Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар
Коммерциялық банктің қызметтері:
а) несие беруде делдалдық жасау, ақша эмиссиясы
ә) жинақтарды шоғырландыру, лицензия, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу
б) есеп шоттардан есеп айырысулар мен төлемдерді жүзеге асыруда делдалдық жасау, ақша эмиссиясы
в) үкіметке, коммерциялық банктерге несие беру
г) жинақтарды шоғырландыру, лизинг, төлемдер жасау мен айырысуларға делдалдық жасау.
ҚР банкінің біріктірілген балансында есеп шоттарының жоспары бойынша не көрсетіледі.
а) кірістер мен шығыстар
ә) активтер мен міндеттемелер
б) активтер, міндеттемелер және меншікті капитал
в) кірістер мен шығыстар және меншікті капитал
г) активтер, міндеттемелер мен кірістер
Коммерциялық банктің көрсетілген операцияларының ішінен қайсысы активті операцияларға жатады:
а) ссудалар беру, акциялар сатып алу
ә) депозиттер қабылдау, қымбат металдарды сатып алу
б) несиелер беру, басқа банктердің беретін қарыздары
в) акциялар сатып алу, ақша эмиссиясы
г) шетел валюталарын сатып алу, мемлекетті қаржыландыру.
Достарыңызбен бөлісу: |