«Қазіргі заманғы түркологияның Ғылыми даму миссиясы және ғҰбайдолла айдаров феномені»



Pdf көрінісі
бет78/85
Дата19.11.2022
өлшемі2,21 Mb.
#158914
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   85
Байланысты:
Ғұбайдулла Айдаров. Конференция

көрінетін маған. 
Павлодар педучилищесі – менің поэтикалық бесігім, журналистік жолымның 
бастауы. Бірінші жырды соның қабырғасында жаздым. Сол училищеде оқып жүргенімде 
тырнақалды туындым облыстық “Қызыл ту” газетінде 1939 жылы 18 маусым күні жарық 
көрді. Сол жылдары аяулы ұстаздарымнан әдеби ғана емес, адами тәлім алып 
өстім.Облыстық газет қасындағы әдеби бірлестікке де белсенді мүше болдық, бірақ бірде-
бір әдеби кештен қалып көргеміз жоқ. Сөйтіп жүріп, “ақын бала” атана бастадық,”
[7]

 
деп еске алады ақын. 
Қиын жазған қаныммен де, теріммен 
Қимасымды тартып алған өлімнен, 
Менің төрт жол отты жолым-төрт жылым 
Қызыл бояу, ірі әріппен терілген. 
1941 жыл… Соғыс бұрқ етті. Он сегізден жаңа ғана асқан жасөспірім жігіт соғысқа өз 
еркімен сұранып қанды майданға шеру тартты. М.Әлімбайдың балғын жастығы жойқын 
жорықтың аласапыран алаңында, көк ала түтіннің ішінде, оқ топанының астында өтті. Жас 
солдат қиын-қыстау күндерде қару мен қаламды қатар ұстады. Өрт оранып отырып
солдаттың оғындай ұшқыр, қаһарындай кекті алғашқы өлеңдерін жазды. Ақын өлеңдерінде 
жауға деген жалыны лапылдаған, дауылы бұрқап ұйтқыған өшпенділік жатты. “Ата, батырға 


151 
да жан керек”, майданда қорыққан оқиғаларыңыздың еске түскенін айтып беріңізші” деген 
журналистің сұрағына, атамыз былай жауап беріпті: “
Бұл сонау алыстағы сұрапыл 
жылдарда болып еді…Ұрысқа түнде кірдік. Аға лейтенант Чернов екекуіміз артта қалып 
қойыппыз. Сөйтсек, немістердің шегінгенде қалып қалған бір артиллерия батареясының дәл 
тұмсығының астынан шығыппыз. Енді сәл жүрсек не тірідей, не “басқаша” қолға түседі 
екенбіз. Орманды тасалап зытып бердік. Олар да оқты жаудырып берді. Әйтеуір, тигізе 
алмады. Сонда қорықтым
”[9]
,- д
еп сөзін аяқтапты Мұзафар атамыз. Майданнан жеті жарым 
жыл өткен соң офицер – танкист атанып туған үйіне оралады. Бір кездегі балаң жігіт жай 
ғана оралмай, уақытты бағалауды, өмірді қадірлеуді, Отанды қастерлеуді үйреніп қайтады. 
1948-1956 жылдар аралығында “Пионер” журналының поэзия бөлімін басқарып, 
өлеңсүйгіш жасөспірімдердің талап-тұлпарын қамшылап, қамқорлады. 1956-1958 жылдарда 
“Қазақ әдебиеті” газетінде басшылық бедерін қалдырады. 
Ұстаздыққа бейім әрі балажанды мінез қазақтың жас жеткіншектерінің тілін 
сындырып-ұстартатын, туған тілімізге деген құрмет-құштарлығын арттыратын тәрбиелік бір 
басылым – құрал керегі туралы іштей ойлап, толғанып жүретін. Арманына 1958 жылы қолы 
жетті, шуақты шілдеде дүниеге келген «Балдырған» балалар журналы республика 
бүлдіршіндерінің – бірнеше буын ұрпақ өкілдері балалық шағының базары мен ажарына, 
киелі сөз өнері бастауларына баулитын байыпты – ұқыпты бағбанына, адамдық әліппесінің 
ережелеріне үйрететін үлкен мектепке айналды. «Балдырған» басылымының өзгелерге 
ойыншықтай оңай көрінетін ауыр жүгін жазушы Мұзафар Әлімбай ширек ғасырдан астам 
уақыт арқалады. 1958-1986 жылдар аралығында журналға тапжылмастан редакторлық етті. 
Соғыстан кешігіп келген солдат әдебиеттің бейбіт майданына да кешігіп кірді. Алғашқы 
кітабы 29 жасында жарық көрді, құралыптас-құрдастарының бірқатары баяғыда-ақ бірді-
екілі кітаптардың авторы болып үлгерген-ді. Алайда аз ұйықтап, азапты көбірек шексең, 
қалам сыбағасын толтыруға әбден болады екен. Бүгінде әдебиеттің әр түрлі жанрындағы 
(поэзия, әдеби зерттеу, фолклортану, халық тағылымы, эссе, очерк, естелік, ән өлеңдері) 50 
төл туындының авторы. Абай атындағы мемлекеттік сыйлығын 1984 жылы «Аспандағы 
әпке» атты балалар жинағы үшін алды. М.Әлімбайдың “Ана” деген тұңғыш өлеңі 1939 жылы 
облыстық “Қызыл ту” газетінде басылды. Ал алғашқы кітабы “Қарағанды жырлары” деген 
атпен 1952 жылы жарық көрді. Одан кейінгі лирикалық және азаматтық әуенге жазылған 
“Құрбыма” (1954), “Лирика”, “Жолдар жырлар”, “Жүрек лүпілі”, “Өшпес от” жинақтары 
шықты. “Менің Қазақстаным”, “Құрбымның күнделігі”, “Естай – Қорлан” лиро-эпикалық 
поэмалары – осы жанрды дамытуға қосылған елеулі туынды. Мұзафар Әлімбай 
поэтикасының үш тағанды тірегі іспетті «Естай-Хорлан» ғашықнамасы, «Ту тіккен» және 
«Құрыш қазақ» ерлік – қаһармандық дастандары дүниеге келген тұсында қазақ 
поэзиясының ортақ жаңалық-жеңісі болды [10]. «…Нақтылық, ойлылық, жинақылық – 
Мұзафар өлеңдерінің ең басты қасиеттерінің бірі. Мұзафар – біздің із-өкшемізді басып келе 
жатқандардың ішіндегі ең бір ірі ақын. Оның өзіндік беті бар, қолтаңбасы бар. Әрбір өлеңін 
жарыққа шығарарда әрбір сөзі үшін күресетін, өзіне-өзі сыншылық жасайтын сарабдал ақын. 
Лирик ақын Мұзафар Әлімбаев өлеңдерінен заманның эпикалық зор тынысы, мол құлашы 
сезіледі» [11] – дейді Сырбай Мәуленов. Мұзафар Әлімбаев ақындық бақыты туралы 
айтқанда оның қазақ балалар әдебиетіне сіңірген еңбегіне тоқталу шарт. Ұзына тарихы 
қырық жылға жуықтаған «Балдырған» журналын Мұзафар Әлімбаев қолымен құрып, 25 жыл 
бас редактор ретінде басқаруы қазақ балалар әдебиеті үшін ырыс-құт болды. «Балдырған» 
журналы арқылы дүниежүзі балалар әдебиетіндегі бар дәстүрлер мен эксперименттер қазақ 
топырағына ағытылды. Қазақ топырағында бойындағы бар жұпарын балаларға арнайтын 
шын мәніндегі балалар қаламгері «Балдырған» арқылы қалыптасты. 
Қорыта айтқанда М. Әлімбаев қазақ балалар әдебиетінің қатардағы қаламгері ғана 
емес. Ақын, прозашы, аудармашы, сыншы, жинақшы, ұйымдастырушы. Әдебиетте талант 
бейімі болмай, ештеңе де өнбейді, әдебиет зорлықпен жасалмайды. Мұзағаңның да балалар 
поэзиясына туа бітті бейімі болғаны анық. М.Әлімбаев қазақ балалар әдебиетін дамытуға көп 
еңбек сіңірді. «Менің ойыншығым», «Отпен ойнама», «Орақ – олақ», «Шынықсаң – шымыр 


152 
боларсың» тағы басқа кітаптары қазақ балалар әдебиетіне қосылған елеулі үлес болды. 
«Аспандағы әпке» жинағы үшін Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілген. М.Әлімбаев 
мақал – мәтелдерді жинау, зерттеу, басқа халықтар мақалдарын қазақ тіліне аудару 
жұмыстарымен де айналысып келеді. «666 мақал мен мәтел», «Мақал – сөздің мәйегі», 
«Өрнекті сөз – ортақ қазына», т.б. жинақтар мен зерттеу еңбектері бар. Сын – зерттеу 
саласында еңбектері жарық көрді. Әлем әдебиетінің кейбір үздік шығармаларын қазақ тіліне 
аударды. Жазушының өлеңдері 38 тілге аударылған [11]. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
Елшібек Ж. «Ерекше туынды» Жыр шашу: Ақын Мұзафар Әлімбаев туралы // 
Ұлан.-1993.-25 мамыр.- Б.8 
2.
Әлімбай М.2 томнан тұратын таңдамалы шығармалар жинағы “Санат” 1997 ж 
3.
Сарбалаев Б. Бүлдіршін күнмен бір күлсін: [Балалар ақыны М.Әлімбаев 
туралы] // Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі.-Алматы: Жазушы, 1992.- Б. 176-188 
4.
Әлімбаев М. Балдәурен, шіркін, балалық: Өлеңдер, әндер, аңыздар, ертегілер, 
дастандар.-Алматы: Жазушы, 1973.-376 б. 
5.
Садыр Б. Мұзағаң асқан Мұзарттар: [Қазақстанның халық жазушысы, Қаз. 
Мемл. Сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын М.Әлімбаев туралы] // Егем. Қазақстан.-
1998.-7 қараша.- Б.4 
6.
Қыдырбеков Ғ. Сарабдал сөз сардары. – Егем. Қазақстан.-1993.-29 қазан.- Б.5 
7.
Әлімбаев М. Таңдамалы: 2 томдық.- Алматы: Жазушы.-367 б. 
8.
Әлімбай М. Айтары барды аузынан қақпас болар: [Жазушымен сұхбат. Әңг. 
Н.Жұмаханұлы] // Қазақ әдебиеті.-2001.- 23 наурыз.- 7 б. 
9.
Достықтың төл перзенті – ұлы жеңіс!: [Майдангер, сөз өнерінің майталман 
ұстазы, қазақтың біртуар перзенті Мұзафар Әлімбаймен әңгіме] // Жас алаш.- 1999.- 8 
мамыр.- Б. 3 
10.
Ахметов Ш. Мұзафар Әлімбаев.- Кітапта: Ахметов Ш. Қазақ Совет балалар 
әдебиеті: Жоғары оқу орындары мен педучилище студенттеріне арналған оқу құралы.–
Алматы: Мектеп, 1976.- Б.210-215 
11.
Мәуленов С. Талғам таразысы: [Ақын М.Әлімбаев туралы] // Мәуленов С. Сыр 
мен жыр.- Алматы: Жалын, 1991.- Б. 221-230. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет