Өнеркәсіпте сутек пен азотты қосып, тікелей синтездеп, ал лабораторияда аммоний тұздарын сілтімен қосып қыздырып, аммиак алады. Аммиак суда жақсы еріп, аммоний гидроксидін, ал қышқылдармен реакцияға түсіп, аммоний тұздарын түзеді. Аммоний тұздарының барлығы суда жақсы ериді. Оларды қыздырғанда, аммиак бөле ыдырайды.
Аммоний тұздары азот қышқылын алуға, тыңайтқыштар өндіруге, қопарылғыш заттар жасауға қолданылады. Аммоний нитраты мен аммоний сульфаты, аммоний гидрофосфаттары тыңайтқыш ретінде кеңінен қолданылады.
Аммоний хлоридін: дәнекерлеуге, гальвани элементін даярлауға, ал аммоний гидрокарбонатын: кондитер, тамақ өнеркәсібінде қолданылады.
Аммоний нитраты NH4NO3, алюминий және көмірдің коспасынан аммонал деп аталатын копарылғыш зат жасалынады.