жаулап алды. Жергілікті үнді билеушілері эфталиттердің жоғарғы билігін
мойындады.
Алайда эфталиттер мықты мемлекет құра алмайды. Көп ұзамай олар
солтүстік-батысқа (Кашмир территориясына) ығыстырылады. Эфталиттер
және олармен келген гурджарлар жергілікті халықпен сіңісіп, раджпут
аталатын тайпалар қауымын қалыптастырды. Раджпуттар ҮШ-ХІІІ ғасырлар
аралығында Солтүстік Үндістанның саяси тарихында маңызды рөл атқарды.
ҮІІ ғ. басында Харши есімді қолбасшы Солтүстік Үндістанды толық
біріктіріп, қуатты державалық мемлекет құрды. Харшидің оңтүстікке
жылжуына Батыс Чалукилер жол бермеді. Харшидің тұсында Қытаймен
елшілік алмасулар болды. Харши мемлекеті 30 жыл өмір сүрді, ол қайтыс
болғаннан кейін, ҮІІ ғ. ортасында Солтүстік Үндістанда өзара қырқысулар
қайта жанданды.
712 ж. Мұхаммед Ибн Касим басқарған араб әскерлері Синд жерін
басып алды. Арабтар елдің оңтүстігінде Мансура, солтүстігінде Мультан
әмірлігін құрды. Алайда, арабтар ХІІІ ғ. дейін Индтің төменгі бөлігін
бағындырумен ғана шектелді. Себебі, гуджараттық Пратихар мемлекетінің І
Нагабхата бастаған әскері арабтардың әрі қарай жылжуына жол бермеді.
ХІ ғ. басында Солтүстік Үндістанға Ғазна (Ауғанстан) билеушісі
Махмұд (998-1030) қауіп төндірді. Махмұд Газнауидің Үндістан жеріне 17
рет қайталанған басқыншылық жорықтары қалаларды қиратумен, халықты
қырып-жоюмен аяқталып отырды.
Достарыңызбен бөлісу: