қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қандай да бір болмасын тұлғаның немесе тұлғалардың мінез-құлқының өзгеру құралдары қолданылатын мінез-құлық тәуекелдерін бақылау әдісі;
ҚМҚБ
-
қауіпсіздік бойынша мінез-құлықты байқау;
қауіпті өндірістік фактор
-
әсері қызметкердің еңбекке қабілеттіліктен уақытша немесе тұрақты айырылуына (өндірістік жарақаттануына немесе кәсіптік ауруына) немесе қайтыс болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;
еңбекті қорғау
-
құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;
ықтимал қауіпті жағдай
-
жарақатқа (зиян келтіруге) немесе қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті жағдайға әкеп соға алатын жағдай (жабдық, мінез-құлық және қоршаған орта);
өндірістік объект
-
ҚМГ компаниялар тобы ұйымдарының өндірістік қызметінде пайдаланылатын және аумақтарында (келісімшарттық аумақтарда) орналасқан ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар, технологиялық жабдық пен мұнай өңдеу қондырғылары, бұрғылау қондырғылары мен бұрғылау жабдығы, газ-компрессорлық станциялар, мұнай айдау станциялары, резервуарлық парктер, инженерлік құрылыстар мен полигондар, басқа да техникалық қондырғылар, көлік құралдары мен арнайы техника;
кәсіптік ауру
-
қызметкердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде оған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру;
ҚМГ қызметкері
-
ҚМГ-мен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты бойынша жұмысты орындайтын жеке тұлға;