Иттер мен үй жануарларына термометрия жасау
Жұмыс барысы: 1. Жылқыны қозғалмайтындай етіп екі жағынан бағанмен бекітіп қойып, сол жақ аяғының білек тоғысын бүгу. Жануардың сол жағынан келіп, құйрығын сол қолмен оң жаққа көтеріп, оң қолдың баяу айналмалы әдісімен алдын ала вазелин жағылған термометрді тік ішекке енгізу керек. Термометр сынып қалмау үшін оны арнайы қыстырғышы арқылы жылқының құйрығына бекітіп қойып, 10 минуттан кейін дене температурасын тіркеп алып, термометрді мақтамен тазалап жылы сумен жуу керек.
2.ТЭМП-60 электротермометрі арқылы шошқаның әр түрлі дене мүшелерінің температурасын өлшеу (мұрын қуысы, құлақ, мойын, арқа, кеуде, құйрық, аяқтар). Жануарды байлап, өлшенетін жерлерді алдын ала жүнін қырқып, спиртпен сүрту керек. Термометрдің беткі негізгі датчигін қосқышымен құрылғыға қосу индикатор терезесін көлденең жазықтыққа қою керек. Құрылғыдағы 1 көрсеткіш 16 бөлімінде бойында тұру керек. Қажет болған жағдайда 2 түзету жолағымен дұрыстау. 3 қосқышты «бақылау» жағдайына қою. 4 потенциометрінің көрсеткішін 42˚ бөліміне сәйкестендіру.
24 -Кесте. Жануарлар терісінің орта температура көрсеткіші.
Жануарлар түрі
|
Терінің орта температурасы
|
Қой
|
26,2-30,0
|
Шошқа
|
35,0-38,0
|
Қоян
|
32,0-36,0
|
Ит
|
26,2-28,7
|
Достарыңызбен бөлісу: |