74
9. Жаратушы Ие бүкіл жердің тілін араластырып жіберген орынға Бабыл атауы
берілді, сол жерден Жаратқан Ие оларды бүкіл жер бетіне шашыратып жіберді.
Біз даусыз санайтын осы дереккөзде, ілкі адамзатқа ортақ тіл иелерінің мекендеу
аймағы да көрсетілген (11/2 айат). 9-ншы айатта Жаратушы Ие, ортақ тілділерді, кеңесіп
шешім қабылдау мүмкіндігінен ажырату үшін таратады. Зәулім құрылысты – адамдардың
Жаратқанға жақын баруынан қорқып жойып жібереді. Ілкі тіл Иелері, елді бытыратқаннан
кейін Бабыл (11/9) аталған аймақтан шығыста қалды. Олар, әрине түрік тілді көшпелілер.
Сондықтан да олар келіп қоныстанған мекен, екінші айат бойынша Қос өзен аралығындағы
жазықтық. Атауы - Сенаа́р, немесе Шинар (көне еврейше. רָעְנ ִׁש Šin`ar – Шын-ар) – Арийлер
елі. Осы тұрғыдан мысалға келтірілген арғықазақтық жыр үлгісіндегі көтеріңкі пафос
тыңдаушыға Мысырлықтардың жеңімпаз рухынан көрі Азиялық Даайлардың үрей ұшырған
құдыреттілігінен көбірек белгі береді. Мысыр тарапынан бұл жырлар «армандау», Ра
құдайынан осы айтқан тілектеріне қолдау сұрау» дұғасы мәтіні. Осы сияқты мысыр
әдебиетіндегі екі жолдық қосарлы ұйқастардың тағы бірінде «Хеттер халқы елі» туралы да
осы байбаламға ұқсас жыр жолдары бар.
«Страна народа хеттов пронзена о сердца
и стала грудой трупов»
«Хеттер халқы, жүрегінен шаншылды,
Өліктері үйінді боп шашылды
Мәтін аудармасы мәні - шаншылғай., шашылса-ай баламаларына сұранып тұр. Белгілі
жазба тарихта III Тутмос та, өзге перғауындар да Хеттердің кіші азияның кіндік ортасында
орналасқан астанасы Хаттусасқа аяқ баса алған жоқ. Тіпті Хетт халқының өздерімен
арадағы шекарасына да жақындай алған жоқ. Сондықтанда Кіші Азияда: ««Тұранның ең
күшті тайпасы Даайлар - бұл аймақтың үш ірі көшпелілер руының тайпалық одағы болды,
оны кейде сақтар немесе массагеттер деп атады», деген ұғым қалыптасты. Орхон-Енесай
(Күлтегін) және Оғызнама жырлары да, әлемдік көне руналық жырлардың егіз сыңары
сияқты. Оғызнаманың дүниеге келу уақыты туралы төрелік жасау үшін кезекті екі эпостың
өздеріне берелік, Біріншіден, шумақтың өзара жалғасуына назар аударыңыз! Екі жырда да
хабарлы сөйлем екіге бөлініп, бірдей ұйқасы, екпіні, өз тіркесінен ажыратылып жаңа жолға,
тіпті жаңа шумаққа алмастырылады. Егер, тыңдап қарасаңыздар, жыршы, ұйқасты үзіп, сәл
кідіріп, тыңдаушысын өзіне қаратып алады да, өктем дауыспен, жаңа жолда қорытынды
хабарын жеткізеді.
Күлтегін
19.
...Жер-су
Достарыңызбен бөлісу: