«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»



Pdf көрінісі
бет61/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

 
алаш зиялылары
 
баса назар аударған тәрбиенің білім 
беруде басты орында тұратындығы мәселесінен «Өзін-өзі тану» – рухани жаңғыру 
бағытында ұлттық сипаттағы білім беру стратегиясын қалыптастыруға мүмкіндік беретін 
пәні екендігі көрінеді. Себебі, пәннің өзекті міндеті етіп адамзат атаулының бақытты өмір 
сүруге толық қақылы екендігі, өзіңді тану арқылы өзгелердің жанын түсіну, кез келген 
тұлғаның қуаныш үшін жаралғандығын, әрбір ұлт өзінің ұлттық құндылықтарын меңгере 


105 
отырып, Адам деген ардақты атқа лайық болуын сәби шағынан түйсігіне түйіп өсуін 
көздейтіндігі жататындығын ескеруінде.
Пәннің ең ұтымды тұсы – әрбір тұлғаның шығармашылық белсенділігін ескеріп
интелектуалдық әлеуетін арттыру бағытында ұлттық құндылықтармен тәрбиелеу 
бағдаршамы болуында және осы құндылықтардың қазақ халқына тән қасиеттер екендігін 
баса ескеруінде. Халқымыздың қанымен сіңген асыл қасиеттердің «Өзін-өзі тану» пәнінің 
мақсат-міндеттерінен жатсынбай, жатырқамай көрініс табатындығын Елбасымыз 
Н.Ә.Назарбаевтың пікіріндегі: «Сұхбаттасқан адамының жан-дүниесін тануға деген 
құлшыныс, оның ой-сезіміне деген құлықтылық, әсіресе, сырласының жүрек түкпіріндегі 
мұң-сырға ортақтасуға бейім тұру – әрбір қазақтың қарапайым қатынасынан бастап барша 
болмысына дейін айқын көрініс тауып отырады. 
Өзгенің талғам-танымы көңілге қонбай жатса да түсіністікпен қарауға бейім. Өзгенің 
дүниетанымын, құндылықтарды тануын сергек сезімталдықпен түсіну – қазақ болмысының 
аяулы қасиеті. Мұның өзі қазіргідей қарқынды өмір ахуалына бейімделе білудің қажеттілігі 
туындап отырған заманда айрықша мәнді» [2,30], - деген ой тізбектерімен нақтылай түскен 
жөн. Осы ойымызды айқындай түсу мақсатында педагог, ғалым Ә.Табылдиевтің қазақ 
халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәні баяндалған «Қазақ 
этнопедагогикасы еңбегінде»: «Текті білу дәстүрі ататекке байланысты туыстық 
қатынастарды әдептілікпен, имандылықпен орындай отырып, одан әрі дамытып, жекжат-
жұрағаттармен, отандастармен, жалпы адам баласымен халық қалыптастырған адамгершілік 
қатынастардың болуын уағыздайды» [3, 108], - деген пікірін келтірген орынды. 
«Өзін-өзі тану» пәнінде жақсы ескеріліп, ерекше мән берілетін мәселелердің 
маңыздысы жеті ата, тек, туыстық қарым-қатынас атауларының «Көшпелі қазақтың өз 
шыққан тегін және рулық байланыстарын міндетті түрде білуі шарт. Бұл бүкіл ұлттың әрбір 
мүшесі үшін моральдық-этикалық қағидаға айналған. Мұның бәрі біздің тарихымыздың 
ежелден бергі қасиеттері. Сондықтан да, жеті аталық ұстаным қазақ халқының 
этнобиологиялық, этномәдени, жалпы рухани тұтастығын табиғи түрде қамтамасыз етіп 
отырған» [2, 35], – деп қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән бере назар 
аудартуының себебі де осыдан туындап отыр. 
Сондай-ақ, ғалымдар Т.Ғабитов, Қ.Затовтың «Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі» 
атты қазақ мәдениетінің рухани, этикалық, діни және әлеуметтік құндылықтарына мәдени-
философиялық тұрғыдан талдау жасаған ғылыми еңбегіндегі: «Қазақ әдебіндегі жиі 
қолданылатын кісілік құндылықтың бірі – тектілік. Бұл ұғым ортағасырлық түркі 
философиясында да жан-жақты қарастырылған. (Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн және т.б.). 
Дәстүрлі қазақ мәдениетінде тектілік рулық және генетикалық қатынастардың басым 
мүдделілігін білдіреді. Тектіліктің нақты тарихи формасына жеті аталық үрдіс жатады. 
Қазақтың «жеті атасының атын білген бала, жеті рулы елдің қамын жейді» деген нақыл сөзі 
бар. Жеті аталық үрдісті әдебиетте инцестке тыйым салудың дәйекті түрі десе, көптеген 
зерттеушілер жеті аталық үрдісті «туысқандық қоғамның» айқын көрінісі деп қарастырады» 
[4,178], - деп пікір қорытуын негізге ала отырып, «Өзін-өзі тану» пәнінің бағдарламасы 
мазмұнына тұтас тарихты, мәдениетті сыйдырғандығын байқаймыз. Тәрбие берудің көрнекі 
құралдары осы айтылған атаулар аясында өз тақырыбын толық аша алатын мәреге жетпек. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» // Егемен Қазақстан. 12 сәуір, 
2017 жыл. 
2. Назарбаев. Н.Ә. Тарих толқынында.-Алматы, 1999. – 296 б. 
3. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы.\Оқу құралы\. – Алматы: «Санат», 2001. – 
320б.108 б. 
4. Ғабитов Т., Затов. Қ.Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. – Алматы, «Қазақ 
университеті» /Оқу құралы/ 2012, – 382 б. 


106 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет