«Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы»



бет16/22
Дата29.12.2021
өлшемі145,26 Kb.
#106318
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
73d0c131-8b1a-11e3-bf6e-f6d299da70eeЖаңа-Қаз з Азия және Африка елд. тарихы-УМКД
В переводе с греческого «характер», 1513427634, Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
11.1918-2004жж.Ауғанстан

  1. Бірінші дуниежізілік соғыс кезіндегі Ауғанстан.

Бірінші дуниежүзілік соғыс басталысымен 24 тамызда

Хабибулла Ауғанстанды бейтарап деп жариялады. Елдің ішкі жағдайының қиындығына қарамастан әмір бейтараптықты сақтауға тырысты. Ауғанстанда, әсіресе шекаралық тайпаларда антиағылшындық көңіл-күй күшті болды. Бұл жағдайға 1914 ж. Қазанда Түркиянің соғысқа қатысуы және түрік сұлтанының Англия және Ресейге қарсы «Джихад» жариялауы өз ықпалын тигізді. Сарай маңындағы консерваторлар мен әрбір жаңалыққа қарсы ескі ауғандар түріктік және антиағылшындық бағыт ұстайды. Герман империалистері одақтас ретінде Ауғанстанды өзіне тарту үшін түрік сұлтанының діни беделін пайдаланбақшы еді. Ауған әмірін соғысқа тарту мақсатымен Түркияда герман-түрік миссиясы қүрылды. Ауғанстанға экспедиция ұйымдастыру жобасын түрік генерал штабының басшысы Энвер-паша жасады.

Герман генерал штабы бұл идеяны қолдап, Түркияға (генерал) лейтенант Оскар фон Нидермайер бастаған офицерлер тобын аттандырады. 1915 жылдың март айында экспедиция үш топпен Бағдадтан шығады. Алғашқы күндері миссия мүшелері бақылауда болады. Тек сегіз күннен кейін эмир оларды қабылдауға келіседі.

1916 жылы қаңтарда Нидермайер және Хентини эмирді Германиямен келісім жобасына қол қоюға көндіреді. Осыған байланысты ол миссия мүшелеріне ауған әскерін қайта құруға қатысуына рұқсат береді. Бірақ әмір Ауғанстан Англияға қарсы, егер Ресейге бейтараптық қамтамасыз етілген жағдайда ғана шығатының айтты; басқа кездесуде егер Германия 20 мың әскер, 100 мың қару және 200 мылтық тасымалдаған кезде ғана қатысатының айтқан.

Хабибулла бейтарап саясатты жақтады. Ағылшындар миссия мүшелерінің Ауғанстанда төңкеріс жасап, Хабибулла ханды орнынан алатындығы жөнінде (егер Ресей және Англияға қарсы шықпаса) хабарлады. 1916 жылы күзде Нидермайер және Хентин Ауғанстанды соғысқа тартудың болашағы жоғын түсініп, миссияның көп бөлігі елден кетті.

Нидермайер – Хенты миссиясының сәтсіз аяқталуының бірнеше себебі бар. Ауған әмірінің бейтараптықты сақтау қызығушылығы, ағылшындардан жыл сайын субсидия алуы, ағылшындар оны 1900 мыңнан- 2400 мың рупийге көтеруге уәде берген. Ағылшын саясаты жетекшілері Ауғанстанмен қақтығысты болдырмауға тырысты және «Ауған мәселесін» шешуге патшалық Ресейдің қатысуын қаламады.

Нидермайер – Хенты миссиясының қызметі тоқтаған жоқ. Британ отарлық билігі тайпалардың антиағылшындық көтерлісі болады деп күдіктенді. 1915 жылы желтоқсанда Кабул қаласынды Үндістанның уақытша эмиграннтық үкіметі құрылады. Алғашында Хабибулла елдің көңіл-күйімен санасып, оларға барлық жағдайды жасайды. Кейін ағылшындарға жағымпаздану мақсатында оларға репрессия қолданып, кейбіреулерін елден құды.

1916-1917 жж. Хабибулла-хан ағылшын отарлық үкіметіне ауған тайпаларының көтерлісін түмшалауға көмектесті. Әмірдің бұл іс-әрекеті Ауғанстанда сенімсіздік туғызды.

1916-1917 жж. ауған әскерінде реформа жүрізілді, «ішкі шиеленіс жағдайына» әскери дайындықты жақсартуға шаралар қабылданды.

Ауғанстан британ империализмі аясында ұсталынды. Бірақ осындай оқиғалар ұлт-азаттық көтерілістің басталуына жағдай жасады.



  1. Ауғанстан тәуелсіздігінің қалпына келтірілуі және үшінші ағылшын-ауған соғысы.

1918 жылы қол қойылған Брест-литовск келісімінің 7 бабында

«Персия және Ауғанстан еркін және тәуелсіз мемлекет» деп көрсетілген.

Совет үкіметі 1918 ж. шілде айында ауған ұлтына ұлт-азаттық күресте көмек көрсету мақсатымен өз үкіметін тағайындауға ұсыныс жасаған. Бірақ Хабибулла-хан ағылшындар қысымымен одан бас тартты. 1918 ж. аяғында Совет үкіметі екінші рет ұсыныс жасады, бірақ тағы сәтсіз аяқталды.

Ауғанстанда Хабибулла-хан саясаты қарсылық туындай бастады. Елде салық өсті, әскери алу жиіледі. Билік қаржы министрі Мухаммед Хусейн қолында болды. Ол елде ағылшындардың ықпал етуіне жағдай жасады. Әмірдің Кеңес Республикасымен тікелей қатынасқа қол қойғысы келмеуі ішкі саяси дағдарыстың жақындауына әкелді.

1918 жылы жазда ағылшын әскері Советтік Түркістанға еніп, Құшқуды жаулап алды. Осылайша Ауғанстанды үш жақтан қоршайды. Сыртқы саяси қоршау, территориялық айналды. Ішкі және халықаралық жағдайдың шиеленісуі оппозиция қызметін күшейтіп, 1918 жылы әмірге қастандық жасалады. Жаппай репрессиялар басталады.

1919 жылдың 21 ақпанда Джилалабад маңында Хабибулла-хан өлтірілді. Бірнеше күн елде Қосүкімет болады. Әмірдің бауыры Насрулла-хан өзін әмір деп жариялады. Хабибулланың үшінші ұлы Аманұлла хан Кабул гарнизоны және қала тұрғындарына сүйеніп ол да өзін әмір деп жариялайды. Ол елді Британия тәуелдігінен азат етуді мақсат етіп қояды. Ел ханзаданы қолдайды. Ал Насрулла-хан қамауға алынады. Мұхаммед Хусейн асылып өлтіріледі.

Аманұлла-хан жаңа әмір болып тағайындалады. Консерваторлар тобының жоғарғы билікті тартып алу әрекеті сәтсіз аяқталды.

1919 жылдың 27 наурызда Кеңес үкіметі әлемде ең алғашқы болып Ауған мемлекетінің егемендігін және тәуелсіздігін мойындаған. 1919 ж. сәуірде екі ел арасында елшілікпе алмасу және дипломатиялық келісімдерге қол қойылады.

1919 ж. мамыр айында Англия Ауған мемлекетіне қарсы үшінші жаулап алу соғысын бастайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет