Бағалауды көтеруге болатын реттер:
1) Егер оқушының хаталары ішінде бір ереженің өзінен бірнеше
(3 я онан да көбірек) хата болса, ондай хаталарды бірді-екілі кемітіп
есептеуге болады. Мысалы, морфология тарауы өтіліп, пысықтау
диктанты жүргізілгенде VI кластың оқушысы бір теманың өзінен 5
хата жіберсе, мұны кемітіп есептеуге болады. Барлық хаталардың
саны нормадан артық болғанымен, мұғалім бұл жұмысты «2» мен
бағаламай, «3» қоюына болады.
Өйткені, оқушы -бұл жерде бір-ақ ережені білмей отыр.
2) Егер оқушының хаталары ішінде жеңіл-желпілері болса.
Сөйтіп, диктантта 3 қате болып, 3-де жеңіл-желпі қателер болса, «4»
қоюға болады.
Диктанттағы хаталардың жалпы саны 5 болып, соның ішінде 2-3 жеңіл-желпі қате болса, мұндай диктантты «3» деп бағалауға болады.
Орфографиялық хаталардың саны 9 болып, ішінде жеңіл-желпі хаталары болса «2»-мен бағалауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |