Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті


Сақтандыру - тәуекелдерді басқару құралы ре­тін­де



бет49/72
Дата30.12.2021
өлшемі2,81 Mb.
#106723
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72
51
Сақтандыру - тәуекелдерді басқару құралы ре­тін­де. Сақтандырудың көмегімен тәуекелдердің экономи­ка­лық және саяси екі негізгі санатын жабуға болады.

Несиелерді сақтандыру өзінің негізі бойынша несие тәуекелін азайтуға немесе жоюға мүмкіндік береді. Жаб­дық­таушыларға немесе сатып алушыларға берілетін ком­мер­циялық несиелер, банк ссудалары, несие бойынша мін­дет­темелер мен кепілдіктер, ұзақ мерзімдік инвестициялар және т.б. негізінен, несиелерді сақтандыру объектілері болып қызмет етеді. Сатушыны немесе несие беруші-банк­ті қорғау мүдделері келесілерден тұрады: борышкердің тө­леу­ге қабілеті болмағанда немесе берілген несиелер бой­ын­ша қарызын борышкер өзге де себептермен төлемеген жағдайда несие қарызын өтеу жауапкершілігін сақтандыру компаниясы өзіне алады.

Сақтандыру ерікті негізде екі үлгіде (формада) жүзеге асырылады:


  • қарыз алушының жауапкершілігін сақтандыру (қа­рыз алушы сақтындырушы болып қатысады, несиелерді пай­даланғаны үшін пайыздарды енгізе отырып, несиені уақытылы және толық өтеудегі не­сие берген банктің ал­дын­дағы оның жауапкер­ші­лігі сақтандыру объектісі болып саналады);

  • несиені қайтармау тәуекелін сақтандыру (сақтан­ды­ру­шы – банк, ал сақтандыру объектісі – несиені пайда­лан­ға­ны үшін несие мен пайыздарды уақытылы және толық қайтарудағы банк алдындағы бүкіл немесе жекелеген қарыз алушылардың жауапкерішілігі).

Келесілер сақтандырудың негізгі кезеңдері болып саналады:

  • сақтанушы қабылдайтын жауапкершілік мөлшері;

  • сақтандыру оқиғасын анықтау;

  • шығындарды өтеу тәртібі;

  • сақтандыру тарифі мен сыйлықтардың мөлшері.

Валюталық тәуекелдерді сақтандыру ерекшелігі назар аударуды талап етеді. Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырушы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін ва­лю­талық тәуекел мәселелері мен оларды сақтандыру әдістері өзекті бола түседі. Шетел валюталары бағамдарының ауытқуы шаруашылық қызметінің нәтижелеріне маңызды түрде әсерін тигізеді. Кәсіпорындардың валюталық қор­ла­рына жасалатын аударымдар көлемінің өсуіне қарай жи­ын­тық бағам шығындары да өседі, сондықтан да валюталық тәуекелді шектеу әдістерін таңдау өмірлік маңыздылыққа айналады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың өз валюталық қор­ла­рын банк шоттарында сақтауы кезінде валюталық тәуе­кел­дер­дің келесідей екі түрі туындайды:



  • барлық шетел валюталарына ұлттық валюта баға­мы­ның түсу тәуекелі;

  • әрбір теңге құнын түзетуге әкелген шетел валю­талары бағамдарының өзара өзгеру тәуекелі.

Валюталық тәуекелдердің туындауы оларды сатып алу-сату кезіндегі мәмілерді жүзеге асыру барысындағы валюталар бағамының өзгеруінен болатын шығындар қауіпімен байланысты болады. Осыған орай сақтан­дырудың жалпы және өзіндік әдістері қолданылады.

Валюталық тәуекелдерді сақтандыру әдістері – бұл күтіліп отырған валюта бағамының өзгеруімен немесе алыпсатарлық арқылы пайда алумен байланысты туын­да­ған тәуекелден толық немесе жартылай жалтарып кетуге мүмкіндік беретін операциялар. Хеджирлеу – болашақта айырбас валюта бағамдарының өзгеру ықтималдылығын ескеретін және осы өзгерістердің қолайсыз зардаптарын болдырмау мақсатын көздейтін шұғыл контрактылар мен мәмілелер жасау жүйесі.

Нақты хеджирлеу (мәміле жасау мен тауарды жеткізу арасындағы уақытта бағаның өзгеруінен болатын жа­ғым­сыз өзгерістерден сақтандыру мақсатындағы қорғаныс операциялары) әдістеріне мыналарды жатқызуға болады:


  • құрылымдық теңдестіру (активтер мен пассивтер, кредиторлық және дебиторлық борыштар);

  • төлем мерзімдерінің өзгеруі;

  • своп үлгісіндегі (типіндегі) операциялар;

  • опциондық мәмілелер;

  • қаржылық фьючерстер;

  • шетелдік валютамен несие беру және шетелдік валютамен инвестициялар салу;

  • валюталық берешектерді қайта құрылымдау;

  • қосанжарлы (параллельді) ссудалар;

  • лизинг;

  • шетел валютасындағы талаптарды дисконттау;

  • «валюта себетін» пайдалану;

  • банк филиалдарының төлемдерді «өсіп отырған» валюталармен жүзеге асыруы;

  • өзін-өзі сақтандыру.

Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, 2-6және 11 әдістері қысқа мерзімдік хеджирлеу үшін, ал 7-10, 13 және 14 әдістері ұзақ мерзімдік хеджирлеу үшін қолда­ны­ла­ды. 1 және 12 әдістері барлық жағдайларда табыспен пай­даланылады, ал 9 және 13 әдістерін шетелдік филиал­да­ры бар компаниялар мен банктер қолданады.

Құрылымдық теңдестіру (балансировка) осы өз­ге­ріс­тер­ден банктің басқа позициялары бойынша алынған пай­даға валюта бағамының өзгеруінен болған шығындарды жабуға мүмкіндік беретін активтер мен пассивтер құрылымын ұстап тұруға ұмтылуынан тұрады.

Төлем мерзімдерін өзгерту валюталар бағасы немесе төлем валюталары бағамдарының (төлем валюталары бағамының көтерілуін күту жағдайында тауарлар мен қыз­мет­терге мерзімінен бұрын төлем жасау немесе керісінше бағамның төмен түсуін күту жағдайында төлемді ке­шік­ті­ру; пай­да­ларды репатриациялауды жеделдету немесе бая­лату, не­си­е­лердің негізгі сомаларын өтеу және пайыздар мен диви­денд­терді төлеу; шетелдің валюта қаржысын алу­шы­ның түсімдер конверсияларының мерзімдерін ұлттық валютаға реттеуі) күрт өзгеруін күту жағдайында қолда­ны­латын есеп айырысуларды жүзеге асыру мерзімдерімен алаяқтық (манипулирование) жасауды білдіреді.

Форвардтық мәмілелер – шетел валюталарын сатып алу – сату операциялары бойынша тәуекелдерден жалтару мақсатымен қолданылады және уақытында жеткізуді қа­рай­ды. Мәміленің маңызы мынада: төлем валюталары ба­ға­мының көтерілуінен сақтанған импорттаушы банкке ер­те­рек өтініш білдіреді және бұл оған валютаны төлем мер­зі­міне жақындатылған жеткізіп беру мерзімімен сатып алу құқығын береді. Қарапайым түрде қарсы әрекет жасайтын экс­порттаушы валюта тәуекелдерін сақтан­ды­ру­ды фор­вард­тық операциялардың көмегімен жүзеге асыра алады.

«Своп» үлгісіндегі (типіндегі) операциялар форвард жағдайында одан кейін кері операциялар жасау арқылы «Своп» жағдайымен шетел валюталарын сатып алу кезінде жасалады. Мұндай мәмілелер нәтижесінде банктер халықаралық есепайырысулар үшін қажетті валюталарды сатып алады және өзінің валюталық позицияларын жабық ұстайды.



Опциондық мәмілелер – сатып алушы белгілі бір мерзім ішінде немесе белгіленген баға бойынша шетел валютасының қосымша ескертілген (оговоренную) со­масын сатып алатын немесе оны сату құқығына ие болатын контрактының түрі. Опционның иегеруі тап болатын тәуекел барлық жағдайда опцион бағасымен күні бұрын шектелген болады, ал ұтысқа шығуы теориялық тұрғыдан шектелмеген. Опциондық мәмілелер «форвардтық» операциялардан кәсіпорынның немесе банктің таңдау құқығын сақтайтындығымен, операцияның тиімділігін арттыратындығымен ерекшеленеді.

Қосанжарлы (параллель) ссудалар - әртүрлі елдерде орналасқан кәсіпорындар мен банктердің бір-біріне ұлттық валюта түрінде несие берулері болып саналады. Екі ссуда да тура сол бір мерзімге беріледі.

Төлем талаптарын шетелдік валютамен дисконттау векселдер дисконтының бір түрі болып саналады және банкке шетел валютасы түріндегі берешектерінің жиынын ұлттық (немесе өзге шетел валютасымен) валютаға айырбас түрінде тез арада төлеу құнын талап етуді банкке беруді білдіреді.

Осындай операциялар форфетирлеу деп аталады.

«Валютаның орташа мөлшері» - белгілі бір сәйкестікте алынған валюталардың жиыны.

Өзін-өзі сақтандыру тәуелсіз және жарыспа түрде жоғарыда сипатталған өзге де хеджирлеу әдістері арқылы қолданылады. Ол валюта бағамының өзгеруінен болуы мүм­кін шығындардың көлемі күні бұрын бағаға енгі­зі­ле­тін­дігінен және сақтандыру қорын құру үшін пай­да­ланы­ла­тындығынан тұрады.

Банктің хеджирлеумен байланысы екіжақты түрде кө­рінеді. Біріншіден, банк меншікті валюталық ресурстарын басқару кезінде валюталық сақтандыру тәуекелдерінің жоғарыда келтірілген әдістерін күнделікті тәжірибеде қолдануы мүмкін. Екіншіден, хеджирлеу жағдайларында банктің өз клиенттеріне ұсынатын (клиенттерге кеңестер беру) қызметі болып саналады.



Түйін
1. Банк қызметіндегі тәуекел – бұл пайдаларды жо­ғалту, берілген несиелер бойынша оларды қайтармаудың салдарынан шығындардың пайда болуы, ресурстық базалардың қысқаруы, балансқа кірмейтін операциялар бойынша төлемдерді жүзеге асыру сияқты күтпеген нәтижелер алудың ықтималдығы.

2. Банктер өз қызметін жүргізу процесінде пайда бол­ған жері, олардың деңгейіне әсер етуші сыртқы және ішкі фак­торлардың жиынтығы, оларды талдау тәсілі және олар­ды сипаттау әдістері бойынша бір-бірінен өзгешеленетін әртүрлі тәуекелдердің жиынтығымен бетпе-бет келеді.

3. Банк тәуекелдері пайда болу негізгі факторлары бой­ынша экономикалық және саяси болады. Саяси тәуе­кел­дер – бұл саяси жағдайдың өзгеруімен келісілген, шека­ра­ларды жабу, басқа елдерге тауарлар шығаруға, ел аума­ғын­дағы әскери қимылдарға тыйым салу сияқты кәсіп­орын­дардың қызмет нәтижелеріне қолайсыз әсер ететін тәуекелдер. Экономикалық (коммерциялық) тәу­е­кел­дер – бұл банктің өз экономикасындағы немесе ел эко­но­мика­сын­дағы қолайсыз өзгерістермен байланысты тәу­е­келдері.

4. Экономикалық және саяси тәуекелдерді сыртқы және ішкіге бөлуге болады. Коммерциялық сыртқы тәуекелдер еларалық (страновыми), валюталық және зілзала (форс-мажорлық жағдайлар) тәуекелдері болуы мүмкін. Ішкі тәуекелдер банктің түрі мен өзіне тән белгілеріне, оның қызметінің (операцияларының) сипаты мен оның әріптестерінің (клиенттері мен контрагенттері) құрамына қатысты болады.



5. Банк операцияларының сипатына қатысты ішкі тәуекелдер баланстық немесе балансқа кірмейтін опе­ра­ция­лардың өзіне тән белгілерімен байланысты болуы мүм­кін.

6. Активтерді басқару банктің өзінің өтімдік дең­гей­іне және оның клиенттерінің бағалы қағаздар қоржынына (портфеліне), сондай-ақ бәсекелестік (бағалы және бағасыз) дәрежесіне, пассивтерді басқаруға – ссудаларды беру үшін қаржыларды ала алу мүмкіндіктеріне қатысты болады.

7. Қоржындық (портфельдік) тәуекел бағалы қағаз­дар­дың жекелеген үлгілері (типтері) бойынша, сондай-ақ ссудалардың барлық санаттары бойынша шығындардың болу ықтималдығынан тұрады. Қоржындық тәуекелдер қар­жылық, өтімдік, жүйелі түрде болатын және жүйелі түр­де болмайтын тәуекелдерге бөлінеді. Жүйелі және жүй­е­лі емес тәуекелдердің жиынтығы инвестициялар тәу­е­келі деп аталады.

8. Ішкі тәуекелдерге сондай-ақ несие тәуекелі, ин­фля­ция тәуекелі, көлік тәуекелі жатады.

9. Банк қызметінде тәуекелдерді төмендетудің әр­түр­лі әдістері мен тәсілдері қолданылады. Олардың негіз­гі­ле­рі­не мыналар жатады: тәуекелдерді салмақтау қағидасын пай­далану; сыртқы тәуекелдерді есепке алу; банк клиен­ті­нің қаржылық жағдайына, оның төлемқабі­лет­ті­лігіне, не­си­е­ні қайтару қабілеттілігіне, рейтингіне жүйелі түрде талдау жасауды жүзеге асыру; тәуекелдердің бөліну қа­ғидасын қолдану; несиелерді қаржыландыру (рефи­нан­си­рование); ди­версификация саясатын жүргізу; өзгермелі пайыз став­ка­ла­рын пайдалану; депозиттік серти­фикат­тарды енгізу.

10. Қандай да бір болсын тәуекелдің өзін-өзі ақтау­шы­лығын және оған рұқсат етушілік дәрежесін немесе тәу­екел ахуалын пайдалануға яки қандай бір опера­ция­лар­ды жүргізуден болатын шығындардың пайда болу мүм­кін­дігін төмендететін жүйені жасау (құралдар мен әдістерді таңдау), анықтау, банктің тәуекел операцияларын ғылыми тұрғыдан басқаруының міндеттері болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет