Қазіргі уақытта шатыр жасау үшін материалдардың келесі түрлері қолданылады



Дата11.12.2023
өлшемі217,46 Kb.
#196210
Байланысты:
лекция9
4 курс тест Педагогика (2) — копия

Шатыр — далалық жағдайларда жеке құрамды, әскери техниканы, медициналық мекемелерді, шеберханаларды және қоймаларды орналастыруға арналған жиналмалы құрылыс. Жорық кезінде немесе әскери жаттығу жағдайларында Шатырды пайдалану ежелгі заманнан келе жатыр. Оларды даярлау үшін әуелде мал терісін, онан кейін әр түрлі маталарды қолданған. Көшпелі халықтар (түркілер, моңғолдар, т.б.) жорық барысында шатыр орнына киізді пайдалана отырып, күтпеген жау шабуылына төтеп беру үшін киіз үйлер мен арба-лашықтарды жазық далада шеңберлей орналастырған (қ. Күрен). Осы тәсілдің аздап өзгерген түрі Еділ қалмақтары мен орыс-казактарында 18 ғасырға дейін сақталған. Қазіргі кезде шатыр жасау үшін арнайы маталар қолданып, қаңқалар, тіреулер, шығырлар, арқан тартпалары арқылы құрастырылады. Шатыр жорықтық, лагерьлік және әмбебап болып бөлінеді. Жорықтық шатыр жаздық және қыстық болып бөлінеді. Қарапайым шатыр сарбаздар мен сержанттардың жабдық-тұрмандарының керек-жарақтары болып келетін бірнеше плащ-шатырлардан тұрады. Лагерьлік шатыр жазғы кезде қолданылады. Әмбебап шатыр жылдың барлық мезгілінде қолданыла береді. Әдетте олардың жылыту қабырғалары мен жылытатын аспаптарды орнатуға арналған құралдары болады. Әмбебап шатырды бөлшектеу арқылы жекелеген шатырлар жасауға болады.[1]

Қазіргі уақытта шатыр жасау үшін материалдардың келесі түрлері қолданылады:

  • Полиэстер

  • Нейлон

  • Тарпаулинг - кейбір шатырлардың түбін жасау үшін пайдаланылды. Ол екі жағынан легирленген, оның балқытылған полиэтилен жолақтарынан жасалынған.

Маталар түрлері

  • Рипстоп (R/S).

  • Тафта (Taffeta).

  • Оксфорд.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет