«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»


ПРОФЕССОР ҒҰБАЙДОЛЛА АЙДАРОВТЫҢ ТІЛТАНЫМДЫҚ МҰРАСЫ



Pdf көрінісі
бет7/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

ПРОФЕССОР ҒҰБАЙДОЛЛА АЙДАРОВТЫҢ ТІЛТАНЫМДЫҚ МҰРАСЫ: 
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ 
 
Фазылжан Анар 
филол.ғ.к., Ахмет Байтұрсынұлы атындағы 
Тіл білімі институтының директоры
Алматы, Қазақстан
 
Отандық қана емес, әлемдік түркітануда ойып орын алған қазақ ғалымы, филология 
ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер 
Ғұбайдолла Айдаровтың ғылыми мұрасы дегенде ерекше атап өтетін іргелі еңбектері 
мынадай: 
• 
«Язык Орхонского памятника Бильге-кагана» (1966),
• 
«VIII ғасырдағы көне түркі жазулы Орхон ескерткіштерінің тілі» (1971),
• 
«Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» (1986),
• 
«Орхон ескерткіштерінің тексті» (1990), 
• 
«Көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі» (1991),
• 
«Күлтегін ескерткішінің тілі» (1995)
• 
«Көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі» (1991),
• 
«Күлтегін ескерткішінің тілі» (1995),
• 
«Білге қаған ескерткішінің тілі» (1996). 
Э.Н. Наджип: «Мы особое внимание уделяем исследованиям Г. Айдарова потому, что 
он является фактически первым казахским ученым, который проложил путь в Казахстане к 
этой отрасли филологической науки» деп, Ғ.Айдаровтың елімізде Орхон-Енисей жазба 
мұраларын зерттеуде тыңнан түрен салған ерен еңбегін жоғары бағалайды. Аталған еңбегінің 
қайсысы болса да, өзі туған кезеңнің ғана емес, болашақ ұрпақтың талайының өз мәдениетін, 
терең тарихын тануына септігін тигізетін құнды дүниелік. Оның сыртында түркітанушылық 
зерттеу жүргізем деген кез келген маман үшін бастапқы сауатын ашатын, түркілік руна 
жазуының қыр-сырымен қоса, ататүркілік сөздік қордың мағынасынан да мазмұнды дерек 
беретін құнды зерттеулер.
Профессор Ғ.Айдаровтың ғылыми шығармашылығы дәуірінде, яғни Кеңестік 
тоталитарлық жүйенің дәурені жүріп тұрған кезде бұл еңбектер қазақ қоғамында, зиялы 
қауым ортасында, керек десеңіз жалпытүркілік ғылыми қауымдастықта ұлттық рухтың, 
жалпытүркілік бірегейліктің сақталуына, күшеюіне әсер еткен зор зияткерлік өнімдер болды.
Ал бүгінгі күні отандық және түркітілдес зияткерлер арасында ғалымның мұрасына 
деген сұраныс артпаса кеміп отырған жоқ. Бірақ оларға деген мұқтаждық қазіргі 
жаһанданған қоғамның жаңаша ізденістерінен туындап отыр. 
Жаһандану бар жерде ұлттану болады, олай болса, Кеңестік жүйе құлағаннан кейін 
тәуелсіздігін алған түркітілдес елдер өз ұлттық бірегейлігін күшейтуді ойластыруы, соған 
күш жұмсауы заңды. Осы мәселеде ұлттық бірегейлік өркениеттік бірегейлік бесігінде 
дамитынына көз жеткізген зиялы қауым ортақ түркілік дүниеліктерге ұлттық тамырын іздеп 
барлау жасауды жаңғыртты. Әр тұстан көне түркілік жазба ескерткіштеріне қазіргі 
түркітілдес ұлттың бірі ғана мұрагер болу құқығы бар деген жалаң пікірлер де аз естілмеді.
Түркі дүниесіне ортақ ұлы мұралардың заңды мұрагерін анықтау тек қана ғылыми 
жолмен, жан-жақты эмпирикалық материал жинаумен, оны жүйелеп, зерттеп, қорытумен, 
бұлтартпас аргументтер келтірумен ғана жүзеге асырылуы керек. Міне, осы аспектіде 
профессор Ғ.Айдаровтың еңбектері бүгінде жаңа мақсатта қайта қаралып, тың мәселеде 
қолданыс табуы керек деп санаймыз. 
Осы тұрғыдан алғанда ғалымның ізденістері мынадай арналарда көптеген мәселеге 
сәуле түсірері анық: 
• 
қазақ тілінің тарихы; 
• 
қазақ тілінің тарихындағы кезеңдердің ерекшелігі; 


23 
• 
қазақ жазуының тарихы; 
• 
көне түркі ескерткіштерінің тіліндегі қыпшақтекті элементтер; 
• 
көне түркі ескерткіштері тілінің ұлттық тілдерге қатысы; 
• 
қазақ тілінің тарихи фонетикасы; 
• 
қазақ тілінің тарихи грамматикасы 
• 
қазақ тілінің тарихи лексикасы; 
• 
қазіргі қазақ тіліндегі түркі-монғол параллельдері; 
• 
көне түркі ескерткіштері жазуының графикалық (фонологиялық) талданымы; 
• 
қазақ жазуының тарихы; 
• 
қазақтілді санадағы «жазу» концептісі
• 
ұлттық жазба тілдің қалыптасы тарихы. 
Ғалымның ғылыми мұрасымен қоса қазіргі кезде кез келген тілтанушыға қажет 
тұлғалық қасиетіне де ерекше мән беріп, ұқсап бағу керек. Ол Ғ.Айдаровтың көптілді тұлға 
болуы. Ғалым өз ана тілінен бөлек, әзербайжан, түркімен, түрік, өзбек, орыс тілдерінде 
шешен сөйлеген. Қатарластары Ғ.Айдаровтың он тілді жетік меңгерген деп көрсетеді. 
Ғ.Айдаровтың осы қасиеті болашақ отандық түркітанушы үшін эталон болу керек деп 
санаймыз. Ол үшін Түркі Академиясы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан құрылған 
Түркологиялық орталық, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі Түркология 
кафедрасы және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Тіл тарихы және 
түркітану бөліміне, сол сияқты еліміздің ЖОО, ғылыми орталықтарында түркітанушылық 
ізденістермен айналысатын мамандарға күш біріктіріп, бірнеше түркі тілін меңгерген, әрі 
осы тілдік білімдерін түркітанушылық зерттеулерінде тиімді қолдана алатын жас 
түркітанушылар даярлау ісін кешіктірмей қолға алу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   85




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет