10 ахуал. Келтірілген кесте бойынша банк құрылымын (Банктік менеджмент) түсіндіру керек. Кестені құрылымы бойынша атау. Қанша бөлім құруға болады.
Аталмыш кезеңде және сол жерде:
Жекелеген операцияларды мамандандыру күшейе түседі;
Клиенттерге бөлшек қызмет көрсетудің көбеюі;
Банк қызметінің ауқымын кеңейту;
Шені төмен жетекшілердің жауапкершілікке ие болуы;
Жоғары және төменгі буын қызметтері аражігінің айқын бөлінуі.
Банктік менеджментті жетілдірудегі банктің ұйымдық құрылымының рөлін көрсету.
Қорытынды
«Банк ісі» оқу құралындағы негізгі тақырыптар мен сұрақтарды баяндау нәтижесінде төмендегідей қорытынды жасауға болады:
Банк ісі теориясы мен практикасының мәселелері аса күрделі, сан қырлы. Оларды экономикамен, қоғам мүддесімен, нарық заңдарымен және елдегі нарықтық қатынастарды басқарумен өзара байланыста оқып-үйрену керек.
Банк ісінің тарихи негізі өте ертеге кетеді, әлемдік дамуда жан-жақты зерттелген және оның әрбір сатысы практикалық қызығушылық туғызады.
Банктердің және олардың операцияларының жалпыға бірдей белгілі, дәстүрлі белгілерін білумен қатар, банк ісінің мазмұнын түсіну, тұрақты ізденіс және зерттеп-үйренумен байланысты банк аясындағы сапалық жаңа бағыттарды айқындаудың маңызы зор.
Банк ісін оқып-үйрену кезінде мыналарды білген пайдалы:
банктер, банктік жүйе, банктердің операциялары туралы жалпы мәселелер;
елдің ақша, төлем, несие қатынастары аясындағы банктік операциялардың даму сипаты;
нарықтық қатынастар жағдайындағы банк аясындағы бизнес пен банкті басқару;
қоғам өміріндегі банк секторының рөлі мен орыны.
Оқу құралының мазмұнымен танысу Қазақстандағы банк ісін одан әрі тереңдете оқып-үйренудің бастауы болмақ.
Қазақстанның банк жүйесінің даму мәселелерін оқып-үйрену қажетті және қызығушылық тудырмай қоймайды. Соңғы жылдары банк секторы активтерінің сапасын жақсартуға, банктердің сапалы қаржылық қызмет көрсетуіне және банктік жүйеге деген сенімді арттыруға бағытталған шаралар қабылдануда, осы мақсаттарда Қазақстан Ұлттық банкі нарық жағдайындағы мемлекет пен қоғамның мүдделерімен пара-пар ақша-несие саясатының бағыттарын әзірлеп-жасауда.
Достарыңызбен бөлісу: |