«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Құжаттың атауы: «ҚазМұнайГаз»


ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ ЖАҚСАРТУ ШАРАЛАРЫ



бет66/74
Дата27.04.2022
өлшемі497,49 Kb.
#141008
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   74
Байланысты:
Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі

5.7. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ ЖАҚСАРТУ ШАРАЛАРЫ


5.7.1. Оқиғалар мен жазатайым жағдайларды тергеу
5.7.1.1. Жазатайым жағдайларды тергеу және есепке алу
11.1.1.1. Еңбек қызметімен байланысты жазатайым жағдай – қызметкер ҚМГ компаниялар тобы ұйымында еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе тапсырмаларын орындаған кезде оған әсер ететін және нәтижесінде қызметкердің еңбекке қабілеттіліктен уақытша немесе тұрақты айырылуына, кәсіптік ауруға шалдығуына не қайтыс болуына әкеп соққан қызметкердің жарақаттануы, денсаулығының күрт нашарлауы немесе улануы орын алған өндірістік фактор болып табылады.
5.7.1.1.2. Өндірісте жұмысшылармен, қызметшілермен және басқа да тұлғалармен болған жазатайым жағдайларды саралаудың негізгі қағидаттары, тергеу және ресімдеу тәртібі Заңнамалық талаптарда белгіленген.
5.7.1.1.3. Өндірісте болған барлық жазатайым жағдайлар, Заңнамалық талаптарға сәйкес, міндетті түрде тергелуі, олардың мән-жайлары егжей-тегжейлі анықталуы, себептері анықтауы, объективті қорытындылар жасалуы, осындай жағдайларды болдырмау бойынша нақты іс-шаралар әзірленуі тиіс.
5.7.1.1.4. Өндірісте болған жазатайым жағдайларды уақытылы және білікті тергеу өндірістік жарақаттылықпен күресудің пәрменді нысандарының бірі болып табылады. Осындай жазатайым жағдайларды тергеу олардың пайда болуының негізгі себептерін объективті анықтауға және одан әрі олардың алдын алу бойынша тиімді шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
5.7.1.1.4. Жазатайым жағдайларды тергеу материалдары ҚМГ компанияларының тобында өндірістік жарақаттылықтың деңгейін азайту бойынша өз қызметін жоспарлау кезінде одан әрі қолданылуы тиіс.
5.7.1.1.5. Өндірістегі жазатайым жағдайларды білікті және тиімді тергеу үшін:
1) уақытылы және жедел тергеу;
2) тергеуді жүргізетін тұлғалардың құзыреттілігі мен құқықтылығы;
3) толық, дәйекті және объективті тергеу қағидаттары сақталуы тиіс.
5.7.1.1.6. Заңнамалық талаптармен қызметкердің өзінің тікелей басшысына өндірісте болған әрбір жазатайым жағдай, кәсіптік аурулар (улану) белгілері туралы, сондай-ақ адамдардың өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туралы дереу хабарлау міндеті белгіленген.
5.7.1.1.7. Өндірістік объектідегі жұмыстардың тікелей басшысы зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетуді және, қажет болған жағдайда, білікті медициналық көмек көрсету үшін, оны денсаулық сақтау ұйымына (денсаулық сақтау пунктіне, медициналық-санитариялық бөлімге, емханаға) жеткізуді ұйымдастыруға міндетті, одан кейін болған жазатайым жағдай туралы өндірістік бірліктің басшысына дереу хабарлауға міндетті; бұл басқа адамдардың өміріне және денсаулығына қауіп төндірмесе, ал өндірістік процестің үздіксіздігін бұзу апатқа әкеп соқпаса, тергеу басталғанға дейін жазатайым жағдай орнындағы жай-күйді оқиға болған сәттегі күйінде сақтап қалуға, сондай-ақ жазатайым жағдай болған орынды суретке түсіруге міндетті; өндірістегі жазатайым жағдай туралы зардап шеккеннің жақын туыстарына дереу хабарлауға міндетті.
Егер жазатайым жағдайынан кейінгі мән-жайлар басқа қызметкерлердің денсаулығына және өміріне қауіп төндірсе немесе апат, өндірістік процестің бұзылу ықтималдығын тудырса, объектідегі жұмыстардың тікелей басшысы бірінші кезекте қауіпті жағдайды жоюға міндетті.
5.7.1.1.8. ҚМГ компаниялар тобы ұйымының немесе Құрылымдық бөлімшенің басшысы, Заңнамалық талаптарда көзделген нысан бойынша, өндірісте болған әрбір жазатайым жағдай туралы уәкілетті органға дереу хабарлайды.
5.7.1.1.9. ҚМГ компанияларының тобы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша деректерді басқарудың корпоративтік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына (KMG-PR-2191.2-13) сәйкес, болған оқиғалар мен жазатайым жағдайларды талдауды, есепке алуды жүргізеді.
5.7.1.1.10. ҚМГ пен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың негізгі көрсеткіштері бойынша есептілікті беру жөніндегі қағидаларға (KMG-PR-2407.1-13) сәйкес, ҚМГ ЕҚжЕҚ саласындағы қызметті талдайды және оның тиімділігін бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет