Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті


Банктің қарыз алушылармен несиелік қатынасы және несие шартының рөлі



бет37/72
Дата30.12.2021
өлшемі2,81 Mb.
#106723
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72
51
5.2. Банктің қарыз алушылармен несиелік қатынасы және несие шартының рөлі
Банктің несие берудегі делдалдық қызметі толық көрінген кезде нақты экономикалық өмірдегі банктің рөлін көрсетеді.

Нарықтық экономика кезінде коммерциялық (іскер­лік) банктер несиелік қатынасын көптеген клиенттермен байланыста құра отырып, күрделі мәселелерді шешеді. Осылардың барлығы несие берудің аса ауқымды процесі арқылы жүзеге асады.

Несие беру – сауда, кәсіпкерлік қызмет пен пайда та­бу­ды қамтамасыз ететін банктердің маңызды операция­ла­ры болып саналады.

Несие беру теориясы мен тәжірибесінде банктің қа­рыз алушылармен өзарақатынасының жалпы негіздері мен қағидалары, терең психологиясы бар екендігін әлемдік тәжірибе дәлелдейді. Несие беру: субъектілердің несие бе­ру процесіне қатынасы; несие берушілер мен қарыз алушы­лар­дың өзарақатынасы; несие ресурстарының жеткілік­ті­лігі; қарыз алушылардың ссудаларды пайдалануы; қарыз­дардың болуы сияқты көптеген проблемаларды қамтиды.

Банк қарыз алушырмен несие қатынастарын орнату үшін клиенттің несиеге деген нақты қажеттілігінің пайда болуына сенімді болуы тиіс. Клиенттің несиеге объективті қажеттілігін білу және несиені қарызға, тек субъективтік қажеттіліктерді қанағаттандыру жағдайы үшін беру несиелік өзарақатынастардың беріктігін және ссудаларды қайтару мүмкіндігін көрсетеді.

Коммерциялық банктер қарыз алушыларға несиелер бе­ре отырып, тәуекелге барады, сондықтан несие беру про­це­сінің маңызы ссудаларды берудің техникалық ережесін жиынтық түрде орындау және бақылау мен мерзімінде қай­та­рудан ғана тұрмайды, сонымен бірге несие беруші мен қа­рыз алушының міндеттемелері бойынша әрбір нақты жағдайда шешімдер қабылдауды да білдіреді.

Нарықтық ортада несие беру бизнесі тұрғысынан отандық банктер үшін ендігі жерде талдау техникасы мен несие беру процедурасы емес, ең негізгі болып кең ауқымды пайымдау мен ұтымды шешімдер қабылдай білу қатысады. Сонымен бір мезгілде несие беру жағдайы өзіне несие беру үшін қарыз алушы орындауы тиіс талаптарды да енгізеді.

Банк клиенттің қаржылық орнықтылығы мен эконо­ми­калық тұрақтылығын зерттеп, несиеге деген қажеттілікті қарай отырып, оның экономикалық негізділігін, берілген деректердің сенімділігін ескереді. Қарыз алушының қарыз­ды несие шартында көрсетілген жағдайларға сәйкес қай­та­ру­ға қабілетті және дайын екендігіне сенімді болу үшін, ссу­даға қатынасы бойынша клиенттің өз ісіне жауап­ты­лы­ғын, қарыз алушының беделін, рентабельділігін; ссуданы қамтамасыз етуін; экономикалық конъюнктураны ескереді.

Банк қарыз алушыға несие беру процесі басталмай тұрып тәуекелді жою немесе оны төмендету мақсатымен әлеуетті қарыз алушыға талдау жасайды. Банктің бұл мақсаттағы міндеті клиенттің несие төлеу қабілетін анықтауға бағытталған.

Әлеуетті қарыз алушының несие төлеу қабілеті туралы дұрыс қорытынды жасаған жағдайда, банк несие шартының жағдайларын әзірлеуге кіріседі. Бұл кезең ссуданы құрылымдау деп аталады, банк аталмыш процесс кезінде: несие мақсатын, сомасын, қайтару тәртібін, ссудалардың мерзімін, қамтамасыз етуді, несие бағасын, өзге де жағдайларды анықтайды.

Нарықтық экономика жағдайында ссуда беруші мен қарыз алушы екі жақ та бірдей мүдделілік танытқанда ғана банктің несие қатынастары дамитын болады. Бірінші тарап, яғни несие беруші (банк) өзінің несие беру бизнесін дамыта отырып, ссуданың пайыздармен қоса мезгілінде қай­тарылуын қалайды. Ал қарыз алушы ссуданы ала оты­рып, оны қызмет процесіндегі қажеттіліктерді қанағаттан­ды­руға бағыттайды.

Дамушы елдердің банк жүйесіндегі несие беру бизне­сі несиені басқарудың келесідей негізгі ережелерін қамти отырып, көптеген жылдар ішінде өзін берік бекітті деуге болады. Ол ережелер бойынша:



  • банктің несие қабілеті (несие беру қабілеті) ка­пи­тал­дың жеткіліктігі мен өтімділігіне негізделген. Банк ақша іздейді, орта ставкаларды қайта қар­жы­лан­дыру ставкаларымен (рефинансирование), банк­­аралық несиелер бойынша ставкалармен са­лыс­­тыра отырып, депозиттердің тартымдылығын тал­дайды. Несие беруді қымбат ресурстар есебі­нен дамыту банкке пайдалы емес;

  • қарыз алушының бизнестегі бағытын, клиенттің өн­дірістік мүмкіндіктерін білуді талап ететін не­си­е­лерді шоғырландыру банк үшін маңызды мәселе. Бұл жерде негізгі шешімді қабылдау банктің жоғары шенді қызметкерлерінің үлесіне қалады;

  • несие беру өкілеттігі банктің несие саясатын жүргізу әрекетін қамтиды. Несие беруге қатысы бар (орындаушыдан бөлімнің меңгерушісіне дей­ін, директорлар кеңесі) банктің әрбір қызметкері несие беру процесін жылдамдатуы; несие тәуе­ке­лін азайтуға жұмыс істеуі тиіс.

Қызметкерлердің өз өкілеттіктері мен міндеттерін білуі маңызды болып саналады:

  • банктердің тиісті комитеттеріне, өзінің міндеттері шеңберінде клиенттермен келіссөздер жүргізетін, несие беру жағдайын, несие бағасын, қайтару мер­зімдерін анықтайтын аға қызметкерлерге келіс­сөз­дер жүргізуге өкілеттіктер берілген;

  • келіссөздер жүргізу кезінде банктің шешім қа­был­да­уына мүмкіндік бере отырып, құжаттама тәуе­кел­ден қорғауды қамтамасыз етеді. Қаржылық жә­не заңдық құжаттамалар несие беру процедура­ларын белгілеу үшін негіз болып қатысады;

  • бекіту (процедура) қарыз алушыға несие беру тәртібін аяқтайды. Несие комитеті несие берілуін мақұлдайды және оның сомасын анықтайды.

Банктің қарыз алушылармен несие қатынасы әлемдік тәжірибеде өзіне клиенттің несие туралы өтінішінен бастап, несиені толық қайтарғанға дейінгі аралықты қамтитын қадамдарын (10-16) енгізеді. Бұл мәселелер оқу әдебиеттерінде жеткілікті түрде қарастырылады.

Коммерциялық банктердің несие саясатын жүргізу мақсатында қарыз алушыға несие беру кезіндегі несие шарттарын жасауы маңызды процесс болып саналады.



Несие шарты – бұл несиеге қатынасы бойынша әрбір тараптың құқықтары мен міндеттері ескертілетін банк пен қарыз алушылар арасындағы контракт. Несие шарты қарыз алушының қаржылық жағдайын ұстап тұру немесе жақ­сар­ту; банктің мүддесін қорғай отырып, ақша қаражатының қозғалысы мен пайдалылық деңгейін жақсартатындай етіп құрылатын жағдайлар мен қосымша ескертпелерден және шектеулерден тұрады.

Несие шартының экономикалық және заңдық жақ­тары олардың мазмұнында көрсетіледі, оған мыналар кі­ре­д­і:

  • ссуданы алу мақсатын, сомасын, аудару туралы жар­лықты, төлем жасау кестесі мен процеду­ра­ла­рын енгізетін несие беру қаржысының сипатта­ма­сы;

  • терминология анықтамасы, қарыз беру күні, жұ­мыс күні, пайыздық кезең, пайыздар төлеу күні, көр­сетілген шарттарды орындамау жағдайы, келі­сім­нің күшін жою күні, растаушы құрал (завери­тель­ный инструмент) және т.б. қамтиды;

  • қарызды дәлелдеу – қаралуы қажет құ­жат­та­ма­лар­ды (мысалы, қарыз алушы жазған жай вексель) си­пат­тайды;

  • пайыз және комиссиялық ставка пайыздық тө­лем­дер бойынша комиссиялық ставкаларды анық­тай­ды;

  • алдын ала төлемдер жасау (ерікті және еріксіз), төлеу кезіндегі айыппұлдар және оны басқару жағдайын қамтиды;

  • ссуданы жабу құқығы, қарыз алушы тарапынан шарт­тарды орындамаған жағдайда, банк өзінің та­ла­бын қарыз алушы арқылы жабады және қарыз алу­шының кез келген активіне иелік ете алады;

  • кепілдер: оның заң ережесі, зайымдарды реттейтін басқа тұлғаларды қолдау сияқты банкке берілген, әртүрлі ақпараттарға сүйенетін қарыз алушының өті­ніші оның қаржылық есебінің дұрыстығы, соң­ғы қаржылық ақпараттар бойынша қаржылық жағ­дай­ға байланысты материалдарда кері өзге­ріс­тер­дің болмауы, қарыз алушыға қарсы талаптың (иск) жоқтығы, қарыз алушының активтеріне қарсы берешектері үшін мүліктерін ұстап қалудың кез келген құқығын сипаттау немесе оның болмауы.

Банктің ссуда алушылармен несие қатынастарын жетілдіруіне қатысты несие шарты құқықтық және нормативтік ережелермен толықтырылуы мүмкін. Осыған орай несие шартының өзгермейтін формалары болмайды деп бекітуге болады. Көпшілік елдердегі банктер аталмыш заң құжатына өз қатынастарын барынша дәл айқындайды. Несие шартының экономикалық және заңдық күші банктің қарыз алушыға өз талабын қоюына белгілі бір міндет­те­ме­лер­ді көздеуге немесе қажет болған жағдайда банкті келе­сі­дей ақпараттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:

        • нақты бір күнге арналған мәліметтер, ссуданың бүкіл мерзімі ішіндегі мерзімді аудиторлық және есеп қаржы құжаттары;

        • нақты капиталдың немесе меншікті капиталдың белгілі бір деңгейін белгілеу;

        • негізгі коэффициенттер бойынша (ағымдағы өтім­дік коэффициенті, борыштың меншікті капиталға қа­тынасы бойынша коэффициент) белгілі талап­тар­ға жауап беру;

        • ескертілген мерзімдер бойынша көрсетілген шарттардың орындалмау оқиғалары туралы жазбаша хабарлама беру;

        • қарыз алушының меншігіндегі кітаптарға және инспекцияларға, оның операциялары бойынша банкке өту мүмкіндігіне рұқсат ету;

        • барлық қауіптер мен міндеттемелерге қарсы сақтандыруды қолдау;

        • салықтарды уақытында төлеу;

        • қосылуға қатыспау және өз активтерінің маңызды бөлігін сату;

        • шартқа қол қою уақытындағыдан үздік саналатын басқа қызмет түрімен айналыспау.

Қазақстан Республикасының банк тәжірибесіндегі несие шартын арнайы құжат ретінде белгілі бір кесте бойынша коммерциялық банктер жасайды және оны тиісті талаптарға сәйкес ресімдейді. Несие шарты белгілі бір ақы төлеу арқылы толтырылады.

Несие шартының бірінші бөлігінде банк несиесінің, сондай-ақ кепілдеме немесе кепілдік берушіліктің бөліп көрсетілуімен, заңды тұлға Жарғысы негізінде әрекет ететін банктің және қарыз алушының атауы көрсетіледі.

Одан әрі шарттың заты (предметі) – несие объектісі, қысқа мерзімдік ссудалар (ұзақ мерзімдік несие) сомасы, ссудалардың мерзімі, қайтару күні, несие үшін пайыздық ставка, пайыздарды төлеу тәртібі мен мерзімдері көрсеті­ле­д­і.

«Тараптардың құқығы мен міндеттері» бөлімінде мыналар қаралады:

ссуданы мақсатты пайдалану, оны уақытында қайтару және табысы жеткіліксіз болған жағдайда қарыз алушы кепілдікке қою арқылы (оның меншік құқығына жататын) қайтаруға міндеттенетін, кепілдік беру туралы шартта көр­се­тілген пайыздарды төлеу міндеттемелері көрсетілетін; ссу­даны қайтару тәртібін, несие үшін пайыздар төлеу бойын­ша міндеттемелерді және несиені уақытында қайтар­ма­ған жағдайда төлейтін пайыздар мөлшерін, несие үшін пайыздарды аудару мерзімдері мен тәртібін көрсететін; талап етуі бойынша банкке бухгалтерлік, қаржылық, шаруашылық құжаттарын, есептің бүкіл түрлерін беруге (тапсыруға) міндеттенетін; кәсіпорын мәртебесі бойынша бүкіл өзгерістерді банкке хабарлайтын және ссуданы пайыздармен толық сомада банкке мерзімінен бұрын қайтаратын қарыз алушының міндеттемелері. Қарыз алушының сондай-ақ ссуданы қайтару мерзімін ұзарту туралы банкке өтініш білдіруге; банктің өз тарапынан міндеттемелерін бұзуы кезінде өсім мөлшерінде айыппұл төлеуін талап етуге құқығы бар.

Банктің (несие берушінің) құқығы мен міндеттеріне мынадай мәселелер кіреді:



  • ақша және несие нарығының хал-ахуалына қа­тыс­ты ссудаға пайыздық ставкалардың өзгеруі; қарыз алу­шы­ның шарттық міндеттемелерді бұзуы кезінде алдағы уақыт­та ссуда беруді тоқтату; қайтарудың болашағы жоқ деп та­ныл­ғанда ссуданы мерзімінен бұрын өндіру; несиені мақ­сат­ты пайдалану бойынша жер-жерлерде тексерулер жүр­гізу; ссудаларды және меншікті қаржыларды пайдалануды қамтамасыз ету. Несиені мақсатты пайдаланбағаны үшін банктің есептелген пайыздармен қоса алғанда ссудаға қарызының бүкіл сомасын және ссудаға берешегінің 25%-ы мөлшерінде айыппұл өндіртуге құқығы бар. «Жалпы ереже» бөлімінде несие шартының заңдылығы, заң­дылық­тарға сәйкес дауларды шешу мәселелері атап көрсетіледі. Несие шартының соңында тараптардың мекен-жайлары, банк операциялары бойынша есеп шоттарының нөмірлері көрсетіледі, жетекшілердің қолдары мен мөр қойылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   72




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет