Қазоак құрылымы, қызметі



Дата07.02.2022
өлшемі101,27 Kb.
#84476
Байланысты:
4топ

ҚазОАК құрылымы, қызметі

Орындағандар: Ермекова Айдана, Даутқазы Санжар, Естаев Еламан, Дарубаева Аружан, Нурмухамедов Қуаныш, Жақсылықова Тоғжан

Жоспар:

  • Құрылу тарихы
  • Заңнамалары
  • Өкілеттіктері мен құзіреті
  • Қортынды

Кіріспе

  • Қазақ Акср Орталық Атқару Комитеті– орталық басқару органы. 1920 ж. 4 – 12 қазан аралығында өткен Қазақ АКСР кеңестерінің құрылтай съезінің 12 қазандағы мәжілісінде сайланды. Құрамында 76 мүше және 25 мүшелікке кандидат болды. Олардың ішінен 10 адам төралқа мүшелігіне сайланды.

Бүкілқазақтық съезді ҚазОАК жылына бір рет шақырады. ҚазОАК бүкіэлқазақтық съездер аралығында жоғары билік органы болып есептелді. Төтенше немесе кезектен тыс бүкілқазақтық съездерді ҚазОАК өз қалауы бойынша немесе республиканың 3/1-н білдретін жергілікті кеңестердің талабымен шақыра алды. Бүкілқазақтық съезд мемлекеттегі бүкіл билікке басшылық жүргізді, ҚазОАК-ты сайлады, үкіметтің есебін тыңдады, заңдар қабылдады.
1920 жылы қазан айының 4-12 сі аралығында Орынбор қаласында Бүкілқазақтық кеңестердің бірінші съезі өтті. Съездің күн тәртібінде мынадай мәселелер қарастырылды:
1)Президиумды сайлау
2)Мандат және редакциялық комиссияларды сайлау
3)Съездің уақыт тәртібін белгілеу
4)Комиссияларды сайлау
5)Қазақ ОАК мен ХКК сайлау және т.б
Қазақ Автономиялық республикасындағы биліктің жоғарғы органы Кеңестердің бүкілқазақтық съезді болып табылады. Ол өз қызметінде өзіне өзі есеп беріп отыратын ҚазОАК ні сайлаған болатын. Дәл осылай құрылған ҚазОАК өз қызметін жалғастырды. Бүкілқазақтық кеңестер съезді заңдық билікті атқару құқығына және Қазақ АКСР –нің Конституцтиясын қабылдау өкілеттігіне ие болды.
Декреттер
1921 ақпан – Қоныс аудару қоры үшін алынған учаскелерді қазақтарға қайтару туралы
1922 жылы – Ақмола және Семей облыстарын Қазақстанның қарамағына беру
1928 жылы тамыз – «Байларды тәркілеу туралы»
ҚазОАК-нің өкілеттіктері:
ҚазКСР территориясында билігі жүретін заңдар мен қаулылар шығару
Заңдары өз басқаруымен немесе ХКК-нің шешімімен жариялау
КСРО аумағында РСФСР заңнамалық актілерінің орындалуын қамтамасыз ету
ҚазОАК-нің өкілеттіктері:
ХКК қызметінің жалпы бағытын анықтау
Халық комиссарларын тағайындау және қызметінен босату
ҚазССР еңбекшілерінің құқықтары декларациясының негізгі ережелерін жүзеге асыру
Құзіреттіліктері:
КазОАК жұмысы Сессия тәртібімен құрылды.
•ОАК кеңестер съездері арасында мемлекеттік биліктің Жоғары заң шығарушы, өкімдік және бақылаушы органы болды.
•Төралқа КаОАК атынан декреттер мен қаулылар нысанында заңнамалық актілер шығаруға құқылы болды.
•ҚазССР сот органдарымен сотталғандарды кешіру және оңалту
•ҚазОАК-Нің "үлкен" және "кіші" Төралқалары жүйелі қызмет атқарды.
Қорытындылай келе, Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің өз жолында талай жұмыстарды атқарғанын аңғардық. Оның мүшелері М.Әуезов, С. Меңдешев секілді зиялылар болды. ҚазОАК білім саласына да ерекше көңіл бөлді. Бұның бәрі істеген еңбек, төгілген тердің жемісі болып табылады.
1920 жылы РСФСР құрамында Қазақ АССР-і құрылды.
кеңестік ұлттық мемлекеттілігін жариялаудың тарихи маңызы зор болды. Қазақ халқы бұл әрекетті ғасырлар боғйы отаршылдыққа күрестің нәтижесі, ұлттық жаңғыру жолындағы алғашқы қадам деп қабылдады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет