Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»


Аравияның исламға дейінгі діни жағдайы



Pdf көрінісі
бет18/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
Аравияның исламға дейінгі діни жағдайы. 
Исламға дейінгі дәуірде 
Аравияда пұтқа табынушылық үстем болды. Әл-Лат, әл-Узза, Манат тәрізді 
әйел-құдайларымен қатар, Күн, Ай, жұлдыздар және әр түрлі табиғат 
күштеріне табыну орын алды. Бұған қоса әрбір тайпалар мен рулардың өз 
қорғаушы-құдайлары да болды. Аса бір қастерлі деп есептелетін діни 
орындардың айналасында тәуеп етудің (қажылық) күрделі рәсімдері 
қалыптасып, құрбандық шалулар орын алды. Тәуеп ету уақыты қасиетті деп 
саналып, қан төгуге тиым салынды.
Осындай қасиетті орындардың бірі – Қағба орналасқан Мекке қаласы 
арабтар үшін ежелден-ақ ерекше маңызға ие болды. Қағба – төртбұрышты
бұрышына қасиетті қара тас қойылған ғибадатхана. (Аңыз бойынша 
Меккедегі Қағба ғибадатханасын арабтардың арғы бабасы – Ыбрахым 
пайғамбар, ұлы Смайыл пайғамбармен бірге Алланың әмірімен тұрғызған. 
Қағбаның бұрышына қойылған қасиетті қара тасты Алла Тағала өзінің
белгісі ретінде адамдарға көктен түсірген деген сенім болған. Ғалымдар қара 
тастың метеориттік негізін (аспаннан түскендігін) дәлелдеп отыр.
ҮІ ғасырдың ортасына қарай арабтар арасында сауданың ерекше 
гүлденуі Мекке көпестерінің жоғарғы бөлігінің айрықша баюына, мүліктік 
жіктелістің тереңдеуіне ықпал етті. Бұл жағдай Мекке қоғамында әлеуметтік 
қайшылықтарды барынша шиеленістіріп жіберді. Оның үстіне тайпааралық 
қақтығыстардың шиеленісуі бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде бүкіл 
араб қоғамын қамтыған әлеуметтік қайшылықтарды туындатты. Қалыптасқан 
дағдарысты жағдайдан шығудың жолдарын адамдар дін саласынан іздестірді, 
өйткені ерте кезеңдерде кез келген халықтың санасында дін толықтай 
үстемдік еткен болатын. 
Ескі пұтқа табынушылық діндер бұл ізденістерге жауап бере алмады, 
ал көрші жатқан халықтар тұтынатын дамыған монотеистік діни жүйелер – 
иудаизм, христиандық пен зороастризм арабтар арасында ішінара 
таралғанымен, бұл діндердің ешқайсысын арабтар толықтай қабылдай қойған 
жоқ. Мүмкін бұған аталмыш діндердің догматтық жүйесінің күрделілігі, 
немесе араб халқының діліне сәйкес келмеуі ықпал еткен шығар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет