«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



Pdf көрінісі
бет9/474
Дата17.06.2023
өлшемі13,05 Mb.
#178901
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   474
Байланысты:
sbornik 2016
физтех, Тарих-и-Рашиди. Книга 1 (Мирза Мухаммад Хайдар.) (z-lib.org)
Пaйдaлaнылғaн әдебиеттер тізімі: 
1 Жұмағұлов С. Ғ.Қараш шығармашылығы: Оқу-әдістемелік құралы. – Қарағанды: 
ҚарМУ, 2005. – 120 б. 
2 Кенжәлиев И. Ғұмар Қараш. – Орал, 2004. 
3 «Ұрaн» газеті. 1917-1918. – Орал: Жайық Пресс, 2014. – 400 б. 
4 Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің архивіндегі М.Ысмағұлов 
фонды. 9083/1, № 46-іс. – 212 б. 
5 Сейфуллин С. Көп томдық шығaрмaлaр жинaғының І томы. Тaр жол, тaйғaқ кешу. 
1927 жыл. Ромaн-эссе. – Aлмaты: Қaзығұрт, 2004. – 456 б. 
6 Тәж-Мұрaт М. Кәбисa жыл (зерттеулер, эсселер, әдеби толғaмдaр). – Aстaнa: 
Хұсниaт, 2009. – 400 б. 
7 Жaқып Б. Мұхтaр Әуезов – публицист. – Aлмaты: Aнa тілі, 1997. – 176 б. 
8 Торайғыров С. Дүние дөңгелегі айналады. Таңдамалы. – Алматы: Халықаралық 
Абай клубы, 2009. – 356 б. 
9 «Қaзaқ» гaзеті. – Aлмaты: «Қaзaқ энциклопедиясы» Бaс редaкциясы, 1998. – 560 б. 
 
 
 
 


32 
32 
12
ЖЫЛДЫҚ
БІЛІМ
БЕРУ
ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ
БАСТАУЫШ
СЫНЫП 
МҰҒАЛІМІНІҢ
МОДЕЛІ 
 
Ербосын Гүлдана Ермұханқызы 
Астана қаласы, Гуманитарлық колледж 
Ғылыми жетекшісі: Қалыбекова Э.С. 
 
«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң 
қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» 
Сократ 
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 
Жолдауында «Бәсеке басы білім, ел басқаратын болашақ жастардың білімділігі мен 
біліктілігінде» деген. Ендеше, ұстаздар қауымы ел басқаратын болашақ жастардың білімін 
қамтамасыз ету керек. Сондықтан да мектептегі оқу үрдісінің барысы әр түрлі педагогикалық 
әдіс - тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып, 
ғылыми
көзқарасы мен белсенділігін
арттырады. 
Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр 
боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап 
етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының 
алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты 
мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және 
кәсібилікті талап етеді. 
Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік 
білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу - тәрбие 
үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім негізі бастауыш мектепте 
берілетіні анық. Сондықтан да бастауыш сынып мұғалімі бағдарлама көлемінде ғана білім 
беріп қоймай, пәндер арқылы баланың жан - жақты дамуын қамтамасыз етуі керек. Күн 
тәртібінде қойылып отырған күрделі мәселелердің ішінде жас ұрпаққа білім беруді әлемдік 
деңгейге жеткізу үлкен орын алады. Сондай қоғамдағы түрлі бағыттағы өзгерістердің бірі - 
12 жылдық оқыту моделі. Кезінде Елбасы «21 ғасырда білімін дамыта алмаған елдің 
тығырыққа тірелері анық» деп айтқан болатын. Егемен еліміздің әлемдік білім кеңістігіне 
кірігуі, Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуі, білім беру 
жүйесіндегі қазіргі уақытта болып жатырған соны өзгерістердің көрінісі болып отыр. 
Қазіргі кезде Еуропа кеңесінің (1992) Декларациясына сәйкес 12 жылдық білім беру 
жүйесіне дүниежүзінің 138 жуық мемлекеттері енген. Олардың ішіне дамыған елдерден 
АҚШ, Жапония, Германия, Франция және т. б. кіреді. ТМД елдерінен 12 жылдық орта білім 
беру мерзімін Өзбекстан, Латвия, Литва, Эстония, Украина, Молдова таңдады. Қазақстан 12 
жылдық білім кеңістігіне енді ғана еніп жатыр.
Бұл жүйенің басты мақсаты - жүйені ашық, заман талабына сай негізде дамыту. 
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі 
жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал 
ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты 
талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, 
терең білімділік, кәсіби шеберлік.
Білім беру жүйесіндегі өзгерістерді талап ететін әлемдік дамудың негізгі үрдістері: 
қоғам дамуының қарқындылығы; постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу; 
мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі; халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде 
шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы; қоғамның демократиялануы; 
экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өршуі; адам капиталы мәнінің артуы. 
Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде білім беру философиясы мен 


33 
33 
әдіснамасының жаңаруы, білім беру мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру жүйесінде 
жетілдірілген үлгілердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдері ұсынылып отыр. 
Сонымен қатар 12 жылдық білім беруге көшу төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөледі:

жаңа білім технологияларының енгізілуі; 

оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық 
белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы 
білім беру моделіне көшуі;

терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы; 

-оқушы 
жастарға 
азаматтық-патриоттық, 
рухани-адамгершілік, 
көп 
мәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру рөлінің 
күшейтілуі; 

-өмірлік бағдар ретінде адам бойындағы құндылықтарға қажет жағдайда түзету 
енгізу және жаңадан жасау; 

білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы. 
Демек, 12 жылдық білім берудің мақсаты қоғамның мүддесіне өзін өзі белсенді етуге 
дайын, жаңа өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту 
және қалыптастыру. 
12 жылдық мектепке ауысу бірқатар мәселелердің шешілуін талап етеді: 
1.Бұл өзгерістің экономикалық негізделуі; 
2.Бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етілуі (мемлекеттік стандарт, жаңа 
кітаптар); 
3.Жаңа жүйеге лайық мұғалімдер даярлау, мұғалімдерді қайта даярлау жүйесін 
жетілдіру; 
4.Жалпы және орта білім беру мектебінде нормативті-құқықтық базаның жетілдірілуі; 
5.Санитарлық-гигиеналық нормалар және негізгі ережелеріне өзгерістер енгізу; 
6.Мектепке дейінгі, бастауыш, орта жалпы және жоғары бейіндік білім беруде 
сабақтастықтың болуы; 
7.Білім саласын елдің тарихи дәстүріне, мәдениетіне бейімдеу.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап 
келеміз»,- деген сөзі жай айтыла салған жоқ. Еліміздің болашағы мен көркеюі, өркениетті 
елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың 
бойындағы іскерлік пен қабілеттерін ашу және шығармашылыққа баулу мәселесі туындайды. 
Онсыз мектептің инновациялық үдеріс сатысынан өтпей дамуы мүмкін емес екеніне көзіміз 
жетіп отыр. Себебі, мектеп келешек ел басқарар, жер - суына иелік етер, ел - халқын 
гүлдендірер, мерейін өсірер жасампаз жандарды шыңдар бірегей
орта, киелі орын
екенін
білеміз. 
Еліміздің ертеңгі болашағы - бүгінгі мектеп қабырғасынан алған білім нәрімен 
сусындаған оқушы. Ал білім негізі бастауыш сыныптан бастап қаланатыны бәрімізге белгілі. 
Сондықтан қазіргі таңда оқушыларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру өзекті 
мәселелердің бірі болып отыр. Оқушылардың өз - өзіне сенімін арттыру, олардың 
шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу - материалдарын терең ұғына білуге баулу, 
ой - өрісін дамытатындай логикалық ой тастау - мұғалімнің шеберлігіне байланысты. 
Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: 
Өзінің және қоғамның мүддесіне өзін - өзі белсенді етуге дайындау, өзгермелі даму 
үстіндегі ортада өмір сүруге бейімдеу, бәсекеге қабілетті және шығармашыл, білімді 
тұлғаны дамыту және
қалыптастыру. 
Міндеті: 
1.Баланы өзіне жақын
тарту. 
2.Оқушының жан – жақты дамуы. 
3.Өз пікірі мен ойын ашық жеткізуі. 


34 
34 
4.Келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуы 
5. Шығармашылық әлеуетін толық іске асыруы. 
Бастауыш мектеп – бұл жалпы білім беретін мектептің оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, 
дамыту және өзін - өзі іске асыруына қолайлы жағдай туғызатын негізгі буыны. Сондықтан 
мектептегі тұтас педагогикалық үрдісі заман талаптарын қанағаттандыратындай деңгейде 
ұйымдастырылуы, ғылыми негізделуі және әдістемелік қамтамасыз етілуі тиіс. Жалпы білім 
берудің ірге тасы болып саналатын бұл буынның өзіндік ерекшелігі, мәні мен маңызы зор. 
Білім беру саласындағы өзгерістер де алдымен бастауыш сатыдан басталады. Осы аталған оң 
өзгерістерді жүзеге асыру үшін бастауыш сынып мұғалімі сол білімдермен өзі қаруланған 
болуы тиіс. 
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар 
арасындағы қарым – қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды 
қалыптастыруды көздеген
заман талабы. 
12 жылдық білім мазмұнының негізгі мақсаты қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі 
қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай - ақ қоғам пайдасына қарай өзін - өзі 
толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге 
қабілетті
тұлғаны
қалыптастыру. 
12 жылдық білім берудің басты ерекшелігі – баланың жан - жақты дамуына, өз пікірі 
мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық 
іске асыруына ықпал ететін, өзін - өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын 
болуға, саяси өмірге араласуға
мүмкіндік береді. 
12 жылдық білім беру жүйесінде білім мазмұнын түбегейлі жаңартумен қатар, 
оқытудың тың әдістемесін дүниеге әкелетін, құнды идеялардан туындайтын жаңа оқыту 
технологияларын енізуді
талап етеді. 
12 жылдық білім беру жүйесінде білім беруді ұйымдастырудағы Халық педагогикасын, салт 
– дәстүрін, әдет – ғұрыптарды жан – жақты, терең білетін 12 жылдыққа көшу мәселесі – біздің 
еліміздің, ұлттық өнеріміздің, нұрлы болашағымыздың мәселесі. Біздің мемлекетіміздің 
бүгінгі жайы, ертеңгі даму көкжиектері Қазақстан Республикасының тұтастай даму 
болашағын 
айқындайтын 
бірден 
– 
бір 
фактор 
деуге 
болады. 
А.Байтұрсынов: 
«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. 
Яғни мұғалім білімді болса, білім біліп шықпақшы. Сондай болған соң, ең әуелі мектепке 
керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім.» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   474




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет