«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»


ТАБИҒАТ БАЛАНЫҢ СӨЙЛЕУІН ДАМЫТАТЫН БАЙ ҚОЙМА



Pdf көрінісі
бет474/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   466   467   468   469   470   471   472   473   474
Байланысты:
sbornik 2016
физтех, Тарих-и-Рашиди. Книга 1 (Мирза Мухаммад Хайдар.) (z-lib.org)
ТАБИҒАТ БАЛАНЫҢ СӨЙЛЕУІН ДАМЫТАТЫН БАЙ ҚОЙМА 
 
Тулепова О.А. 
№108 "Арман" балабақшасы КМҚК
Қазақ ағартушысы Ы.Алтынсарин өзінің педагог-ағартушылық жолында білім беруді 
кәсіппен, қоршаған ортамен байланыстырып, бала дүниетанымын қалыптастырудың жаңаша 
жолдарын атап көрсетті. Мәселен, балаға кәсіптің құдіретін түсіндіруде жағрафиялық білім 
беруді мақсат тұтып, туған өлкесінің табиғатын, оның құбылыстарын білгізуден бастап, әрі 
қарай кеңейте берудің мәнін айқындап берген. Ал, ағартушы А. Құнанбаев қара сөздеріндегі 
философиялық ой пікірлерімен білдіріп, оған байланысты ғылыми тұжырымдарын да 
танытады. Абай атамыз өз өлеңінде табиғат пен адам өмірін, тіршілігін ажырамайтын, бөліп 
қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырған. Ол адам баласына байлық 
беріліп, таусылмас азық болып отырғанын көрсете келіп, "Кім өзіне махаббат қылса, сен де 
оған махаббат қылмағың парыз",- деп өскелең ұрпақты табиғат ананы сүйе білуге үндейді. 
Сол сияқты осы ұлы педагогтарымыздың айтқандары менің педагогикалық 
идеяларымның негізі болып табылады. Қазіргі таңдағы күрделі мәселелердің бірі мектепке 
дейінгі жастағы балалардың тілі шықпай, я дұрыс сөйлей алмайтын балалар саны жыл сайын 
артып барады. Өкінішке орай, көргенін, есіткендерін, не сезінетіндерін байланыстырып 
дұрыс сөйлей білу балалар үшін қиынға соғатынын балалардың сөйлеуінен білеміз. Чех 
педагогы Я.А.Комеский жазған: "Оқытуды ауызша талқылаумен емес, қоршаған ортаны 
нақты бақылау үстінде жүргізу керек " , ал Швейцар педагогы И.Г.Песталоцци, қоршаған 
ортаны бақылауды қалыптастыру балаларды нақты мәліметтерді жинауға көмектесе келе 
балалардың сөйлеу қабілеттерін дамытатынын айтқандай, табиғат - балалардың 
интелектуалдығын, адамгершілігін және сөйлеуін дамытатын бай қоймасы. Ол өзінің алуан 
түрлілігімен, сұлулығымен қарқындығымен балаларды өзіне тартады, сонымен қатар 
балаларды көптеген қуанышты сезімдерге бөлейді, танымдық қабілеттерін дамытады. 
Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете алмаймыз. 
Балалармен жұмыс істеу барысында ұйымдастырылған оқу қызметі өтілетін бөлме ғана емес, 
сонымен қатар мекеме орналасқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты 
өмірден өз көздерімен көре отырып, оның өмірімен байланысын сезіне білсе, онда олар 
сұлулықтың бар екеніне сенеді. Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу 
барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбетене білуге 
үйретудің маңызы зор. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, 
оларды күтіп баптаудың жолдарын үйрете отырып, табиғат анамызды аялай білуге тәрбиелеу 
керек. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру 
ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Балаларды, мысалы "Асхана","Әтеш пен 
тауық" (табиғи және қалдық материалдармен жұмыс), "Бәйшешек гүлі", "Көбелек", "Жеміс- 
жидекке арналған себет" (қағаздан құрастырулар) тағы сондай сияқты тақырыптарда табиғи 
материалдармен жұмыс атқарудың тәсілдеріне инновациялық технологиялардың 
формаларын пайдаланып оқыту жолында біз тәрбиешілер көп еңбек етуіміз керек. Әрине 


999 
999 
балаларды табиғатты жақсылап танып біліп, ойлау мен сөйлеу қабілеттерін дамытуда қазіргі 
замандық ақпараттық технологияның маңызы өте зор. 
Балаларға білім беру және тәрбиелеу қызметінде жаңашыл технологияларды 
пайдалануымыздың өзіндік мақсаты бар. 
Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда инновациалық технологияларды пайдалануға 
жағдай жасау, кәсіби қызметкерлердің білімін, біліктілігін дағдыларын қолдану.
Міндеттері: педагогтардың кәсіби мәдениеттерін арттыру үшін инновациялық 
технологияларды енгізу.
Мектеп жасына дейінгі ұйымдардағы қазіргі замандық технология мыналарды қамтиды: 
1. Білім беру процессінде денсаулық сақтау технологиясы; 
2. Пәндік-дамытушы ортаны жасау; 
3. Жобалау-зерттеу қызметтері; 
4. Ойын технологиялар; 
5.Инновациялық технологияларды пайдалана отырып тәрбиешілердің жұмыс 
тәжірибесін қорыту. 
Мектеп жасына дейінгі балаларды инновациялық технологияны пайдалана отырып 
тәрбиелеу формасы мыналар: 
1. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдалана отырып тікелей білім қызметі: 
компьютерлік техника, ұялы телефонды пайдаланып, интерактивтік тақта арқылы,слайдтар 
презентациялар тамашалату ("Қысқы орманға саяхат", "Зообаққа саяхат", "Алтын күз" 
"Біздің еліміздің жануарлары" т.б. 
2. Саяхаттар: мезгілдік саяхаттар "Күз бояулары", "Аязды шілтелер", "Көңілді тамшы" 
3. Өзіндік қызмет:"Атам-әжем ауылында", "Менің сүйікті балабақшам", "Ертегілер 
әлемінде" 
4. Үйірмелер мен байқаулар: "Табиғат қорғаушылары", "Ақылдылар" үйірмелер, 
"Табиғатты жырлаймын" тақрыбында өлеңдер жатқа айту байқауы, "Күзгі шеберхана", 
"Жазғы демалыста" (ата-анасымен бірлесе жасап келген қолөнері туралы әңгімелеп беру) 
Мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас 
жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге 
шығармашылық қиялын, көркемдік талғамын дамыта келе, оны қорғай, аялай білуге де 
тәрбиелейміз.Тәрбиеші - педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялық тәрбие 
берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялық ақпараттар және арнайы 
материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу 
тәсілдерін қолдана білуі керек.Адам өмірі табиғат аясында өтетіндіктен, ол табиғаттың 
тылсым тынысын, ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Тіпті айналадағы ортаның, 
табиғаттың сұлу да әсем көріністері жас нәрестені де қызықтыратыны, таңдандыратыны 
бекер ме? Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткіншектің туған табиғат әлемінің 
саналуан сырларын ұғынуына, тереңдеп түсінуіне ерте заманнын өзінде-ақ ұлағатты 
тәлімгерлер зер сала көңіл бөлген. Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық 
мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:
1. мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын 
құру;
2.балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға 
көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;


1000 
1000 
3. жан- жануарларды күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар 
ұйымдастыру;
4. сабақта көркем құралдарды,әдістемелік және материалдық құралдарды, ойындарды, 
ойыншықтарды,түрлі ертегілер кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану;
5. педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру қажет.
Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, 
жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ 
балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы 
рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде де үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды 
мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар 
үшін табиғат – бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. 
Бұл – балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. 
Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. 
Қорыта келгенде, жоғарыда айтып өткенімдей біз балаларды табиғатпен жақынырақ 
жан-жақты таныстыру арқылы, түрлі ұйымдастырылған оқу қызметтерінде және өзіндік 
қызметтерінде ойлауы мен сөйлеуін дамыту үшін жаңашыл технологияларды пайдалана 
отырып іске асырсақ балаларға берген біліміміз сапалы да саналы болмақ. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Мектеп жасына дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған 
"Зерек бала" бағдарламасы. Астана 2010ж. 
2. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту типтік оқу бағдарламасы. ҚР Білім 
және ғылым Министрі. 12.08.2016ж. №499 
3.Саморукова П.Г. Как познокомить дошкольников с природой.- М. Просвещение, 1983. 
-318с. 
4. Федосева Т.Г. Организация деятельности уголка. - Волгоград: Корицей, 2009. -298с. 
5. 
Жұмабаев 
М. 
Педагогика 

М. 
Жұмабаев– 
А.: 
Рауан,1993 
6. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030/ Назарбаев Н.Ә. – А.: 1997 
7. Л.А. Каменова, Н.Н. Кондратьева, Л.М. Маневцева, Е.Ф. Терентьева Методика 
ознакомления детей с природой в детском саду. 
8. Ж.Р.Саятова, А.Т. Қазыбаева, Ж.Қ.Рахымбаева "Құрастыру" Әдістемелік құрал. 
Арман-ПВ баспасы. 
ТӘРБИЕЛЕУ ӨНЕРІ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ӨНЕРІ 
 
Кабылбекова Б.Ш. 
Қарағанды қаласы, КМҚК «Толағай» балабақшасы 
 
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен 
тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала – біздің 
болашағымыз. Олай болса, балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің 
де жарқын болашағының кепілі. Ол-үздіксіз білім 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   466   467   468   469   470   471   472   473   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет