V бөлім
Қазақ тілінен алған білімін
бағалау туралы
Қазақ тілін оқып-меңгеруі барысында оқушы белгілі бір білік-дағдыларды игеріп, ие болуы міндет екендігі белгілі. Сол міндет шешілуі, бір жағынан, мұғалімнің дұрыс білімді меңгертуі болса, екінші жағынан маңызды орын алатын оқушының білімін дұрыс бағалай білуі. Сондықтан да, студенттерге бұл бөлімнің де беретін пайдасы мол. Өйткені, әр жылдардағы оқушының білімін бағалау процесін зерелей отырып, қазіргі заман деңгейіндегі оқушының таным өрісін қалай, қандай түрде т.б. бағалауды жоспарлауға үйрене алады. Сондықтан да қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму жолындағы осы парақтарды терең түйсініп, меңгеріп алудың пайдасы үлкен болады.
Достарыңызбен бөлісу: |