Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет55/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Витаминотерапия.
В тобының витаминдері қабынуға қарсы
А мен Е мүйіздену процесіне реттеп, антиоксидантты және 
антиинфекциялық қасиетінің арқасында иммунитет түзуге әсер 
етеді. А витаминінің синтетикалық туындыларына ретиноидтар 
(тигазон, неотигазон, роаккутан) жатады; олар ауыр псориаз
безеу бөртпесін емдеуде кеңінен қолданылады. Псориаз, 
липоидты некробиоз, Рейно ауруы, склеродермия, васкулитпен 
ауыратын науқастардың еміне никотин қышқылы және 
микроциркуляцияны жақсартатын тамыр кеңейткіш әсері бар 


басқа да препараттар (дипромоний, трентал, ксантиола 
никотинат) тағайындайды.
D
2
витамині тері туберкулезінің жаралық түрін, ал D
3
витамині псориазды емдеуде қолданады. 
Гормональді ем
дерматологияда кең қолданысқа ие болды. 
Өткен ғасырдың 50-жылдары дерматологиялық практикаға 
глюкокортикостероидтарды енгізу көптеген аурулардың, әсіресе 
күлдіреуік пен жүйелі қызыл жегінің болжамын өзгертті. Бұл 
препараттармен перманентті емдеу науқастардың өмірін сақтап 
қана қоймай, еңбекке қабілеттілігін де арттырады. Басқа да 
бірқатар дерматоздарда кортикостероидтар ауыр асқынуларды 
дер кезінде тоқтатады (токсикодермия, атопиялық дерматит, 
экзема, дерматомиозит, буллезді пемфигоид, т.б.). 
Дерматоздардың емінде кортикостероидтарды қолдану 
оның 
қабынуға 
қарсы, 
гипосенсибилизациялық, 
антиаллергиялық, 
антитоксикалық, 
иммунодепрессивті 
әсеріне 
байланысты. 
Тері 
ауруларының 
емінде 
кортикостероидтардың үлкен тобының ішіндегі преднизолон, 
триамцинолон, дексаметазон қолданылады. Тұрпайы күлдіреуік, 
жедел қызыл жегі, дерматомиозит, түйінді периартериит
эритродермияда бұл гормональді препараттармен емдеуге қарсы 
көрсетілім болғанның өзінде де кортикостероидтарды тағайындау 
науқас өміріне қажетті қадам болып табылады. Ал, басқа 
дерматоздарда кортикостероидты гормондарды басқа дәрілік емге 
көнбейтін тек шектеулі жағдайларда қолдану керек. Бұл 
кортикостероидты гормондардың тек қабылдау кезінде ғана 
процесстің жақсаруын туғызып, әрі қарай ұзақ уақыт 
сүйемелдеуші 
дозаға 
жүгіну 
міндеттілігіне 
әкелетін 
морбидостатикалық қасиетіне байланысты. 
Кортикостероидтардың тағайындау кезінде дозасын көтеру 
және қолдану уақытын ұзарту жағымсыз әсерлері мен асқынуды 
жиілетіп, ағымын ауырлататын болғандықтан, үлкен сақтық 
қажет. Стероидты препараттарды тез алып тастау ауыр асқынуға 
(“алып тастау синдромы”) әкелуі мүмкін. Оның мөлшерін алып 
тастау бірте-бірте, неғұрлым мөлшері көп болып, ұзақ қабылдаса, 
соғұрлым ұзаққа созылады. Кортикостероидтармен емделу 


кезінде асылған тұзды шектеп, белок пен витаминге бай емдәм 
тағайындау керек. Калийдің ағзадан көп мөлшерде шығарылуына 
себеп 
болатын 
стероидты 
гормондарды 
ұзақ 
уақытқа 
тағайындайтын болсақ, науқасқа калий препараттарын (калий 
ацетаты, калий оротаты, калий хлориді, панангин) қосуымыз 
керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет