Маркетинг, ең алдымен, олардың орналасқан жерлеріндегі банктің нақты және әлеуетті клиенттерін анықтап алуды болжайды. Шетелдік тәжірибеде аумақтық болып құрылған көптеген коммерциялық банктер, елдің барлық аумағында өз банктерінің филиалдарын құра отырып, өзі қызмет көрсететін аумақтың шегінен шығып кетеді.
Банк бір мезгілде несие ресурстарының көлемі мен құрылымы, тиісті операцияларды жүргізуге жұмсалатын шығындар деңгейі, банктің техникалық жарақталуы, кадрлардың біліктілігі көзқарасы тұрғысынан өзінің мүмкіндіктерін зерделейді.
Активтерді басқару банк менеджментінің маңызды бағыттарының қатарына жатады; ол белгілі бір кезеңге белгіленген банктің саясатын жүзеге асырады. Активтерді басқару процесінде біртұтас (двуединая) екі міндетті: баланстың өтімдігін сақтай отырып, банктің табысты жұмысын қамтамасыз ету міндетін алдыға қояды. Бұл міндеттер қалыптасқан ахуалға жүйелі түрде талдаулар жасау негізінде ғана орындалады. Белгілідей, әр түрлі активтер банкке әртүрлі көлемде пайда әкеледі, тәуекел дәрежелері де әртүрлі. Сондықтан да банктер қаржыларды салу мерзімдеріне, олардың пайдалылығы мен тәуекел дәрежелеріне қатысты барлық активтердің жіктеуін жүргізуі тиіс.
Пассивтерді басқару процесі кезінде келесідей міндеттер шешілетін менеджменттің дербес бағытын білдіреді:
міндетті резервтерді құруды қамтамасыз ететін бөліктен басқа, банкте кіріс әкелмейтін қаржылардың болуына жол бермеу;
банктің клиенттер алдындағы тиісті міндеттемелерін орындауы және активтік операцияларды дамыту үшін қажетті несие ресурстарын іздестіруі;
банктің «арзан» ресурстарды тарту есебінен кірістер алуын қамтамасыз ету.
Банктің меншікті қаржыларын басқарудың оның өтімдігі мен төлемқабілеттілігін қамтамасыз ету үшін айрықша маңызы бар. Банктің активті операцияларын кеңейту және депозиттер көлемінің өсуі кезінде банктің меншікті капиталын көбейту қажеттілігі туындайды. Меншікті капиталды басқару оның жеткілікті өлшемдерін негіздеуді, сондай-ақ осы жеткілікті бағалай білуге мүмкіндік беретін көрсеткіштерді таңдауды болжайды. Банк шығарған акциялар бойынша дивидендтер саласындағы саясат меншікті капиталды басқарудың тиімді құралы болып қатысады. Дивидендтерді көбейту акция бағаларының көтерілуіне, осыған орай, қосымша акциялар сатудың мүмкіндігіне, меншікті акциялардың көбеюіне және соған сәйкес меншікті капиталдың өсуіне әкеледі.
Банк жұмысының тиімділігін (рентабельіділігін) оның кірістері мен шығыстарын, несие беру мен инвестициялардан алынған шекті кірістер мен тартылған қаржылар бойынша шектеуге кірмейтін шығындарды, қаржылық нәтижелердің тұрақтылығын қамтамасыз етуді, тәуекел шығындарын бақылауды болжайды. Күдікті және шығынды операцияларды, банктің алатын пайда көлеміне әсерін тигізетін алыпсатарлық операциялардың себептерін талдауға айрықша назар аударылады.
Банк қызметіндегі тәуекелдерді басқару тәуекел – менеджмент деп аталады. Банк қызметінде тәуекел әртүрлі операцияларды орындау кезінде қатысады: несиені қайтару және ол үшін пайыздар төлеу тәуекелі, жабдықтаушының қаржыны уақытында алу тәуекелі, пайда алу тәуекелі, өтімдік тәуекелі және т.б. Тәуекелсіз кәсіпкерлік те жоқ. Сондықтан да басты мәселе соларды басқара білу болып табылады. Тәуекелдерді басқару процесінде шешілетін басты міндеттер мыналардан тұрады: а) тәуекелдің туындауы мүмкін жағдайларын тани білу; б) болжанатын шығынның ауқымын бағалау; в) алдын алу тәсілдерін немесе оның орнын толтыру көздерін табу. Тәуекелді басқару шығындардың пайда болуының өткен барлық жағдайларын, аталмыш нақты клиент үшін олардың көрініс беру ықтималдылығын болжау, болуы мүмкін шығынды алдын алу немесе орнын толтыру тәсілдерін алдын ала негіздеуге құрылады.
Менеджменттің мазмұнына сондай-ақ еңбек ұжымын басқару тұжырымдамасын жасау да кіреді. Шетел тәжірибесінде менеджменттің екі үлгісі бар:
жапон үлгісі банк қызметінің жоғары түпкі нәтижелерге жетуіндегі ұжымның рөлін тануға негізделеді;
американдық үлгі – ұжымның бүкіл қызметінде шешуші рөл атқаратын тұлғаға бағдарланады.
Шешімдер қабылдау, бақылау жауапкершілігі мен ұйымдастыру, қол астындағылармен жетекшінің қарым-қатынасы, еңбекақы төлеу жүйесі, басқару сапасын бағалау, менеджерлер даярлау және т.б.с. сияқты басқарудың бүкіл жүйесі осы екі идеяға негізделіп құрылады.
Ұжымды басқарудың басты міндеттері оның әрбір мүшесінің өз әлеуетті мүмкіндіктерін жүзеге асыру, адамдардың бойында энтузиазм мен қандай да бір істі орындауға деген ынта ықыласын туғызу үшін жағдай жасаудағы менеджердің қабілетінен тұрады.
Ұжым еңбегін ұйымдастырудағы менеджердің шеберлігі мен біліктілігі, оның ұжым мүшелері арасында міндеттерді айқын етіп бөле білуі, нақты міндеттер қоя білуі, тиісті міндеттерді орындауға белгіленген уақытты қарай отырып, оларды белгілі бір көрсеткіштермен (сандық және сапалық) білдіре алу, ақпараттық база мен техникалық құралдарды қамтамасыз ету, оларды жедел және маңыздылықтарына қарай жіктей отырып, тапсырмаларды орындаудың кезегін айқындау қабілетіне негізделеді.
Коммерциялық банкті басқару көрсетілген екі бағыт бойынша бүкіл талаптардың орындалуын талап етеді. Банк операциялары күрделі және принципті. Банк қызметін басқару сапасы (1) қызметкерлерді басқару деңгейіне қатысты (2) болады.
Түйін
1. Банктік менеджмент – жаңа нарықтар құру үшін банктің, жекелеген орындаушылардың қызығушылығына әсер ету және клиенттердің қаржылық дамуына неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау мақсатында алуан түрлі банк қызметтерін көрсету мен операциялар жасау процесі.
2. Басқару қатынасы менеджмент предметі болып саналады.
3. Банк капиталы мен оның ресурстарын басқару әдістерін, сондай-ақ активтер мен пассивтерді басқару кешені банктік менеджменттің объектісі болып табылады.
4. Банктік менеджменттің қызметі: жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, ынталандыру, бақылау.
5. Банктік менеджмент банктік қызмет көрсетудің жаңа нарықтарын құру, өзгерістерді басқаруға, адам және ұйымдастыру әлеуетін арттыруға, қаржылық материалдық ресурстарды сауатты пайдалануға, коммерциялық есептер мен баланстар негізінде банк қызметін коммерцияландыруға бағдарланған.
6. Банктік менеджменттің ерекшелігі алға қойған мақсаттарға қатысты банктік менеджменттің бірқатар сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткіштерді орындауға бағдарланатындығынан тұрады.
7. Сандық көрсеткіштердің банк қызметін басқарудың бүкіл аясына қатысы бар. Банк клиенттері мен олардың есеп шоттарының саны, депозиттер көлемі, несие салымдары, инвестициялар; банк жасайтын операциялар мен қызметтер көлемі.
8. Сапалық көрсеткіштер – банктің кірістері мен шығыстарының көрсеткіштері, қаржы айналымының жылдамдық көрсеткіштері, операцияларды жасауға жұмсалатын көп еңбекті қажет етушілік шығындар көрсеткіштері, банк көрсететін қызметтердің көлемі, құрылымы мен сапасы бойынша клиенттердің талап-тілектерін қанағаттандыру дәрежесінің көрсеткіштері.
9. Әлеуметтік көрсеткіштер ұжым мүшелерінің кәсіби даярлықтарын дамытуды, олардың еңбекке қатынасын, әлеуметтік проблемаларды шешу дәрежесін сипаттайды.
10. Банктік менеджментті екі келіс (көзқарас) тұрғысынан зерттеп-үйрену көзделеді: яғни банк қызметі тарапынан, оған банктің әртүрлі операцияларын басқару жатады; ұжымды басқарудың екі үлгісін – жапондық басқару үлгісін және американдық басқару үлгісін бөліп көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |