3.2. Әлеуетті қарыз алушы туралы ақпарат және қарыз алушының қаржылық есебін зерттеп-үйрену
Әлеуетті қарыз алушылардың несие төлеу қабілеттілігін зерттеп-үйренудегі банктің жұмысы жүйелі және тұрақты болуы тиіс. Клиент туралы негізгі ақпарат көздері болып саналатындар:
банк мұрағатындағы клиент туралы мәлімет;
кәсіпорындардың несие алу қабілеттілігіне қатысты және мемлекеттік мекемелер мен агенттіктердің есептері мен өзге де материалдары, аналитикалық зерттеулер, инвестициялар бойынша анықтамалар;
клиентпен іскерлік байланыстар жасау туралы жабдықтаушылардың, сатып алушылардың, өзге де несие берушілердің мәліметтері;
әлеуетті қарыз алушыдан алынған қаржылық есеп,
несие беретін сарапшының клиентпен жеке байланысы, офистерде болу, қызметкерлермен сөйлесіп, әңгімелесу.
Несие алуға өтініш білдірген әлеуетті қарыз алушы туралы ақпараттар алу – бұл несие комитеті мен несие жөніндегі сарапшылардың маңызды қызметтік міндеті әрі жұмысы болып саналады. Олар жан-жақты ақпарат ала отырып, оны жинақтап қорытады және клиенттің несие алу қабілеттілігі туралы қорытынды береді.
Көптеген елдердегі коммерциялық кәсіпорындар қызметінің жай-күйі туралы есептерді жариялайтын агенттіктер - өздерін мамандандырылған мекемелер ретінде бекітіп үлгерді. Олар – «Дан және Бредстрит» несие агенттігі (АҚШ), «Роберт Моррис Ассошмэйтс» ассоциациясы (АҚШ), «Кредитинформ» агенттігі (Германия). Сондай-ақ бірсыпыра елдерде бір компанияның әртүрлі несие берушілерден алған несиелер туралы мәліметтерін жинақтап, қорытатын, тәуекелдер бойынша орталықтандырылған деректер базасы бар.
Банктер үшін несие алуға өтініш білдірген кәсіпорындар мен фирмалардың салықтық жағдайлары, есеп шоттар бойынша олардың қарыздары, сауда контрактыларының жай-күй туралы қаржы қызметінің ақпараттары маңызды болып табылады.
Қазақстан Республикасының отандық банк жүйесін қалыптастыру кезеңінде клиенттердің несие алу қабілеттілігін терең зерттеуге банктердің толық мүмкіндігі болмады және бұл түсінікті де еді. Осы уақыттар аралығында Қазақстанның коммерциялық банктері әлемдік банк ісі тәжірибесі бойынша клиенттердің несие алу қабілетіне талдау жасау әдістерін зерттеп-үйренді, соның нәтижесінде бүгінде Қазақстан Республикасының банк заңдары шеңберінде несие алу қабілеттілігін бағалау әдістері қолданылады.
Қарыз алушының қаржылық есеп берушілігін зерттеу – бұл басты ақпарат көзі болып саналады және несие беретін қызметкерлер кәсіпорынның (фирманың) ағымдағы жағдайы, соңғы екі-үш жылдағы өзгерістер, алдағы уақытта алатын пайданың мөлшері және несиені қайтарудың ықтимал дәрежесі туралы куәландырылады. Пайдалар мен зияндар туралы, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер мен динамикадағы актив пен пассив бойынша баланстың өзіне талдау жасалады.
Актив бойынша мыналар мұқият талдауға жатады:
ссуданы қайтару көзі болып қатысатын дебиторлық қарыз;
тауар-материалдық құндылықтардың жай-күйі мен бағалардың тұрақтылығы, дайын өнімдерді (тауарларды) өткізу, өткізуге әзір, несиені қамтамасыз ету түрінде қатысатын құндылықтардың қалдықтары.
Клиент балансының пассиві бойынша талдау жасау келесілерді қамтиды:
төлемдер жағдайы, оның мерзімі мен көлемі;
кәсіпорынның (фирмалардың) міндеттемелері, қаржы жүйелеріне, банктерге қарызын қоса есептегендегі несие (кредиторлық) қарыздарының ауқымы;
жеткізушілерге ақы төлеу үшін коммерциялық векселдердің болуы;
ұзақмерзімдік несиенің көзі болып қатысатын меншікті капитал;
тәуекел ететін есепке алынбаған және жасырын міндеттемелер.
Кәсіпорынның (фирманың) кірістеріне талдау жасау кезінде баланс активтерінің сапасы мен басқару тиімділігіне назар аудару маңызды болып саналады. Ссудалардың мерзімдері, берілетін несиелердің көлемі мен несиелердің бағалары банктің кірістеріне әсерін тигізеді. Кірістер мен шығыстар туралы есептерде, егер сөз күтпеген тәуекелдер арқылы мүлікті сатудан шеккен зияндармен байланысты ірі баптар туралы болып отырса, онда әсіресе кірістерге талдау жасау маңызды болып саналады.
Банктер кәсіпорындардың қаржылық есептері негізінде қаржылық көрсеткіштерді есептеп шығарады, клиенттің тұтастай жағдайын сипаттап береді.
Клиенттердің есептері негізінде коэффициенттерді есептеп шығару арқылы анықталатын дәстүрлі қаржылық көрсеткіштер:
мерзімі келген кезде кәсіпорынның (фирманың) қарызды қайтару мүмкіндігі бар ма;
дебиторлық есептер шынайы ма және материалдық қорлар өтімді ме;
айналым және негізгі капиталға қатынасы бойынша сату көлемі жеткілікті ме;
капиталға қатынасы бойынша кәсіпорынның (фирманың) кірісі жеткілікті ме;
фирманың жалпы жағдайы тұрақты немесе тұрақсыз болып санала ма деген сұрақтарға жауап бере алады.
Дәстүрлі қаржы коэффициенттері
№
|
Топ
|
Атауы
|
Сандық
|
Атаулық
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1.
|
Өтімді-лік
|
Жабу коэффициенті
|
Айналым капиталы
|
Қысқа мерзімдік міндеттеме
|
2.
|
Өтімді-лік
|
Өтімділік коэффициенті
|
Қорларды шегеріп тастағандағы айналым капиталы
|
Қысқа мерзімдік міндеттеме
|
3.
|
Айналымдық
|
Барлық активтердің айналымдылығы
|
Таза сатылғандары
|
Активтердің жалпы сомасы
|
4.
|
Айналымдық
|
Негізгі капиталдың айналымдылығы
|
Таза сатылғандары
|
Таза негізгі капитал
|
5.
|
Айналымдық
|
Қарыздарға инкассо қою кезеңі
|
Дебиторлық есеп шоттар
|
Несиеге орта тәуліктік сату көлемі
|
6.
|
Айналымдық
|
Қорлардың айналымдылығы
|
Өткізілген өнімдердің өзіндік құны
|
Қорлар
|
7.
|
Тартылған қаржылар
|
Қатынасы берешек
Меншік капитал
|
Қарыздың жалпы
сомасы
|
Негізгі капитал
|
8.
|
Қаржы-ларды тарту
|
Белгіленген төлемдерді жабу дәрежесі
|
Белгіленген төлемдер мен салықтарды шегергендегі кірістер
|
Белгілен-ген төлемдер
|
9.
|
Пайда-лылық
|
Кіріс келтірушіліктің операциялық қалыбы (нормасы)
|
Пайыздар мен салықтарды шегергенге дейінгі кірістер
|
Материалдық активтер сомасы
|
10.
|
Пайда-лылық
|
Сату көлеміне пайда қалыбы
|
Таза пайда
|
Сатудан түскен таза сома
|
11.
|
Пайда-лылық
|
Активтерге пайда қалыбы
|
Таза пайда
|
Активтердің жалпы сомасы
|
12.
|
Пайда-лылық
|
Әдеттегі акцияларға пайда қалыбы
|
Артықшылық берілген акциялар бойынша дивидендтерді шегергендегі таза пайда
|
Әдеттегі акциялар саны
|
Достарыңызбен бөлісу: |