Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті


Трасталық операциялар – бұл



бет70/72
Дата30.12.2021
өлшемі1,33 Mb.
#106723
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Трасталық операциялар – бұл:

а) мұрагерлікке иелік ету, агенттік қызметтер, қор­ған­шылық­пен байланысты сенім хат бойынша операция­л­а­р;

ә) бағалы қағаздар бойынша пайыздар есептеу, агенттік қызметтер;

б) мүлікті уақытша пайдалануға беру;

в) қозғалмайтын мүлікке несие беру;

г) ғимарат бөлмелерін (орындарын) жалға беру.


  1. Болашақта мәміле жасалған сәтте белгіленген баға бойынша валютаны сатып алу немесе сату құнының объектісі болып қатысатын мәміле түрі:

а) своп;

ә) спот;


б) опцион;

в) репорт;

г) депорт.


  1. Бір жылдан артық мерзімдегі өтегенге дейінгі ба­ға­лы қағаздар:

а) банк кепілдіктері;

ә) банктің агенттік қызметтері;

б) эмиссиондық операциялар;

в) банк инвестициялары;

г) дұрыс жауабы жоқ.

11 - ТАРАУ. БАНК ІСІ» КУРСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫПТАРЫНА АХУАЛДЫҚ ЕСЕПТЕР
1 ахуал. Қазақстан Республикасындағы банктер ба­лан­­сының шоттар (счеттар) жоспарының 7 бөлімі бар.

Бөлімдердің атаулары мен шоттар нөмірлері берілген: міндеттемелер, активтер, меншікті капитал, шығыстар, банк балансына меморандум шоттары, шоттар мен болуы мүмкін талаптар мен міндеттемелер.

3000-3999, 1000-1999, 2000-2999, 5000-5999, 6000-6999, 4000-4999, 7000-7999.

Шоттар мен бөлімдер нөмірлерінің көрсетілуімен рет-ретімен жүйеге келтіру талап етіледі.



2 ахуал. Коммерциялық банктің ресурстармен бай­ла­ныс­ты жағдайы өте қиын. Осы сәтте, ол өзінің ресурстық әлеу­етін қалай пайдалы тұрғыдан шешу керектігін шешуі тиіс.

Аймақтың басқа банкпен ҚР Ұлттық банкінің қай­та­қар­жыландыру (рефинансирование) ставкасының 10 пунк­ті­нен жоғары ставка бойынша төлем жасау арқылы несие алу, 15% ставка бойынша 3 айға екі ірі клиенттің депо­зит­терін тарту, қайтақаржыландыру (рефинансирование) став­касы бойынша несие үшін Ұлттық банкке несие қоржынын қайта қарауға және ссудаларды мерзімінен бұрын өндіруге өтініш білдіру мүмкіндігі бар.

Ескерту: а) банк несиесінің мерзімі 1 ай;

б) клиенттерге тек 3 ай мерзім қосымша ескертілген;

в) ссуда алушылар мен банк арасында өзара әріптестік туралы шарт бар.

Менеджмент позициясы тұрғысынан шешу қажет:



  1. Банк қандай шешім қабылдайды.

  2. Қандай шешім неғұрлым тиімді екендігін есептеп шығарыңыздар.

  3. Депозиттер мен несиелер үшін ставкалар бойынша Қазақстан Банк жүйесінің қазіргі жай-күйі қандай?

3 ахуал. Төменде коммерциялық банк балансының баптары (статьялары) келтірілген:

Касса және оған теңестірілген қол ақшалар; Банк шот­тарындағы ақшалар; ҚР Ұлттық банкінің резервтік шо­тындағы ақшалар; Қазақстан Үкіметінің бағалы қағаздары; Қарыз алушыларға қысқа мерзімдік ссудалар; Овердрафт бойынша несиелер; Басқа банктерден алынған қысқа мер­зім­дік несиелер; факторингтік операциялар; Лизингтік опе­ра­циялар; Банктің ұзақ мерзімдік ссудалары; Банк ғи­ма­ра­ты және өзге негізгі қорлары; Бөгде (өзге) активтер; Басқа банк­терге берілетін несиелер; талап еткенге дейінгі салым­дар.

Топтар бойынша активтер баптарының кестесін жа­сау.

4 ахуал. Банк жүйесінде сыйақы ставкаларының өзге­руі тұрақты түрде болады.

Берілген несиелер бойынша сыйақы ставкалары 8% және 12%-ға тең. Несие сомасы алғашқы бетте 1,2 млн. тең­ге және 0,9 млн. теңге болады. Осы операциялар бой­ын­ша банк табыс табады. Кірісті есептеу формулалары:

(R2-R1)* V2=Pr; (V2-V1)* R2=Prv

мұнда:

Р – банк кірісі;



R – пайыздық ставкалар деңгейі;

V – берілген несие көлемі;

1 және 2 – соған сәйкес оның алдындағы және ағым­дағы кезеңдер.

Екі фактор бойынша кезеңдер кірістің орындалуы мына формуламен есептеледі (R2-R1)* (V2-V1)=Prv.

Анықтау: пайыздық ставкалардың өзгеру әсері (сый­ақы ставкалары және берілген несиелер көлемінің өзгеруі).

5 ахуал. Назар аудару үшін берілген формула:


Пайда

=

Пайда

*

Барлық активтер

Акционерлік капитал

Барлық активтер

Акционерлік капитал

Мыналарды білу қажет:

  1. Бұл формуламен не анықталады;

  2. Банк балансын алу және мәндері бойынша деректерді анықтау;

  3. Шартты түрде көрсеткіштің орта мәні 10,2%-ға тән. Шешімін салыстыру.

6 ахуал. Коммерциялық банктің несие қарыздарының негізгі параметрлері – бұл:

Мерзім, несие беруші сыйақысы, несие мақсаты, қамтамасыз ету, өтеу тәртібі.

1. белгілі бір жалғастықпен несие келісімдерінің негізгі жағдайларының параметрлерін орын-орнына қою;

2. егер сіз банк менеджері болсаңыз қалай болар еді дегеннің әрбір параметріне толық түсініктеме беру қажет болып саналады.

7 ахуал. Қазақстанның коммерциялық банктерінің келтірілген несие топтары бойынша несие тәуекелдерін талдау үшін келесідей деректер берілген:






Несие салым­да­рының

кө­ле­мі


Несие салым­дарының жал­пы көлеміндегі үлес салмақ

Ескерту

1. Нақты қажеттілік, не­си­енің жоспарлы көлемі шегінде мемелекеттік кә­­сіп­­орындарға несие­лер бе­ру жоғары сенімді кә­сіп­­орындар

2150







2. Несиенің жоспарлы кө­лемін арттырушы бас­қа­ру органдарының ше­шімі бойынша мемле­кет­тік кәсіпорындарға не­сиелер беру

1100







3. Сақтандыру полисі мен кепілдік берген жағ­дай­да шарт негізінде бір­лескен кә­сіп­орын­дарға несиелер беру

3050







4. Кепілдік берген жағ­дай­да, несие шарты негі­зін­де шағын кәсіпорын­д­ар­ға несиелер беру. О­л­а­р тиімді, берешек­те­р­і ж­оқ.

1350







5. Шарт-контрактылар негізінде селолық жер­лер­дегі кооперативтерге несиелер беру. кепіл­дік­тер берілмеген.

900







6. Жеке еңбек қыз­ме­тімен айналысатын жеке тұлғаларға несиелер бе­ру. Жұмыс орнының тұ­рақтылығы және кірісі кү­дік туғызбайды.

1500







7. Ірі акционерлік қоғам атынан кепілдік беру­ші­нің болуы жағдайында ет өнімдерін қайта өң­деу­мен айналысатын тұл­­­­ғаларға беру.

1800













100%






  1. Несиенің әрбір түрінің үлес салмағын анықтау;

  2. Несиелердің қандай түрлері тәуекел несиелерге (тәуекелді емес, тәуекелді, өте тәуекелді) жататынын атап көрсету;

  3. Несие қоржынының мазмұнын байыту бойынша қорытындылар жасау қажет болып саналады.

8 ахуал. Бір елдің қаржылық нарығындағы ақша капи­та­лының қозғалысына талдау жүргізу.

Құрылым бойынша қорытынды жасаудың маңызы зор:

Млрд. доллармен.


Секторлар

Қаржы көздері (болжам)

Ақшаны пайдалану (сұраныс)

Таза өсім немесе қысқарту

1. Үй шаруашылық­та­ры

97

57

40

2. Іскер кәсіпорындар (АҚ, ЖШС, фирма­л­а­р­)

137

143

-6

3. Үкімет.

-22

-138

-160

4. Жергілікті билік ор­гандары

10

-29

-19


5. Қаржы мекемелері

530

620

-90

6. Шетел секторы

162

100

62

7. Есепке алынбаған капитал қозғалысы

-

-

-29


9 ахуал. Келтірілген кесте бойынша банк құрылымын (Банктік менеджмент) түсіндіру қажет. Кестені құрылымы бойынша атау. Қанша бөлім құруға болады.


Аталмыш кезеңде және сол жерде:



  1. Шектелген нарық;

  2. Клиенттердің шектеулілігі;

  3. Банктердің бәсекелестігі жоқ;

  4. Банктердің филиал желілерінің дамымағандығы.

Банк менеджментін жетілдірудегі банктің ұйымдық құрылымының рөлін көрсету қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет