Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті



бет47/72
Дата30.12.2021
өлшемі1,33 Mb.
#106723
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72
6.4. Ішкі тәуекелдер
Ішкі тәуекелдер банктің түрі мен өзіне тән белгі­ле­рі­не, қызмет (операцияларының) сипатына және оның әріп­тес­терінің (клиенттер мен контрагенттердің) құрамына қатысты болады.

Банктің түріне байланысты тәуекелдер.

Банктер мен банк мекемелері мемлекеттік және жеке­мен­шік (мемлекетті емес) болуы мүмкін, өздерінің тарап­та­ры­нан олар кооперативтік және коммерциялық банктерге бөлінеді. Коммерциялық банктердің – мамандандырылған, салалық және әмбебап үш үлгісі (типі) өмір сүреді. Тәуекелдердің барлық түрлері олардың әрбірінде болады, дегенмен олардың туындау жиілігінің ықтималдығы мен өзгешелікті белгілері банк мекемесі үлгісінің өзіне қатысты болады.



Әмбебап коммерциялық банктер іс жүзінде банк қызметінің барлық түрлерімен (несие беру, есеп айырысу және қаржылық) айналысады. Кейінгі уақыттарда әмбебап коммерциялық банктер әртүрлі бағалы қағаздар, лизинг, факторинг, клиринг және т.б.с. сияқты дәстүрлі түрде жүзеге асыруды қолға ала бастады.

Мамандандырылған коммерциялық банктер өздерінің қызметін, негізінен, нақты қызметтер көрсетуге бағдар­лау­да. Мысалы, инновациялық, инвестициялық, ссудалық жи­нақ, ипотекалық, депозиттік, клирингтік және өзге банктер.

Жекелеген банктер өздерінің жұмыстарын салалық (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс) немесе қыз­мет­тік (биржалық, сақтандыру, трасталық, кооперативтік, коммуналдық) белгілері бойынша бағдарлайды.

Сондай-ақ мамандандырылған коммерциялық банкт­ер қызметінің нарықтық бағдарлауы өмір сүреді, яғни олар аймақтық, аймақаралық, трансұлттық болуы мүмкін.

Алуан түрлі коммериялық банктер бетпе-бет келетін ішкі тәуекелдердің деңгейі мен түрлері, негізінен, олардың қызметінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты болады.

Мамандандырылған коммерциялық банктер, мысалы, инновациялық банктер жаңа технологияларға несие беру­мен байланысты тәуекелдерге барады. Іріктеп жасалған статистикалық талдаулар нәтижелеріне сәйкес, әлеуетті тиімділігіне алдын ала біліктілік тұрғысынан баға берусіз технологиялық жаңалықтарды іске қосу ең үлкен тәуекелді білдіреді. Соған қарамастан инвестициялық банктердің көп­шілігі, мысалы, қоржындық тәуекелдердің неғұрлым төмен деңгейіне ие, өйткені олардың клиент­те­ріне бағалы қағаздардың несие қоржындарын басқару бойынша алуан түрлі қызмет ұсыну мүмкіндігі бар. Сөйтіп, олар бел­гі­лен­ген кірістерді ала алады.

Салалық банктерде тәуекелдер деңгейі үшін нақты саланың түрі мен ерекшелігі (ескі немесе жаңа, болашағы зор, стратегиялық және т.б.) басты маңызға ие. Ал әмбебап банктердің қызметі екі үлгінің де тәуекеліне барады.

Банк операцияларының сипатымен байланысты тәу­екел­дер.

Банк операцияларының сипатына қатысты тәуекелдер баланстық немесе баланстан тысқары операциялардың ерекшеліктерімен байланысты болуы мүмкін: екеуі де активті және пассивті операциялыр тәуекелдеріне бөлінеді.

Пассивтік операциялар тәуекелдері.

Банк осы пассивтік операциялардың көмегімен ак­тив­ті банк операцияларын жүзеге асыру үшін өз ресурстарын реттейді. Жарғылық капиталды қалыптастыруға (көбей­ту­ге) пайдадан аударымдар жасау; өзге заңды тұлғалардан алынған несиелердің мөлшері; депозиттік операциялар коммерциялық банктердің пассивті операцияларына жатады. Пассивті операциялардың тек бірінші тобы ғана банктердің меншікті қаржыларын қалыптастырады. Өзге заңды тұлғалардан банк ссудаларын алу ең алдымен банктер балансының өтімдігін жедел реттеу немесе болжап білмеген несиелерді беру үшін қажет болады.

Депозиттік операциялар – бұл салымдарға немесе талап еткенге дейін немесе белгілі бір мерзімге заңды тұлғалардың немесе жеке тұлғалардың қаражаттарын тарту операциялары. Депозиттер шұғыл, талап еткенге дейін, жеке тұлғалардың жинақ салымдары, бағалы қағаздар түрінде болуы мүмкін. Пассивтік операциялар тәуекелдері активтік операцияларды ресурстармен қамтамасыз етудегі болуы мүмкін қиындықтармен байланысты болады.

Банктер депозиттерді қалыптастыру бойынша тәуекелдің алдын алу үшін пассивтік және активтік депозиттік операциялары, яғни кәсіпорындардың банктегі салымдары мен бір банктің басқа банкте орналасқан салымдары арасындағы оңтайлы арақатынасты сақтауы; ұтқыр (мобильдік) қаржылардың деңгейі мен сапасын арттыру үшін сақтауға тартылатын бағалы қағаздардың мөлшері мен өтімдігін анықтауы, меншікті қаржылар мен тәуекел активтердің дұрыс саналатын ең төменгі арақатынасын табуы көзделеді.



Активтік операциялар тәуекелдері.

Активтік операциялар тәуекелдері банктер өз қыз­мет­терін жүргізуі процесінде тұрақты түрде кездесетін пайыз­дық тәуекел деңгейімен байланысты болады. Пайыздық тәуекелді басқару активтер (несиелер мен инвестициялар) мен пассивтерді (қарызға берілетін қаржыларды) басқару­дан тұрады.

Активтерді басқару банктің өзінің өтімдік деңгейіне және оның клиенттерінің бағалы қағаздар қоржынына, сондай-ақ бәсекелестік дәрежесіне (баға және бағасыз), ал пассивтерді басқару – ссудаларды беру үшін қаржыларды ала алу мүмкіндігіне қатысты болады.

Қоржындық (портфельдік) тәуекел.

Қоржындық тәуекел бағалы қағаздардың жекелеген үл­гілері (типтері) бойынша, сондай-ақ ссудалардың бүкіл са­наттары бойынша шығындар ықтималдылығынан тұ­ра­ды. Қоржындық тәуекелдер қаржылық, өтімдік, жүйелі жә­не жүйелі емес тәуекелдерге бөлінеді. Банктердің, ак­ци­о­нер­лік қоғамдардың, кәсіпорындардың, оның ішінде бір­лес­кен банктердің қарызға берген қаржылары неғұрлым көп болса, олардың акционерлері мен құрылтайшылары үшін қаржылық тәуекел де соғұрлым жоғары болады. Сонымен бір мезгілде қарызға берілетін қаражаттар қар­жы­лан­дырудың маңызды және тиімді көзі болып саналады, өйткені бағалы қағаздардың қосымша санын шығарып, оны сатуға қарағанда, ол жиі түрде арзанға түседі.

Өтімдік тәуекелі – бұл қаржы активтерінің қол ақшаға жедел айналу қабілеті. Орталық биржаларда акциялары айналым жасайтын аса ірі және белгілі өндірушілер мен банктердің мұндай тәуекелдері аз болады. Ал шағын фир­малар, әсіресе жаңадан құрылған, венчурлық фирмалардың тәуекелдері неғұрлым жоғары болады деп айтуға болады. Мұндай жағдайда делдалдарды таңдауға айрықша назар аудару қажет болады. Қаржы делдалдарының негізгі түр­ле­рі, олардың құқықтары мен міндеттерінің өзіндік ерек­ше­ліктері банктердің іскерлік белсенділіктеріне үлкен әсерін тигізеді. Оларды дұрыс таңдау сондай-ақ тәуекелдердің барлық түрлерінің деңгейіне әсер етеді.

Жүйелі түрде болатын тәуекел акцияларға, олардың кіріс ­кел­ті­рушілігіне, облигациялар бойынша ағымдағы және кү­ті­ле­тін пайыздарға, күтілетін дивиденд пен жалпы нарықтық ауытқулардан туындаған қосымша пайдаға бағалардың өзгеруімен байланысты болады. Ол пайыздық ставкалардың өзгеру тәуекелін, жалпы нарықтық бағаның өзгеру тәуекелі мен инфляция тәуекелін біріктіреді. Ба­рын­ша дәл болжам жасауға болады, өйткені акциялардың бир­жа­лық бағамы мен нарықтың жалпы жағдайы арасындағы тығыз байланыс тұрақты және әртүрлі биржалық индек­с­тер­мен сенімді түрде тіркеледі.

Жүйелі түрде болмайтын тәуекел нарық жағдайына қа­тысты болмайды және нақты кәсіпорынның, банктің ерек­шелігі болып саналады. Ол сондай-ақ салалық және қар­жылық болуы мүмкін. Қаржылық ресурстарды салатын ба­ламалы салалардың болуы, тауар және қор нарық­та­ры­ның конъюнктурасы жүйелі емес қоржындық тәуекел дең­гей­іне әсер ететін негізгі факторлар болып саналады. Жүй­е­лі түрде болатын және жүйелі түрде болмайтын тәуекел­дердің жиынтығы инвестициялар тәуекелі деп аталады.

Жалпынарықтық бағаның түсу тәуекелі.

Жалпынарықтық бағаның түсу тәуекелі – бұл қандай да бір қаржылық активтер бойынша толық алынбайтын кірістер тәуекелі. Жиі түрде ол бүкіл бірмезгілде айналым жасайтын бағалы қағаздар нарығындағы бағаның түсуімен байланысты болады.



Инфляция тәуекелі.

Инфляция тәуекелі – бұл салалардың өмірлік кезеңімен (циклімен) айқындалатын тәуекел. Салалардың дамуына әсер ететін негізгі факторлар мыналар болып саналады:

а) экономиканы қайта бағдарлау, ол әлемдегі, жеке­ле­ген аймақтардағы, елдердегі, нарықтардағы жалпы эконо­ми­калық тұрақсыздықпен, сондай-ақ ресурстарға бағаның өсуімен байланысты факторлар;

ә) ішкі және әлемдік өткізу нарықтарындағы сұраныстың өзгеруі;

б) өркениеттің жалпытарихи дамуы.

Несие тәуекелі.

Тәуекелдің бұл түрі бірдей дәрежеде банктерге де, сол сияқты олардың клиенттеріне де жатады және өнер­кә­сіп­тік (өндіріс құлдырауының ықтималдығымен немесе белгілі бір саланың өнімдеріне сұраныстың болуымен байла­ныс­ты); реттеу және тасымалдап жеткізу тәуекелі қан­дай да бір себептермен шарттық қатынастардың орын­дал­мауымен келісілген; ресурстардың түрлерін (жиі түрде мерзімі бойынша) трансформациялаумен байланысты тәу­е­кел және форс-мажорлық жағдайлар тәуекелі болуы мүмкін.

Қарыз алушыларға несие беру тәуекелі берілетін несиенің түріне байланысты болады. Несие беру мерзі­м­деріне қатысты қысқа мерзімдік, орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік; қамтамасыз ету түрлеріне байланысты - өз негізінде жеке және банктік болуы мүмкін, қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген; несие берушілердің ерекшеліктеріне қарай – банктік, мемлекеттік, коммер­ция­лық (фирмалық), сақтандыру компаниялары мен жеке тұлғалардың несиесі, клубтық (несие берушілердің саны шек­телген) және ашық (оған кез келген банк пен кәсіп­орын­дар қатыса алатын) түрде құрылымданатын консор­циалды (синдицияланған) болуы мүмкін. Ал дебиторлар түріне қатысты – ауыл шаруашылық, өнеркәсіптік, комму­нал­дық, жеке; пайдалану бағыты бойынша – тұтыну, өнер­кәсіптік, айналым қаражаттарын қалыптастыратын – ин­вес­­тициялық, маусымдық, уақытша қаржылық қиындық­тар­ды жоюға арналған – аралық, бағалы қағаздармен опе­ра­циялар жасауға пайдаланылатын – импорттық және экс­порттық; көлемі бойынша – шағын, орта, ірі; берілу тәсілі бойынша – векселдік, ашық есептер көмегі жағдайындағы маусым­дық консигнациялар болады.

Қарыз алушылардың несие алуы мен төлем қабіле­т­ті­лі­гіне талдау жасау несие беру тәуекелін азайтудың не­гіз­гі әдісі болып саналады. Осыған орай банк кепілдік беруді талап етуге құқылы. Банк сондай-ақ қарыз үшін кепілге берген мүліктің сапасын, оның өтімдік деңгейін, несие кө­ле­мімен оның нарықтық құнының арақатынасын бақылап отыруы қажет.

Көлік тәуекелі.

Көлік тәуекелі айрықша қызығушылық туғызады. Олар­дың жіктеуі бірінші рет Парижде (1919 ж.) Халық­ара­лық сауда палатасында келтірілді және 1936 жылы ИНКО­ТЕРМС-тің алғашқы ережесі жария етілген кезде бір жүйеге түсті. Соңғы түзетулерден соң (1990 ж.) әртүрлі кө­лік тәуекелдері дәрежелері бойынша және жауап­кер­ші­лік­тері бойынша Е,Р,С және О төрт топқа жіктеледі.

Е тобы – жабдықтаушы (сатушы) тауарды өзінің мен­шікті қоймаларында (Ех\Уork) ұстаған кездегі бір ахуалды білдіреді. Жабдықтаушы мен оның банкі, сатып алушының тауарды қабылдап алған сәтіне дейін тәуекелдерді өздеріне қабылдайды. Сатушының қоймасынан соңғы нүктеге дейінгі тасымалдау тәуекелін ендігі жерде сатып алушы мен оның банкі көтереді.

F тобы тәуекелдерді өткізіп беру мезетін реттейді (бел­гілі жерде, белгілі бір портта немесе бортынан жүк­терді түсіріп болғаннан кейін).

С тобы экспорттаушы, сатушы, оның банкі сатып алу­шы­лармен (өзіне ешқандай тәуекел алмастан) тасымалдау шартын жасаған кездегі ахуалды білдіреді. Терминдердің соң­ғы Д тобы бүкіл көлік тәуекелдерін сатушы көте­ре­тін­дігін білдіреді.

Лизингтік және факторингтік тәуекел.

Лизингтік және факторингтік операцияларды жүзеге асыру кезіндегі баспа-бас (бартерлік) айырбас жасау тәуекелі және клирингтік мәмілелерде сондай-ақ тәуекел бар.

Лизинг – бұл жаңа техника мен технологияларды да­мытуды, нақты негізгі капиталдың жекелеген элементтерін жедел енгізудің қажеттілігі жағдайында әсіресе маңызды құрал-жабдықтардың сатылуын кеңейтуді, тауарлардың өмірлік кезеңін (циклін) қысқартуды қаржыландыру әдісі болып табылады.

Қазіргі кезеңдегі лизинг жоғары тәуекелді операция болып саналады. Сондықтан да шығындарды жабуды банктің резервтік қоры есебінен жүзеге асырған дұрыс.

Ол лизингтік операцияларды жүзеге асырушы субъек­тілер арасындағы қатынастардың формаларына қатысты жедел, қаржылық, қайтымды, халықаралық болуы мүмкін. Жоғарыда келтірілген лизинг түрлерінің әрбірі тікелей жә­не жанама, шұғыл және қалпына келтірілетін (ре­воль­вер­лік); таза және толық болады.

Факторингтік операциялар бойынша тәуекелді азайту үшін қарыз алушылардың төлем қабілеттілігіне, олардың жабдықтаушылармен шаруашылық байланыстарының жә­не өзара қатынастарының сипатына, төлемдердің құрылы­мына, өнімдердің бәсекеге төтеп беру қабілеттілігіне, қарызды қайтару жағдайларына талдау жасау көзделеді.

Сараптық бағалау әдістерінің көмегімен нақты ахуалға әсерін тигізетін тәуелді және тәуелсіз, сыртқы және ішкі факторларды талдау, тәуекел деңгейін өлшеудің негізгі тәсілдерінің бірі болып саналады.

Одан өзге, нарықтық экономикасы дамыған елдердің коммерциялық банктерінің тәжірибесінде банк кепілдік­те­рі­нің жүйесі кең түрде қолданылады. Кепілдік операция­ла­рына қатысушы банктердің санына байланысты тікелей, жанама делдалдық операциялардың ара жігі ажыратылады.

Әдетте, төлемдердің сомасы, жағдайы мен мерзімі банк кепілдіктерінің негізгі элементтері болып саналады. Операциялардың сипаты ескеріле отырып банк кепіл­дік­те­рі­нің қандай бір үлгісі (типі) (жеткізу кепілі, аванс кепілі жә­не т.б.) қолданылуы мүмкін.

Банк клиентінің ерекшеліктерімен байланысты тәуе­кел­дер.

Банк өзінің негізі бойынша – коммерциялық кә­сіп­орын. Тәуекелдің барлық түрлерін азайту қағидасы мен аз шығын жұмсай отырып банктің пайда табу қағидасы «банк-клиент» өзара қатынасының негізі болып саналады. Банк шын мәнісінде өзінің меншікті капиталымен (кли­ент­тің капиталымен және оның пайдасымен емес) тәуекел ете ала­ды (ол өзінің қызмет процесінде күн сайын тәуекелге ба­ра­ды).

Банк тәуекелді азайту мақсатымен клиенттердің са­лым­­дарын банк қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша шо­ғырландырады; несиелерді неғұрлым шағын сомалар тү­рін­де клиенттердің көп санына беруге тырысады; клиент­тер­ге консорциалдық негізде үлкен несие сомаларын береді.

Банктердің тәуекел деңгейі клиенттердің санына қа­тыс­ты анықталады. Кәсіпорындардың көлеміне бай­ла­ныс­ты клиенттер – шағын, орта және ірі үш топқа жіктеледі. Ша­ғын және орта қарыз алушылар неғұрлым икемді, на­рық­тың, клиенттің қажеттіліктерін тез сезінеді. Олардың құ­рылымы неғұрлым жеңіл, сондықтан да оларға өздерінің іскерлік бағыттарын тез өзгертуге, сөйтіп жоғары пайда алуға мүмкіндік береді. Дегенмен, олар меншікті ка­пи­тал­дың шектеулілігінен бәсекеге, саяси немесе экономикалық сипаттағы өзгеріс­тер­ге төтеп бере алмайды. Ірі кәсіп­орын­дар керісінше, не­ғұр­лым инертті болып саналады.

Олар нарық қажеттіліктеріндегі өзгерістер мен нақты тұтынушының қажеттіліктеріне тез шешім қабылдамайды, сондай-ақ өздерінің іскер белсенділік бағыттарын сирек өзгертеді, өйткені олардың салмақты мөлшерде меншікті капиталы бар, сол себептен де кейбір қолайсыз экономикалық ахуалдарға төтеп бере алады. Олар сондай-ақ кепілді және кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсетудің барлық түрлерін жүзеге асыру, әртүрлі жарнамаларға көп қаржы жұмсау мүмкіндіктеріне ие. Басқалай айтқанда, олар әрқашанда орташа пайда мен тиімділікті қамтамасыз етеді. Сондай-ақ банктер тәуекелі деңгейі мен клиенттердің әртүрлі меншік түрлеріне жатушылығы арасында өзарабайланыс бар. Меншіктің әртүріне жатушылығы бойынша өндірушілер – мем­ле­кет­тік, жеке меншік, кооперативтік, акционерлік топтарға бө­лінуі мүмкін. Соңғы екі түрі бірлескен (трансұлттық) және моноұлттық болады. Осыған байланысты тәуекелдердің алуан түрлері олардың қызметі процесінде көп немесе аз маңыз атқарады. Банктің мақсаты – активтік және пассивтік операциялар арасындағы оңтайлы ара қатынасқа ие болу, қызметтің үзбеліксіз деңгейін қамтамасыз ету үшін өзінің қажетті өтімдігі мен тиімділігінің деңгейін сақтау үшін өз клиенттерінің қоржынын (портфелін) таңдау болып саналады. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл мақсат үшін тәуекелдердің бүкіл түрлерінің деңгейіне тұрақты түрде талдау жүргізу, әрбір нақты кезең үшін олардың маңызын анықтау және оларды басқару тәсілдерінің бүкіл жиынын пайдалану қажет.

Банк тәуекелін реттеу қарыз алушының қаржылық жағ­дайын бағалауға емес, берілген несиелердің жиыны мен банктің өзінің меншікті қаражаты арасындағы белгілі бір арақатынасты белгілеуге негізделеді, яғни клиенттердің кедейшілікке ұшырауы жағдайында болуы мүмкін шы­ғын­дар­ды жабу үшін банктердің резервтік әлеует жасауын болжайды. Нормативтердің сандық сипаттамасы эконо­ми­ка­ның жағдайымен, банк жүйесін орталықтандыру деңгейі­мен келісілген. Дамыған елдердегі меншікті және қарызға алған капитал арасындағы арақатынас 1:10-нан 1:100-ге дейінгі деңгейде болады. Мысалы, АҚШ-тағы меншікті капиталдың қарызға алған қаржыларға қатынасы – 1:15, бұл қатынас Германияда – 1:30, Швейцарияда – 1:12, Жапонияда – 1:83. Австрияда бір қарыз алушыға берілетін несие банктің негізгі капиталының 50 пайызынан асып кетпейтіндей болады. Ал Ирландияда банк депозитінің жалпы сомасының 1 пайызынан асып кететін депозиттерді бір салымшының банкке орналастыруына тыйым салын­ған, сол сияқты ең ірі деген 10 салымшы банкте оның депо­зит­те­рінің 40 пайызынан асатын сомасын ұстамауы тиіс. Ұлы­британияда коммерциялық банктер барлық депозит­тер­дің 5% сомасын құрайтын әрбір депозит туралы Англия банкіне хабарлап отыруы қажет.

Белгияда банктер, реттейтін қалдыптар (нормалар) қаралмаса да банк комиссиясына депозиттердің жағдайы туралы хабарлап отырады.

АҚШ-та өздерінің АҚШ үкіметі алдындағы міндетте­ме­лерінен құтылмаған, Халықаралық валюта қорының мүшесі болып саналмайтын елдерге несие беруге тыйым салатын Джонсон (1934) заңы қолданылады.

Коммерциялық банктер өз тәуекелдерінің деңгейін қан­дай тәсілдермен талдайды және қалай болады, тек нақ­ты ахуалға ғана қатысты болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет