншілеріне табысы жоғары емес адамдар үміт арта алады. Бұл жәрдемақы пәтерді жалдау шығындарын жабуға арналған. Екінші жәрдемақы түрі пәтерді сатып немесе салу үшін ұсынылады. Ол банк несиесінің пайыздары бойынша жеңілдіктер болып табылады. Егер финн мұндай жәрдемақы түрін пайдалануды шешсе, ол онда өзіне ірі пәтер алуға мүмкіншілігі болмайды. Сонымен бірге ол өз жанұясы үшін сатып алатын немесе салатын, сонымен бірге несие бойынша жеңілдіктерді пайдалануды шешкен адам үшін пәтер көлемін банк белгілдейді. Мемлекет сондай-ақ пәтерді алғашқы рет сатып алатын жастарды несиелік пайыздар бойынша жеңілдіктермен қолдайды.
Бүгін көппәтері үйлерді қайта жаңарту бойынша жобалар ел бойынша іске асырылуда, кейбір кездерге қайта жаңартылуға бүкіл шағын аудандар қойылады.Тұрғын-үй қорын жаңартуға мемлекетте қатысады. Оның көмегі ол банктегі несие бойынша кепіл болып табылады. Үйді күрделі жөндеу үшін жөндеуге қажет шығындардың 80% мөлшерде жеңілдетілген несие алыға болады. Мемлекет қолдануының арқасында 16 жылдық мезімге алуға болатын мұндай несиенің пайыздық өлшемі жылына 3,5% аспайды.
Берлин – автомобильдер емес, тұрғындар мен қонақтар үшін қала, бірақ замануи коммуникациялармен. Берлиннің қала құрылсы тұжырымдамасы (бұрынғы шығыс Германия аумағында) өз күшін дәстүрлі еуропалық қалаларға тән деңгейге дейін құрылыс тығыздығын жоғарлату арқылы «қысқа жолдар қаласын» құруға талпынуда. Бұл кең автотрассаларды «кері салуды» қажет етеді және өмір деңгейі мен қала орталығында болу сапасын арттырады. Бұл тұжырымдаманы іске асырудың мысалы жүздеген жылдар бойында Потсдам алаңы мен Александерплатцты қосатын торап болып саналған Шпителльмаркт ауданын жаңарту болып табылады.
Шпителльмаркт ауданындағы біріккен Берлинге мұраға қалған сегіз жолақтық автокөлік қозғалысын «кері салу» арқылы қысқарту жөнінде шешім қабылданды. Бұл қалалық алаң қала тұрғындары мен қонақтары үшін коммуналдық торап болды.
Біріккен қаланың жүк және жолаушылар тасымалындағы қажеттіктерін қанағатандыру үшін төрт көлік құралын бірыңғай желіге біріктіруге шешім қабылданды: бағдарларының ұзындығы 300 км электричка; желілерінің ұзындығы 167 км болатын метро; ұзындығы 411 км болатын трамвай жолдары, автобус бағдарлары (1855 км). Қайта жаңарту және бағдарлар желілерін кеңейту арқасында Берлин орталығындағы жолаушылар тасымалы 80% муниципалды жолаушы көлігімен, ал 20% - автомобильде іске асырылуы тиіс берлин Сенатының қаулысын іске асыру мүмкін болды. Техникалық инновация ретінде аспалы магнитті «Трансрапид» жолын салу болады (федералды өкімет 2 млрд. еуро қаржы бөлді), оны салу 2005 жылы аяқтаулы тиіс. Бұл жол Гамбург және Берлинді қосады, жол уақыты бір сағаттан кем болады.
Ұлыбританиядағы орнықты және қауіпсіз ғимаратар жөніндегі 2004 жылғы Актіге сәйкес ғимараттар орнықты даму талаптарына сәйкес боуы тиіс, атап айтқанда ғимараттарды салу кезінде экологиялық нормалар сақталуы тиіс, энергия мен суды аз пайдалануға көмектесетін материалдар қолданылуы тиіс.