2 тақырып. Сұраныс және ұсыныс икемділігі. Салықтың әсері.
1.Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу
2.Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
3.Тест сұрақтарына жауап беру
4.Тақырыпқа қатысты есептерді шығару
5.Тақырыптың 1 сабағының сұрақтары дәстүрлі формада талқыланатын болады. 2 сабақтың сұрақтары презентация формасында талқыланады.
6.Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.
Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:
Тұтынушылар талғамының өзгеруі сұраныс қисығы бойынан қозғалысқа немесе сұраныс қисығының жылжуына әкеледі ме? Бағаның өзгеруі сұраныс қисығының бойынан қозғалысқа немесе сұраныс қисығының жылжуына әкеледі ме?
Баға бойынша сұраныс икемділігіне және табыс бойынша сұраныс икемділігіне анықтама беріңдер.
Баға бойынша сұраныс икемділігінің анықтайтын факторлар атаңдар.
Икемділігі табыс бойынша 0-ден төмен болатын тауарды қалай атаймыз.
Ұсыныстың бағалық икемділігінің формуласын жазыңдар. Оны қалай қолданатынын түсіңдіріндер.
Баға, табыс бойынша жоғары икемділікті тауарларға, жоғары және төмен қиылысу икемділігі бар тауар жұптарына мысал келтіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |