Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет33/36
Дата14.03.2020
өлшемі1,78 Mb.
#60171
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
treatise20490


Освальд  Шпенглер  (1880-1936  жж.)  ӛзінің  атақты  танымалдығымен 
ӛзінің бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде жазылған «Еуропаның құлдырауы» 
еңбегінің  бірінші  томына  қарыздар.  Дәл  осы  еңбектен  тарихты  дискретті 
ұғыну дәстүрі бастау алады. Ол дүниежүзілік тарихты тұтас, шексіз ағымды 
процес ретінде санамағанын былай қойғанда, оны ӛздігінен белгісіз процесс 
деп  санаған.  Ол  кӛршілес  әрі  кезектес  болып  келетін  түрлі  жергілікті 
мәдениеттердің  жиынтығы  ретінде  ұғынылады.  Бұл  мәдениеттер  ӛз 
дамуында  қатал,  дегенмен  ұғылатын  заңдылықтарға  бағынып,  қалыптасу, 
даму,  ӛркендеу  және  құлдырау  кезеңдерінен  ӛтеді,  бұл  тарихи  циклдердің 
тұжырымдамасын құрайды. Сонымен қатар, Шпенглер әрбір мәдениетті тірі 
ағза  ретінде  қарастырады,  ал  мәдениеттердің  әрқайсысы  жеке  «рухқа»  ие. 
Мұндай  тұжырымдама  тарихтың  биологиялық  философиясы  деп  аталып 
кеткен.  
Мәдениеттің  ӛмір  сүру  уақытын  Шпенглер  1000  жыл  деп  бағалайды, 
себебі  оны  мәдениет  биологиясының  әмбебап  константасы  ретінде 
қарастырады. Дүниежүзілік тарих небары 8 ұлы мәдениетті біледі. Олардың 
барлығы  жеке  ӛркендеу  дәуірінен  ӛтті,  ӛтуде  немесе  болашақта  ӛтеді,  және 
олардың  барлығы  да  ӛркениет,  тоқырау,  сүйектену  (окостенение) 
дәуірлеріне,  сондай-ақ,  қандай  да  болмасын  ұлы  рух  туындыларын  тудыру 
(ӛнер;  ғылым,  дін,  философия)  мүмкін  болмайтын  дәуірге  тұрақтамай 
кетпейді. Ӛркениет кезеңінде мәдениет тек техника мен ұйымдастыруды ғана 
іске асыруға қабілетті болады, бұл оған ӛзінікін арттыруға мүмкіндік береді. 
Шпенглер ӛзі ойлап тапқан ілім мен әдіс жаратылыс ғылымдары тәрізді 
дәл болатындығына, ӛткеннен келген историографиялық материалды таңдау 
үшін  ғана  емес,  еуропалық  мәдениеттің  бүгінгі  жағдайын  талдау  үшін  де, 
тіпті одан бетер, болашаққа дәл болжам жасау үшін де қолданылатындығына 
сенген.  Осыған  сүйене  отырып,  Шпенглер  ӛзін  қапаландыратын  еуропалық 
мәдениеттің қазіргі жағдайына талдау жасауға әрекеттенеді. Жаңа және тың 
жаңа  дәуірдің  техникалық  дамуының  барлық  жетістіктері  оған  еуропалық 
мәдениеттің  ӛркениет  фазасына  ӛткендігі  туралы  ой  салады.  Ал  бұл  – 
құлдырау  фазасы,  одан  кейін  ыдырау  басталады,  кітаптың  атауы  да  осыдан 
алынған болса керек – «Еуропаның құлдырауы». 
Арнольд Дж. Тойнби (1889-1997 жж.) ХХ ғасыр тарихында болған ірі 
философтардың  бірі,  ол  мәдениеттер  мен  ӛркениеттердің  генезисіне,  дамуы 
мен  құлдырауына  арналған  он  екі  томдық  іргелі  «A  Study  of  History» 
еңбегінің  авторы.  Ол  ӛзіне  дүниежүзілік  тарихтың  ӛркениетті  тудыруға  да, 
оны  ыдыратуға  да  қабілетті  ықпал  етуші  күштерін  ұғыну  міндетін  қояды. 
Ӛркениеттердің  мәңгілік  еместігі  ХХ  ғасырдың  басында-ақ  күмән  тудырған 
жоқ. Тойнби ӛз зерттеуін тарихи зерттеудің ақылға қонарлық (яғни, адамның 
түсінуіне  тұрарлық)  тақырыптық  ӛрісін  анықтау  әрекеттерінен  бастайды, 
содан ұлттық мемлекеттер мұндай сапада қабылдана алмайтындығы туралы 
тұжырымға  келеді.  Англияның  тарихи  жолын  қарастыра  келе,  Тойнби 
мемлекеттің  ұлттық  тарихының  кӛптеген  оқиғалары  Англияның  мыңдаған 
әлеуметтік-мәдени  байланыстары  бар  елдердің  тарихынан  бӛлек  ұғынуға 
келмейтіндігін  кӛрсетеді.  Бұл  тарихшы  үшін  талдаудың  қарапайым  бірлігі 

ретінде Англия мен оны қоршаған елдер біртұтастың құрылымдық бірліктері 
ретінде  кіре  алатындай  неғұрлым  жоғары  дәрежелі  жалпылық  мән  болуы 
керектігін білдіреді. Мұндай мәнді Тойнби «ӛркениет» ретінде, ал нақтырақ 
айтқанда  –  «христиандық  Батыс  ӛркениеті»  немесе  жай  «батыс  ӛркениеті» 
деп анықтайды.  
Ӛркениеттер  генезисінің  үш  негізгі  құраушылары  ретінде,  Тойнбиге 
сүйенсек,  әмбебап  мемлекет,  ғаламдық  шіркеу  және  тайпалардың 
қозғалысы  болып  табылады.  Бұл  құраушылардың  болуы  ӛркениеттің 
болғандығы  туралы  айтуға  мүмкіндік  береді.  Дегенмен,  ӛркениеттер 
ӛздігінен  пайда  бола  алмайды;  оның  дамуы  басталуы  үшін,  ерекше  тарихи 
жағдай  қажет  етіледі.  Осы  тәрізді  жағдайды  Тойнби  «Үндеу-және-Жауап» 
жағдайы  түрінде  белгілейді.  Ал  ӛркениет  генезисінің  барлық  үш  негізгі 
құраушысы  бола  тұра,  Үндеу  болмаған  жағдайда,  Жауап  та  болмайды,  бұл 
ӛркениеттің де болмайтынын білдіреді. 
Тарихи  процестің  барысын  қарастыра  келе,  П.Сорокин  тарихи 
процесті  талдау  шын  мәнісінде  сол  қоғамның  әлеуметтік  ӛмірін  талдау 
екендігіне  баса  назар  аударады.  Тарих  –  статистикалық  деректерді  бӛлек 
жинастыру  емес,  бұл  динамикалық  процесс.  Климат,  географиялық  жағдай 
және  т.б.  тұрақты  физикалық  жағдайлардың  мәліметтері  шегінде,  тарихи 
ӛзгерістердің  барысына  ықпал  ете  алатын  аса  маңызды,  тіпті  жалғыз  деуге 
тұрарлық бір фактор ретінде қоғам мүшелерінің мінез-құлықтарының басым 
қырларын анықтайтын мәдени жүйенің тұрақтылығы немесе керісінше, оның 
құлдырауы саналады.  
Тарихи  процестің  доминанттары  туралы  мәселе,  сарп  еткенде,  адам 
мінез-құлығының  архетиптерін  белгілейтін  детерминанттар  туралы 
мәселеге  келіп  тіреледі.  Сорокин  табиғаты  түрлі  факторлар  кешенінің 
ықпалымен  әлеуметтік  ӛзара  қатынастар  жүйесіне  аяқ  басқан  адамдар 
баршаға  бірдей  нормалар  мен  құндылықтарға  негізделген  қоғаммен 
қабылдана  алатын  мінез-құлық  стереотиптерін  қалыптастыруға  қабілетті 
болған  кезде  ғана,  қоғам  бола  алады.  Бейнебір  әлеуметтік  «ӛзімшілдікті» 
конституциялайтын  қоғам  қалыптасатын  тәрізді  –  бірақ  бұл  әрбір  қоғамды 
тек  оған  ғана  тән  «мағына,  норма,  құндылық»  тұрғысынан  ұғынып, 
сипаттауға болады. Осы элементтер біржолғы мәдени сапа ретіндегі жүйенің 
негізін құрайды. 
Осылайша,  «құндылық»  ұғымы  Питирим  Сорокиннің  тарих  фило-
софиясының орталық ұғымына айналады. Міне, осы нәрселер қоғам келбетін, 
оның  мүшелеріне  тән  мінез-құлықты,  нәтижесінде,  оның  тағдырын  да 
белгілейді. 
Бұл  тұжырымдамалардың  барлығына  келесі  ерекшеліктер  тән:  қоғам 
ілгерілеуінің европацентристік, біржелілі сызбасынан бас тарту; жергіліктілік 
пен  алуан  түрлі  сапалылық  тән  келетін  кӛптеген  мәдениеттер  мен 
ӛркениеттердің  бар  болуы  туралы  тұжырым;  тарихи  процестегі  барлық 
мәдениеттердің бірдей мәні туралы пайымдау. 

Қазіргі  философиялық  ой  бӛлініп  кӛрсетілетін  кезеңдердің  іріленуі 
жағына  қарай  аяқ  басты.  Мәселен,  бастыс  оқулықтарында  кӛбірек  қолда-
нылатын тәсіл бойынша келесілер бӛлініп кӛрсетіледі: 
1) дәстүрлі қоғам (капиталистікке дейінгі);  
2) капиталистік  қоғам  (XVII  –  XVIII  ғасырларда  Батыс  Еуропада 
қалыптасқан индустриялық қоғамның ерте, ӛтпелі формасын, сондай-ақ, XIX 
ғасырдың ортасынан бастап индустриялық қоғамды қамтиды);  
3) постиндустриялық қоғам (ХХ ғасырдың ортасынан бастап).  
Осылайша,  адамзат  ӛркениеттің  үш  «толқынынан»  ӛткендей  болады. 
Дәстүрлі  қоғамда  ауыл  шаруашылық  басым  болса,  постиндустриалықта– 
қызмет  кӛрсету  саласы  басым  болған,  соңғы  аталған  салада  негізгі  рӛлді 
ақпарат  атқарады.  Қазіргі  қоғамдағы  ақпарат  оның  дамуына  әсер  ететін 
факторға айналып отыр. 
«Индустриялық 
қоғам» 
термині 
философиялық 
әдебиеттерде 
әлеуметтанудың  негізін  қалаушы  –  О.Конт  пен  Г.Спенсердің  арқасында 
пайда  болды.  «Постиндустриялық  қоғам»  ұғымы  ғылыми  айналымға  қазіргі 
кездің  американдық  ғалымы  Д.Беллмен  енгізілді.  Индустриялық  және 
постиндустриялық  қоғамдардың  айырмашылығы  Д.Беллдің  пікірі  бойынша, 
индустриялық 
қоғамның 
«ӛзекті 
институты» 
жеке 
меншік, 
ал 
постиндустриялық қоғамдікі – шығармашылық білім болып табылуында.  
Міне,  ғасырдың  үштен  бірінен  астам  уақыттан  бері  Кембридж 
университетінің  (Ұлыбритания)  ғалымы  У.Ростоудың  «экономикалық  даму 
кезеңдерінің  теориясы»  деп  аталатын  тұжырымдамасы  кеңінен  танымал 
болып,  ӛзінің  кӛптеген  жақтаушыларын  тапты.  Ол  қоғамның  дамуында  бес 
«кезеңді» бӛліп кӛрсетеді: 
1) дәстүрлі қоғам;  
2) ӛрлеу үшін алғышарттар қалыптастыру кезеңі;  
3) ілгерілеу кезеңі;  
4) даму кезеңі;  
5) жоғары деңгейде жаппай тұтыну кезеңі.  
У.Ростоу,  нәтижесінде,  дәстүрлі  және  қазіргі  қоғамның  арасындағы 
айырмашылық,  оның  ойынша,  қаражат  салу  деңгейі  халықтың  ӛсіміне 
қатысты  тӛмен  болу-болмауынан  құралады  деп  түсіндіреді.  Қоғам 
тарихының  алдыңғы  кезеңденуін  басшылыққа  ала  отырып,  дәстүрлі  қоғам 
дегеніміз не екендігін түсінуге болады, бірақ У.Ростоумен кӛрсетілген басқа 
кезеңдер  нақтылауды  талап  етеді.  «Ауысу  барысындағы  қоғам»  –  бұл 
«ілгерілеу»  үшін  жағдай  жасалатын,  яғни  индустриялық  ӛркениетке  ӛтуге 
қажет жағдайлар жинақталатын кезең. Ілгерілеу кезеңі (сатысы) – бұл ӛндіріс 
әдістерінің ӛзгеруіне байланысты ӛнеркәсіптік революция кезеңі. Даму кезеңі 
– «бұл экономиканың ӛзі қалаған нәрселерінің бәрін болмаса да, бәрін дерлік 
ӛндіруге техникалық және кәсіпкерлік мүмкіндіктері бар екендігін кӛрсететін 
кезең».  
«Экономикалық  даму  кезеңдерінің  теориясы»  дүниежүзілік  тарихтың 
дәстүрлі,  индустриялық  және  постиндустриялық  қоғамдарға  бӛлуге  ӛте 
жақын.  

Постиндустриялық қоғам тұжырымдамасы американ әлеуметтанушысы 
Даниэл  Беллдің  1973  жылы  жарық  кӛрген  «Болашақ  постиндустриялық 
қоғам»  кітабында  берілді.  Ол  аталған  қоғамның  негізгі  белгілерін 
қалыптастырады:  қызмет  кӛрсету  экономикасын  құру,  ғылыми-техникалық 
мамандар  қабатының  басымдылығы,  қоғамдағы  жаңалықтар  мен  саяси 
шешімдердің  кӛзі  ретіндегі  теориялық  ғылыми  біліммен  атқарылатын 
орталық  рӛл,  ӛзін-ӛзі  қолдап  тұратын  технологиялық  дамудың  мүмкіндігі, 
жаңа  «зиятты»  техниканың  шығарылуы.Экономикадағы  жаңа  қырларды 
талдай  келе,  Белл  қоғамда  дамудың  индустриялық  кезеңінен  постин-
дустриялық  кезеңіне  ауысу  басталғандығы,  және  экономикада  ӛндірістік 
емес,  қызмет  кӛрсету  секторының  басымдылығы  туралы  тұжырым  жасаған. 
Бұл тұжырымдамаға Элвин Тоффлердің позициясы жақын.  
Тоффлер  «бірінші  толқын»  деп  «ауыл  шаруашылық  ӛркениетті» 
атайды.  Қытайдан  Үндістанға  дейін,  Бениннен  Мексикаға  дейін,  Грециядан 
Римге  дейін  ӛркениеттер  қалыптасып,  бір-бірімен  қақтығысу  нәтижесінде 
құлдырауға  ұшырап  жатты.  Дегенмен,  бұл  айырмашылықтардың  артында 
іргелі ортақ тұстар да жасырын қалады. Қайда болмасын, жер экономиканың, 
тіршіліктің,  мәдениеттің,  отбасылық  ұйымдастыру  мен  саясаттың  негізі 
болды. Барлық жерде қарапайым еңбек бӛлінісі басым болып, бірнеше анық 
бӛлінетін  касталар  мен  кластар  болды:  ақсүйектер,  дін  басылар,  сарбаздар, 
құлдар немесе крепоснойлар. Барлық жерде де билік тым ӛктем болды. Қай 
жерде  де  адамның  шыққан  тегі  оның  ӛмірдегі  орнын  белгілейтін.  Барлық 
жерде  экономика  орталықсыздандырылған  болғандықтан,  әрбір  қауым 
мұқтаждық  сезінген  нәрселердің  басым  бӛлігін  ӛзі  жасап  шығарумен 
айналысты. Үш жүз жыл бұрын – жарты ғасыр әрі-бері болуы мүмкін, бүкіл 
жерді  айналып  шыққан  соққы  толқындары  ежелгі  қоғамдарды  қиратып, 
мүлдем жаңа ӛркениетті қалыптастырған жарылыс болған. Мұндай жарылыс 
ретінде,  әрине,  ӛнеркәсіптік  революция  саналады.  Оның  еркіндікке 
шығарылып, бүкіл әлемді басып алған алапат күші – «екінші толқын» – ӛткен 
кезеңнің институттарымен қатынасқа  түсіп,  миллиондаған  адамдардың  ӛмір 
сүру салтын ӛзгертті. 
ХХ  ғасырдың  ортасына  қарай,  «бірінші  толқын»  күштері  қиратылып, 
жер бетінде «индустриялық ӛркениет» қалыптасты. Дегенмен, оның жаппай 
билігі ұзаққа созылған жоқ, себебі оның жеңісімен бір уақытта әлемді үшінші 
«толқын» (постиндустриялық) басып алды, ол ӛзімен бірге жаңа институттар
қатынастар, құндылықтар ала келді. 
Тоффлер  шамамен  50-жылдардың  орта  тұсынан  бастап,  ӛнеркәсіптік 
ӛндіріс  жаңа  сипатқа  ие  бола  бастайды  деп  кӛрсетеді.  Кӛптеген  технология 
салаларында  техника  түрлерінің,  тауар  үлгілерінің,  қызмет  түрлерінің  саны 
ӛсті.  Еңбектің  мамандандырылуы  бұдан  бетер  бӛлшектене  бастайды. 
Басқарудың  ұйымдастырушылық  нысандары  кеңейеді.  Басылымдардың 
кӛлемі  ұлғая  түседі.  Тоффлердің  пікірі  бойынша,  осының  барлығы 
кӛрсеткіштердің  тым  бӛлшектенуіне  алып  келіп,  информатиканың  пайда 
болуын  шарттады.  Ол  болашақ  қоғамды  индустриялық  ӛркениетке  дейінгі 
кезеңге  жаңа  технологиялық  база  негізінде  қайта  оралу  ретінде  суреттегісі 

келеді.  Тарихты  үздіксіз  толқынды  қозғалыс  ретінде  қарастыра  келе, 
Тоффлер  болашақ  әлемнің  ерекшеліктерін  талдайды,  оның  ойынша,  оның 
экономикалық тірегі ретінде электроника мен ЭЕМ, ғарыштық ӛндіріс, мұхит 
тұңғиығын  пайдалану  және  биоиндустрия  болады.  Міне,  аграрлық  (Бірінші 
толқын)  және  ӛнеркәсіптік  (Екінші  толқын)  революцияларды  аяқтайтын 
Үшінші толқын осы. 
Тоффлер  қоғамдық  ӛзгерістерді  техникалық  ілгерілеудің  тікелей 
рефлексі  ретінде  зерттейді.  Ол  қоғамдық  ӛмірдің  түрлі  тұстарын  талдайды, 
бірақ  басты  басымдылық  ретінде  технологиялық  саладағы  ӛзгерістерді 
қарастырды (бұған энергетикалық базаны, ӛндіріс пен бӛліністі жатқызады). 
Бірақ  бұл  Тоффлердің  қоғамның  техника  дамуында  атқаратын  рӛлін 
зерттеуден кӛңілін басқа нәрселерге бӛліп отырғандығын білдірмейді.  
Ол  демократияның  бұдан  әрі  дамуы  керектігін  кӛрсетеді.  Оның 
пайымдауына  сүйенсек,  феодализм  барысында  бір  ғана  ресурс  –  жердің 
меншік  иелері  үстемдік  еткендігі  туралы  айтуға  болады.  Ал  капитализм 
барысында  –  ӛндірістің  барлық  құралдарының  меншік  иелері.  Социализм 
барысында  бюрократия  тұтас  құрылым  ретінде  бүкіл  экономиканың 
ұжымдық  меншік  иесіне  айналды.  Тоффлердің  ойынша,  постиндустриялық 
қоғамда  да  бюрократия  үстемдік  етуін  жалғастыруда.  Бірақ  оның  билігі 
шектеулі.  Біріншіден,  экономиканың  ӛзінде  –  жеке  және  ұжымдық 
секторлармен.  Екіншіден,  бюрократияның  ӛзі  тұтас  құрылым  ретінде  емес, 
бӛлек-бӛлек  кӛрініс  табады.  Үшіншіден,  бюрократия  топтары  жеке 
меншікпен түрлі дәрежеде бірігіп, бітіседі. 
Ӛркениеттік  тұжырымдаманың  аты  шулы  ӛкілдерінің  бірі  Мануэль 
Кастельс  саналады.  Оның  «Information  Age:  Economy,  Society  and  Culture» 
монографиясы  ақпараттық  технологиялардың  дамуымен  тудырылған 
ӛркениеттік процестерді талдауға арналған. Ол адамзат ХХ ғасырда негізінен 
ӛндірістің  үстемдік  еткен  екі  тәсілі:  капитализм  мен  этатизм  барысында 
тіршілік  еткендігін  айтады.  Кастельс  капитализм  ӛзінің  форма  құраушы 
ерекшеліктерін сақтайды – жалдамалы еңбек пен капитал жинақтаудағы 
бәсекелестік.  Оның  ойынша,  капитализмнің  қазіргі  түрі  ӛз  мақсатында 
неғұрлым  қаталдырақ,  дегенмен  кейнсиандық  пен  қоғамның  жалпы  әл-
ауқаттылығы  идеологиясының  әсерінен  1930-1940  жылдары  қалыптасқанға 
қарағанда,  ӛз  құралдарында  анағұрлым  иілімдірек.  Оның  айтуынша: 
«Дамудың  жаңа,  ақпараттық  тәсілінде  ӛндірімділік  кӛзі  білімді  қалып-
тастыру,  ақпаратты  ӛңдеу  және  символикалық  коммуникация  техноло-
гиясында қамтылады. Әрине, білім мен ақпарат дамудың барлық тәсілдерінде 
ең маңызды элементтер болып саналады, себебі ӛндіру процесі әркез белгілі 
бір  білім  деңгейіне  және  ақпараттың  ӛңделуіне  негізделеді.  Дегенмен, 
дамудың ақпараттық тәсілі үшін ӛндірімділіктің негізгі кӛзі ретіндегі білімге 
дәл сол білімнің ӛзінің ықпал етуі ӛзіндік ерекшелік болып табылады». 
Кастельс  ақпараттық-технологиялық  революцияның  оның  тарихи 
ізашарларымен салыстырғандағы түбегейлі ерекшелігі келесіде деп санайды: 
егер  бұрынғы  технологиялық  революциялар  шектелген  аумақта  ұзақ  уақыт 

бойына  қалған  болса,  жаңа  ақпараттық  технологиялар  бүкіл  ғаламшар 
кеңістігін лезде қамтап алады. 
М.Кастельс  ақпараттық-технологиялық  революцияда  ӛнертапқыштар, 
кәсіпкерлер,  қаржылық  корпорациялар  мен  мемлекет  арасындағы  байла-
нысты талдайды. Ол (АҚШ-тан бастап Қытай мен Үндістанға дейін мысалдар 
негізінде)  бүкіл  әлемде  мемлекет  (ӛнертапқыш  емес)  осы  революцияның 
бастамашысы  әрі  негізгі  ынталандырушысы,  әлеуметтік  және  мәдени 
күштерді  білдіріп  ұйымдастырушы,  үлкен  және  қорғалған  нарықтардың 
дамуына  септігін  тигізетін,  макрозерттеу  бағдарламаларын  қаржылан-
дырушы  фактор  болып  саналғандығын  дәлелдейді.  Сонымен  қатар, 
орталықсыздандырылған инновациялар технологиялық белсенділік мәдение-
тімен және жедел жеке табыс үлгілерінің рӛлімен ынталандырылады. 
Ақпараттық қоғамның басқа бір негізгі тұсы Кастельс бойынша, оның 
базалық  құрылымының  желілік  логикасы  болып  табылады.  Ол  ақпараттық 
дәуірдің  әлеуметтік  құрылымын  желілік  қоғам  деп  атайды,  себебі  ол  уақыт 
пен  кеңістікті  кесіп  ӛтетін  ғаламдық  ағындағы  виртуалдық  мәдениетті 
қалыптастыратын 
ӛндірістің, 
билік 
пен 
тәжірибенің 
желілерімен 
құрастырылған.  Оның  пікірі  бойынша,  жаңа  ақпараттық  қоғам  ӛндірістік 
қатынастарда,  билік  пен  тәжірибе  қатынастарында  құрылымдық  қайта 
құрылу байқалған кезде (және байқалатын болса), пайда болады. 
 
     Бақылау сұрақтары: 
 
1.Саясат және әлеуметтік мифология.  
2.Демократия және адам құқығы.  
3.Ӛстік(осевого) уақыт тұжырымдамасы.  
4.Тарихтың ӛркениеттік тұжырымдамалары.  
5.Г. Кваш тарихының ырғақтары туралы сіздің ойыңыз.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ХІІІ Бӛлім 
 Мәдениет пен білім философиясы 
 
13.1. Мәдениет философиясының пайда болуы және дамуы 
 

Мәдениет  философиясы  (мәденифилософия)  –  бұл  мәдениетті,  оның 
мәнін,  адам  мен  қоғам  ӛміріндегі  маңызын  талдаумен  байланысты 
философиялық білімнің тарауы. Адамның тіршілік әрекеттері, сарп еткенде, 
иә  материалдық,  иә  рухани  құндылықтардың  ӛндірілуіне  келіп  тіреледі. 
Қызметтің  бұл  аялары  жүзеге  асырылу  тәсілдері  бойынша  да,  нәтижелері 
бойынша  да,  қоғамдық  мақсатына  қарай  да  бір-бірінен  ерекшеленеді. 
Кіршіксіз  табиғатқа  қарсы  тұратын  адам  еңбегімен  жасалғанның  барлығы 
мәдениетке  жатқызылады.  Сол  себепті  материалдық  және  рухани 
мәдениеттер ажыратылады.  
Материалдық 
мәдениетке 
адамның 
тіршілік 
әрекеті 
аясына 
қатыстырылған,  яғни  адамға  қызмет  ететін  ӛндіріс  құралдары  мен  еңбек 
заттары  жатады.  Ол  адамның  табиғатты  парктикалық  меңгеру  деңгейінің 
кӛрсеткіші болып табылады. 
Рухани  мәдениетке  ғылым  мен  оның  жетістіктерінің  ӛндіріс  пен 
тұрмысқа  ендірілу  дәрежесі,  халықтың  білім  алу  деңгейі,  ағартушылық 
жағдайы,  медициналық  қызмет,  ӛнер,  адамдардың  қоғамдағы  мінез-
құлығының  рухани  нормалары,  ойлау  логикасы  мен  тіл  байлығын  меңгеру 
деңгейі жатады. 
Мәдениет  –  бұл  материалдық  және  рухани  құндылықтардың  үйлесімі. 
Құндылық  ретінде  адамдар  үшін  маңызы  бар  материалдық  немесе  рухани 
нақтылық  құбылыстары  саналады.  Олар  адамдарда  жанашырлық,  таңданыс, 
сүйіспеншілік  немесе  керісінше  наразылық,  ӛшпенділік  Иә  болмаса 
жиреніштік сезімдерін тудырады.  
Адамдар  үнемі  ӛздеріне  тап  болатын  нәрсенің  барлығын  ӛз  талғамы, 
қажеттіліктері мен мүдделері тұрғысынан бағалайды. Олардың әлемге деген 
қатынасы  әркез  бағалаушы  сипатта  болады,  ал  бұл  бағалаудың  ӛзі 
объективті, дұрыс, прогрессивті немесе субъективті, жалған немесе кертарпа 
да  болуы  мүмкін.  Адамдардың  дүниетанымында  әлемнің  ғылыми  танымы 
мен  оған  деген  құндылықты  қатынас  үздіксіз  бірлікте  болады.  «Мәдениет» 
ұғымы  ӛз  мазмұнына  қарай  «ӛркениет»  деген  ұғымға  жақын.  Бұл  ұғымдар 
арасында ұқсастық пен айырмашылық та бар.  
Философия  тарихында  мәдениет  мәселелері  әлеуметтік  дағдарыс, 
шұғыл  тарихи  ӛзгерістер  дәуірінде,  адам  болмысы  мен  мәдениеттегі  елеулі 
ӛзгерістер қоғам санасын мазалай бастаған кездерде аса ӛзектілікке  ие бола 
бастаған.  Мәдениет  мәселесін  философия,  тарих,  ӛнертану,  этнография, 
лингвистика,  психология  салаларының  ӛкілдері  қарастырған.  Олардың 
әрқайсысы мәдениет философиясына ерекше ӛзінділік пен бағдар бере келе, 
оны дамытуға үлкен үлес қосқан.  
Алдымен  білімнің  осы  салаларының  ӛкілдері  мәдениет  ретінде 
табиғатпен  салыстырғанда,  адамның  қолымен  жасалғанның  барлығын 
ұғынған;  дегенмен,  сол  кездің  ӛзінде-ақ,  адам  ӛз  шығармашылығында 
жағымсыз  нәрселерді  кӛп  жасайтындығы  белгілі  болған.  Кейін  мәдениетті 
мінсіз  жұмыс  істейтін  жүйе  мен  кәсіби  білікке  ұқсататын  кӛзқарастар  да 
пайда  бола  бастайды.  Мысалы,  М.  Вебер  (1864–1920  жж.)  зерттелетін 
феномендердің  ерекше  бейне-сызбаларын  құрастыру  арқылы  мәдениетті 

әлеуметтік  тану  әдісін  тапқан.  Бұл  әдіс  оған  ӛзіндік,  жеке  мәдени-тарихи 
құбылыстарда «қайталанатын» – әдеттегіні анықтауға мүмкіндік берді.  
И. Кант мәдениетті тек қана адамдардың игілігіне қызмет ететін немесе 
ӛз мәнінде ізгілікті болып табылатын дүние ретінде анықтайды, себебі ізгілік 
пен  руханилықсыз  шынайы  мәдениет  болмайды.  Ол  «тәрбие  мәдениетін» 
«қабілет  мәдениетіне»  дәл  қарама-қарсы  қояды,  ал  мәдениеттің  сыртқы, 
«техникалық» түрін ӛркениет деп атайды. 
Мәдениетті  зерттеудегі  «ұғынушы»  әдіснаманың  негізін  қалаушы 
Вильгельм Дильтей культурологиялық зерттеулердің бүкіл саласына үлкен 
ықпал  етті.  Ол  «мәдениет  туралы  ғылымдардағы»  танымдық  әдіснаманың 
ӛзгешелігін дәуірдің тұтас рухани ӛмірінің түйсіктік қайта құрылуы ретінде 
анықтайды.  Мәдениет  тарихын  Дильтей  бір-бірімен  байланыспаған  тұйық 
мәдени  жүйелердің  қатары  ретінде  қарастырады.  Оның  ойынша,  мәдениет 
феномендерін  түсіндіру  олардың  мағыналық  ӛзегі  болып  табылатын  және 
мәдени жүйелердің тұтастылығының негізі болып саналатын дүниетанымды 
қайта  құру  арқылы  жүзеге  асырылуы  тиіс  деп  санайды.  Демек,  мәдениет 
тарихы,  оның  ойынша,  дүниетаным  тарихы.  Сондықтан,  мәдениетті 
ұғынудың жалғыз жолы – адам мен қоғамның рухани ӛмірінің бірегейлігінде 
жалғасатын «ӛмірлік бірліктердің» құрылымдық байланысын анықтау. 
Мәдениет  феноменін  ұғынудағы  «ӛмір  философиясы»  желісін 
жалғастырушы  Георг  Зиммель  (1858-1918  жж.)  болып  табылады.  Оның 
ойынша, мәдениет объективті табиғат әлемі мен адамзат мәдениеті әлемі бір-
біріне  қарсы  тұратын,  «субъективті  рух»  әрекет  ететін  әлемнің  терең 
дуализмімен  ажырамас  байланыста.  «Адам  әрине  жануар  тәрізді  табиғи 
әлемдік мақсаттылыққа қосыла кетпейді, бірақ одан бӛлініп, ӛзін оған қарсы 
қояды. Осы дуализмнің ортасында «мәдениет идеясы» тұрады. 
Мәдениет ұғымы символикалық, Зиммель бойынша, оны «рухтың ӛзіне 
қарай жолы» деп кӛрсетуге болады. Мәдениет екі элемент кездесетін жерде 
болады:  жеке  тұлға  рухы  –  және  «заттылыққа»  ие  болған  рух,  яғни  оны 
жасаған  адамның  рухани  күштері  мен  мүмкіндіктерінің  объектіленуі  болып 
табылатын  бейнебір  шығарма,  ӛнер  туындылары  мен  моральдық  нормалар, 
ғылым  мен  техника,  дін  мен  құқық,  мақсатқа  сай  қалыптастырылған  заттар 
мен мінез-құлық мәнері. 
Мәдениет,  осылайша,  күрделі,  нәзік,  субъектілік-объектілік  қатынас-
тарға  толы  ӛмір  салты,  оның  барысында  субъективті  даму  мен  объективтік 
рухани  құндылықтардың  тұрақты  синтезі  жүзеге  асырылып  отырады.  Бұл 
жағдайда,  мәдениет  тарихы  –  бұл  ӛмірдің  құндылықты  мазмұнының  шексіз 
ұлғаю процесі. Кез келген шығармашылық ӛмірді тағы бір рух құбылысымен 
байытады, бірақ дәл осы жерде, Зиммель бойынша, мәдениеттің трагедиясы – 
бір нысанның – адам шығармашылығының қайсыбір жетістігінің нақты және 
мәдени мәні арасында қайшылықтың болу ықтималдығы жасырынған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет