«Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы»



бет17/22
Дата29.12.2021
өлшемі145,26 Kb.
#106318
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
73d0c131-8b1a-11e3-bf6e-f6d299da70eeЖаңа-Қаз з Азия және Африка елд. тарихы-УМКД
В переводе с греческого «характер», 1513427634, Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы
12.1918-2004жж.Иран

Иран 1- дүние жүзілік соғыста өзін бейтарап деп жарияласа да,оның территориясы әскери операциялар мен екі коалицияның күштерінің арсындағы саяси күрестің аренасына айналды. Германияны қолдайтын межіліс депутаттарының бір бөлігі Кум қаласына кетіп қалып, сонда Кум комитетін құрады. Бұндай үкімет герман-түрік әскерлері басып алған Керманшахта да құрылды. Ресей мен Англия Ирандық Азербайжанға, Хузистанға, Фарсқа, Керманшах пен Хамадан аудандарына әскерлерін енгізіп, герман-түрік күштеріне қарсы қарулы күрес жүргізуге мәжбүр болды. 1915 жылы Түркиямен шекарласып жатқан бірнеше Иран обылыстарын түрік әскерлері жаулап алғанына қарамастан,бұл майдандағы күштер арасалмағы негізінде орыстар мен ағылшындар жағында болды.

Ресейдің соғыстан шығып кетуі және Германия мен Осман империясының талқандалуынан кейін, Иран территориясын ағылшын әскері толығымен басып алды. Соғыстың бас кезеңінде Иранды түрік әскерлеріне қарсы плацдарм ретінде пайдаланса, ал 1918 жылдың басында Советтік Ресейге қарсы қарулы интервенцияны басту мақсатында және оташылдыққа қарсы көтеріліп келе жатқан қозғалысты басу үшін ағылшын әскері Иранды толығымен жаулап алған еді.

Соғыстың соңына қарай Иран тоқыраған,экономикасы артта қалған жағдайда болды. Мәжіліс таратылып,үкімет кабинеттері жиі ауыстырылып отырды. 1918 жылдың тамыз айында Вогус-эд-Доул басқарған үкімет құрылады. Вогус-эд-доул 1919 жылдың 9-тамызында мәжіліске хабар- ламастан, конституцияны бұза отырып «Персияның прогресивті дамуына британияның көмегі туралы келісімге » қояды. Бұл келісім бойынша ағылшын кеңесшілері мен нұсқаушыларына Иран армиясына, қаржысына, жол құрлысына, сыртқы сауда және елдің қоғамдық-эконмикалық өмірінің басқада салаларына бақылау рұқсат етілді. Іс жүзінде бұл ағылшын протекторлығын орнатты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет