бөліндісі) оларды арнайы атаумен атауға негіз болды:
колликвативті туберкулезде –
скрофулодерма,
үшіншілік мерезде
–
гумма
деп аталады.
Көпіршік (vesicula) (5-
сурет
) –
біріншілік қуысты құрамында
сұйытығы бар тері бетінен көтеріңкі экссудативті элемент.
Көпіршіктің серозды, сирек серозды-іріңді бөлініске толы қуысы,
жабындысы, түбі болады. Көпіршік мүйізді қабаттың астында
эпидермистің ортасында, эпидермис пен дерманың арасында
орналасуы мүмкін; олар біркамералы және кейде көпкамералы
болады. Көпіршік өлшемі 1-ден 3-4 мм-ге жетеді. Көпіршік
құрамы мөлдір, серозды, сирек қанды; жиі лайланып, іріңді
болады. Бұл көпіршіктің (везикуланың) іріңдікке (пустулаға)
трансформациялануында
байқалады.
Көпіршік
сұйықтығы
қабыршақ болып кебеді немесе жабындысы жарылып, экземаның
өршу
кезеңіндегідей
суланған
эрозия
беткейін
түзеді.
Көпіршіктер өзгермеген тері үстінде орналасуы мүмкін, алайда
жиі қабынған эритематозды негізі болады. Ауыздың кілегей
қабатында, жанасатын тері беткейінде көпіршіктер тез жарылып,
эрозивті беткейі ашық қалады; жабындысы қалың болса (мысалы,
алақандағы дисгидрозда), ұзағырақ сақталады. Көпіршіктер ізсіз
немесе
уақытша
пигментация
қалдырумен
(мысалы,
герпесформалы Дюринг дерматозында) жазылады.
Көпіршіктер пайда болғанда гистологиялық тұрғыдан
спонгиоз (экзема, дерматиттер), баллонданушы дегенерация (жәй
көпіршікті жіне белдеме теміреткі, желшешек), клеткаішілік
вакуолизация
(дисгидротикалық
экзема,
эпидермофития)
байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: