Қазіргі таңда білім беру жүйесінде білімдендіру технологиялары ретінде кредиттік; қашықтан оқыту технологияларын айтуға болады. "Білімдендіру технологиясы" өз тарапында білім беру жүйесін жетілдіру және жаһандану процесіне енуге ыңғайлы, тиімді болуымен сипатталады. "Технология" (грек тілінен аударғанда techne - өнер, шебрлік, жасай алу және logos – білім) - өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы материалдарды немесе жасалған заттарды т.б. өңдеу немесе қайта өңдеу, қабылдаудың сәйкестігі және алу тәсілдері; осындай қабылдаулар мен тәсілдерді жасайтын және жетілдіретін ғылыми тәртіп. Сонымен қатар, өндірістік процестің негізі болып табылатын өндіру, өңдеу, қайта өңдеу, тасымалдау, сақтау операцияларын да технология деп атайды. Қазіргі заманғы технологияның құрамына өндірістің техникалық басқаруы да кіреді. Өндірістік процестің бейнесі, оның орындалу барысындағы құрылымы, технологиялық ережелер, талаптар, карталар, графиктер және т.б. технология деп атауға болады.