Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»


Араб халифатының қалыптасуы және жаулаушылықтары



Pdf көрінісі
бет22/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
Араб халифатының қалыптасуы және жаулаушылықтары. 
Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан кейін, Мұхаммед пайғамбар негізін 
қалап кеткен араб ислам мемлекетінің билеушілері пайғамбардың сахабалары 
(жақтастары) арасынан сайланды, олар халиф деп аталды. Бұл «орынбасар» 
деген мағына береді, яғни биліктің Алладан – пайғамбарға, пайғамбардан – 
халифке берілетін сабақтастығын білдірді. Осындай сабақтастық жолымен 
билікке келген алғашқы 4 халифті тақуа халифтер деп атады, олар: Әбу Бәкір 
(632-634), Омар (634-644), Осман (644-656), Әли (656-661). Халифтер 
басқарған жалпы арабтық мемлекет Араб халифаты деп аталды.
Ең алғашқы халифтер Аравияның әр түрлі аудандарында орын алған 
бүліктерді басып тастағаннан кейін, мұсылман мемлекетінің шекарасын 
кеңейту бағытындағы жаулаушылық соғыстарын бастап кеткен болатын. 
Араб жаулаушылықтары екі бағытта – шығыс және батыс бағыттарында 
бірдей жүргізілді. Шығысқа жорықтарында арабтар Сасанилік Иранмен 
қақтығысқа түсті. Ішкі қайшылықтардан (маздакиттік қозғалыс) және 
Риммен үздіксіз жүргізілген соғыстардан әбден қалжыраған сасанилер 
арабтарға қарсылық көрсете алмады. Сасанилік Иранмен болған соғыс 3 
кезеңнен өтті. Бірінші кезеңдегі негізгі шайқас 636 жылы Кадисия түбінде 
өтті. Екі күнге созылған шайқаста парсылар тас-талқан болып жеңіледі. 
Иранның астанасы Ктесифон алынды. Арабтар Евфрат-Тигр қосөзенінің 
төменгі ағысында жаңа қалалар – Куфа және Басраның негізін қалады. 
Арабтардың сасанилік Иранға жорығының екінші кезеңі дәл осы қалалардан 
Иранның оңтүстік-батысына бағытталды. 642 жылы Нехавенд түбінде болған 
шайқаста арабтар Иран шаханшахы ІІІ Иездигердтің әскерін талқандап, 
Батыс Иранды толықтай бағындырды. 651-652 жылдардағы соғыстың үшінші 
кезеңінде сасанилік Иранның соңғы қалдықтары жауланып алынды. Арабтар 
өздерінен қашып жүрген ІІІ Иездигердті Мерв түбінде қолға түсірді. 
Арабтардың батыс бағытындағы жорықтары Византияға қарсы 
бағытталды. Ерте дәуірдің бұл алып империясымен арадағы негізгі шайқас 
636 жылы Йармук өзенінің жағасында өтіп, шайқаста мұсылмандар ірі 
жеңіске жетеді. Шайқастың нәтижесінде Византияның шығыстағы 
провинциялары – Сирия мен Палестина арабтар жағына өтеді. Бұл екі аймақ 


бір әмірлікке біріктіріліп, ол Осман халифтің туысы, Омейядтар әулетінің 
өкілі Муавияның басқаруына беріледі. Сөйтіп, жорықтар басталғаннан төрт 
жыл уақыт өткенде арабтар сол дәуірдің ең бай елдері – Месопотамия, Сирия 
және Палестинаға ие болды. Византия Халифатқа алым төлеуге міндеттелді. 
638 жылы арабтар «қасиетті қала» – Иерусалимді, 638-648 жылдар 
аралығында Египетті басып алды. Иерусалимнің алынуы ерекше маңызға ие 
болды, өйткені бұл қала христиандар үшін де, мұсылмандар үшін де қасиетті 
қала (қасиетті қала деп діни маңызы бар қалаларды атаған) болып саналатын. 
658 жылы арабтар Закавказье жерлерін бағындырып, хазарлардың жерлеріне 
шығады. 
Осындай кең ауқымды сыртқы жаулаушылық жүргізген алғашқы 
«тақуа» халифтер, алайда өте қарапайым билеушілер болды. Олардың билігі 
негізінен, мұсылман қауымына өз жеке үлгісімен басшылық жасауға сайды. 
Алайда үшінші тақуа халиф - Осман Халифаттың құрамына кірген 
аймақтарды тиімді басқару үшін, оларға наместниктер тағайындауды енгізді. 
Ол ең бір маңызды аймақтарды өз туыстарына – Омейяттарға, атап айтқанда, 
астыққа бай Сирияны Муавия Ибн Суфианға берді. Халықтан жиналатын 
зекет салығына қосымша салықтар салына бастады. Осы жағдай халық 
тарапынан алғашқы наразылықтарды туғызды. Бұл наразылықты бірінші 
тақуа халиф Әбу Бәкірдің ұлы Абдаллах басқарды. Көтерілісшілер 656 жылы 
17 маусымда халифтің үйіне басып кіріп, оның биліктен бас тартуын талап 
етті. Талап орындалмағандықтан олар Османды өлтірді. Османның өлімі 
мұсылман қауымының бірлігін шайқалтып, ұзаққа созылған өзара қырқысты 
бастап берді.
Османнан кейін билікке Мұхаммед пайғамбардың немере інісі әрі 
күйеу баласы, жақын сахабаларының бірі Әли келді. Алайда оның билігін 
Сирия наместнигі Мувия мойындамай, билік жолында күрес бастады. 
Ақырында, 657 жылы маусым айында Халиф Әли мен Муавия әскері 
Сиффин жазығындағы Ракка елді мекені маңында шайқас болды. Шайқастың 
шешуші сәтінде, Әли әскері жеңіске жететіні анық болған кезде Муавия 
Әлиді бітімге шақырды. Ол билік мәселесін бейбіт жолмен, үшінші, бейтарап 
қазының шешуін ұсынды. Муавияның бұл ұсынысын Әли қабыл алды. 
Әлидің осы келісімпаз позициясына наразы болған оның әскерінің бір бөлігі 
(12 мың жауынгер) Әлидің қосынын тастап кетіп қалды. Олар хариджиттер 
(араб тілінде әл-хаваридж - кетуші) деп аталып, исламдағы ең алғашқы 
жікшілдерге айналды. Әлидің бұдан кейінгі билігі осы хараджиттермен 
күреске арналды және ақырында 661 жылдың 22 қаңтарында хараджиттердің 
қолынан қаза тапты. Осыдан кейін бұрынға біртұтас мұсылман қауымы екі 
партияға: Әли партиясы (шиа Әли) және басқа мұсылмандар (суниттер) 
болып бөлініп кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет