Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет15/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
 
Бекіту сұрақтары: 
1. Сасанилер әулетінің билікке келуінің тарихи жағдайларын көрсетіңіз. 
2. Cасанилердің сыртқы саясатының негізгі бағыттарын көрсетіңіз? 
3. І Хосров реформаларының мәнін ашыңыз. 
4. Сасани қоғамының сипатын анықтаңыз. 
5. Сасани мемлекетінің құлдырауының себептерін анықтаңыз. 
 
IV ТАРАУ 
ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҮНДІСТАН 
 
Ерте 
орта 
ғасырлардағы 
Үндістанның 
саяси 
жағдайы. 
Ертеортағасырлық Үндістандағы ең қуатты мемлекеттік құрылым болған 
Гупталар әулеті билікке келгенге дейінгі Үндістанның саяси жағдайы 
төмендегідей болды: Ежелгі дәуірдің аяғында Үндістаныың солтүстігінде 
қалыптасқан Кушан державасы І Васудевадан кейін терең құлдырау 
жағдайында болып, Ганг алқабын бақылауынан айырылып қалды. Осы 


уақытта екінші ірі держава – Виндхья тауынан оңтүстікке қарай жатқан – 
Сатавахана патшалығы өмір сүруін біржолата тоқтатады. Солтүстік 
Үндістанда әлеуметтік және саяси дамудың әр түрлі сатыларында тұрған 
көптеген ұсақ мемлекеттер пайда болды. Сондай-ақ жекелеген тайпа 
одақтары да өмір сүруін жалғастыра берді.
Орталық Үндістанда – Чарманавати өзені ауданында – Нагтар әулетінің 
әр түрлі бұтақтарынан шыққан билеушілер басқарған патшалықтар, елеулі 
мемлекеттер болды. Батыста – Индтің төменгі ағысынан Нармадаға дейін 
шак кшатраптары биледі. Солтүстік-батыста жекелеген олигархиялық 
кландар билік құрды. Солтүстік-шығыста ежелгі личхавалар кланы маңызды 
роль атқарды.
ІІІ ғасырдың соңына қарай Батыс Деканда Вакатака әулеті көтерілді. 
Коромандель жағалауында Паллавтар үстемдік етсе, Кавери өзенінің 
оңтүстігінде Пандья мемлекеті орналасты.
Гупталардың бастапқы иеліктері Солтүстік Үндістанның қай 
ауданында болғаны дәл анық емес. Тек державаның гүлдену шағында, оның 
ядросы – Бихар, Уттар-Прадештің шығыс бөлігі мен Бенгалияның батысы 
болғаны белгілі. Әулеттің алғашқы өкілін деректер тек Гупта деп қана береді, 
бірақ ол туралы басқа еш дерек жоқ. Гупталар руының алғашқы 
махараджасы оның ұлы Тхатоткача болды. Алайда оның тұсында мемлекет 
айтарлықтай маңызға ие бола қойған жоқ. Державаның нағыз негізін 
қалаушы Тхатоткачаның ұлы І Чандрагупта болды. Дәл осы кісінің 319 жылы 
таққа отыруынан бастап Гупта дәуірін бастаймыз. І Чандрагупта махараджа 
дхираджа (ұлы патша, патшалардың патшасы) деген жаңа титул алады, бұдан 
Иран титулатурасының ықпалын байқауға болады. Мемлекетті империя деп 
атауғы белгілі бір негіздер де болды: І Чандрагупта уақытысында өте жоғары 
сапалы алтын теңге-динар соғылады.
Патшаның басты әйелі ежелгі атақты ру – личхавалардан шыққан 
Кумарадэви болды. Олардың ұлы Самудрагупта өзінің анасы жағынан 
шежіресін мақтанышпен келтіріп отырды. Дәл осы алып кланмен одақ 
Гупталарға жалпы үнділік ауқымда саяси роль атқаруға мүмкіндік берген 
болуы керек. 
Самудрагупта әулеттің билігін одан әрі күшейтіп, мемлекеттің 
территориясын кеңейтеді. Аллахабад жазбаларына қарағанда Самудрагупта 
«жүздеген шайқастарға қатысып, ондаған жарақат алған нағыз жауынгер-
патша болған». Ол «бүкіл жердің билеушісі» рөліне таласқан. Панигирист-
тарихшы бұл аймақты 4 категорияға бөледі: біріншісіне Солтүстік 
Үндістанның орталығында орналасқан мемлекеттерді (Арьяварта) 
жатқызады. Самудрагупта мұндағы Нагтардың екі мемлекетін – Нагаси мен 
Танапатиді жойды. Ары қарай жүре отырып, қазіргі Дели ауданындағы Кота 
мемлекетін талқандап, империяға қосты.
Малавтар, арджунаяна, мадрлар мен абхир жауынгер кландарына 
қатысты патша мүлде бөлек саясат ұстанды. Гупта патшасы олардың 
көсемдерін өзіне алым әкеліп отыратын, оған адалдығын білдіру үшін 
әрдайым сарайға келіп отыруға тиіс бағыныштылары ретінде қарастырады. 


Бұл мемлекеттер Гупта державасының бөліктері емес, оған «көршілес» 
мемлекеттер деп қарастырылды. 
Үшінші категорияны Дакшинапатха (Декан) ауданы құрады, бұл 
жерлерге әркез жорықтар ұйымдастырылғанмен, бірақ бұл жерлер 
империяның құрамына біржолата енген жоқ. 
Ақырында, алыс жатқан ірі мемлекеттердің билеушілері Гупта 
сарайына елшілер жіберіп, оған өз қыздарын тұрмысқа ұзатып отырды. Бұл 
соңғы категорияға Кушан билеушісі, батыстағы кшатраптар, Ланка 
патшалары мен «аралдар» билеушілері жатты. 
Индра, Варука, Кубера және Яма құдайларының жердегі көрінісі 
ретіндегі патша культі қалыптасты. Бұның бәрі күшті жеке билікті негіздеу 
үшін қажет идеялар ғана болған тәрізді. Самудрагуптаның 
империялық 
ұмтылыстары мен оның монархияны күшейтуге тырысушылығына 
қарамастан, мемлекеттің өзі біртұтас та, орталықтанған да болмағандығын 
деректер айғақтайды. Ауқымды державаның құрылуы ұсақ иеліктердің 
жойылуын білдірген жоқ, олар империяның құрамына, өзінің ішкі дербестігін 
сақтай отырып, кірді. Мүмкін, дәл осы мемлекеттің әкімшілік жағынан 
әлсіздігі, бөлшектену жағдайы әрдайым «патшаның» билігін идеологиялық 
жағынан бекітіп отыруды қажет еткен шығар. 
Самудрагуптаның ұлы ІІ Чандрагуптаның тұсында Пенджаб 
бағыныдырылып, бүкіл Бактрияға жорықтар ұйымдастырылды. Алайда 
нумизматикалық материалдарға қарағанда Гупталардың жауланып алынған 
территорияларда әкімшілік басқаруы болмаған, Гупта патшасы алым алумен 
және жергілікті билеушілердің тәуелділігін жалпылама ғана мойындауымен 
қанағаттанады.
Қалай десек те, IV-V ғғ. межесінде Аравия теңізінен Бенгал 
шығанағына дейін созылған кең ауқымды держава қалыптасты. ІІ 
Чандрагуптаның билік құрған уақыты Гупт мәдениетінің гүлденген дәуірі 
деп қарастырылады. Оның тұсында дәстүр бойынша «9 асыл» деп аталып 
кеткен ірі ақындар мен ғұламалар өмір сүрді.
Кейінгі гупталар дәуірінде патшаның жоғарғы билігі бірте бірте 
төмендей бастағаны байқалады. 455-467 жж. билік құрған Скандагуптадан 
кейінгі гупта әулетінің билеушілерін генеологиялық және хронологиялық 
жағынан дәл орналастыру қиын. Олардың билігі тек Ганга аңғарына ғана 
тараған сияқты. Мемлекеттік қазынаның құлдырағанын теңге сапасының 
нашарлағандығы айғақтайды. Самудрагупта мен ІІ Чандрагупта кезіндегі 
динардағы алтын 80% болса, кейінгі гупталар тұсында жартысына әрең 
жетті.
Гупталар 
билігінің 
соңғы 
дәуірі 
ғұн-эфталиттердің 
шапқыншылықтарымен сипатталады. Сасанидтермен жүргізген сәтті 
күрестен кейін эфталиттер V ғ. аяғында Гандхараны бағындырды. Олардың 
көсемі Торамана 500 ж. шамасында Пенджаб арқылы Каушамби, Варанаси 
және Магадханың орталығына дейін жойқын жорық жасады. Гвалиурдан 
табылған жазбаға қарағанда, 515 ж. оның ұлы Михиракула бүкіл Үндістанды 


жаулап алды. Жергілікті үнді билеушілері эфталиттердің жоғарғы билігін 
мойындады.
Алайда эфталиттер мықты мемлекет құра алмайды. Көп ұзамай олар 
солтүстік-батысқа (Кашмир территориясына) ығыстырылады. Эфталиттер 
және олармен келген гурджарлар жергілікті халықпен сіңісіп, раджпут 
аталатын тайпалар қауымын қалыптастырды. Раджпуттар ҮШ-ХІІІ ғасырлар 
аралығында Солтүстік Үндістанның саяси тарихында маңызды рөл атқарды.
ҮІІ ғ. басында Харши есімді қолбасшы Солтүстік Үндістанды толық 
біріктіріп, қуатты державалық мемлекет құрды. Харшидің оңтүстікке 
жылжуына Батыс Чалукилер жол бермеді. Харшидің тұсында Қытаймен 
елшілік алмасулар болды. Харши мемлекеті 30 жыл өмір сүрді, ол қайтыс 
болғаннан кейін, ҮІІ ғ. ортасында Солтүстік Үндістанда өзара қырқысулар 
қайта жанданды.
712 ж. Мұхаммед Ибн Касим басқарған араб әскерлері Синд жерін 
басып алды. Арабтар елдің оңтүстігінде Мансура, солтүстігінде Мультан 
әмірлігін құрды. Алайда, арабтар ХІІІ ғ. дейін Индтің төменгі бөлігін 
бағындырумен ғана шектелді. Себебі, гуджараттық Пратихар мемлекетінің І 
Нагабхата бастаған әскері арабтардың әрі қарай жылжуына жол бермеді. 
ХІ ғ. басында Солтүстік Үндістанға Ғазна (Ауғанстан) билеушісі 
Махмұд (998-1030) қауіп төндірді. Махмұд Газнауидің Үндістан жеріне 17 
рет қайталанған басқыншылық жорықтары қалаларды қиратумен, халықты 
қырып-жоюмен аяқталып отырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет