Б. Х. Мусабаева 2 Инженерлік-технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында



Дата17.06.2018
өлшемі36,66 Kb.
#42552

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СемЕЙ қ. ШӘКӘРІМ АТЫндағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СМЖ 3 деңгейдегі құжат

ПОӘК

ПОӘК 042-18-10.1.54/02-2015

ПОӘК

Магистрантқа арналған «Полимерлерді алу және зерттеу әдістері»

пәннің бағдарламасы



11 .06 2015 ж.

№ 1 басылым



ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


«ПОЛИМЕРЛЕРДІ АЛУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ»
«6М060600» – Химия магистратура мамандығы үшін
МАГИСТРАНТҚА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2015
Алғы сөз
1 ӘЗІРЛЕНГЕН

Құрастырушы « 20 » 05 2015 ж., Б.Б. Баяметова, х.ғ.к, доцент м.а., «Химия» кафедрасы


2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Химия» кафедрасы отырысында


« 21 » 05 2015 ж., № 11 хаттама
Кафедра меңгерушісі Б.Х. Мусабаева
2.2 Инженерлік-технологиялық факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында
« 05 » 06 2015 ж , № 5 хаттама
Төрайымы C. C. Толеубекова
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлдаған және ұсынылған

« 11 » 06 2015ж, № 6 хаттама
ОӘК төрайымы Г.Қ. Искакова
4. Алғашқы рет енгізілген

Мазмұны


1 Жалпы ережелер

4

2 Пән мазмұны және сабақ түрі бойынша сағатқа бөлу

4

3 Пәнді оқу кездегі әдістемелік нұсқаулар

9

4 Курс форматы

10

5 Курс саясаты

10

6 Баға қою саясаты

11

7 Әдебиет

13



1 Жалпы ережелер

1 Оқытушы және пән жайында жалпы мағлұматтар:

Баяхметова Булбул Баяхметовна

Химия кафедрасы

Байланыс мәліметтері: 35-05-90, №9 оқу ғимараты.

Сабақ өткізілу орны № 420 аудитория

Кредиттер саны - 3

1.2 Пәннің қысқаша мазмұны

«Полимерлерді алу және зерттеу әдістері» курсының пәні болып, полимерлердің түзілу процесстерін, құрылымын және қасиеттерін зерттеуде қолданылатын әртүрлі физико-химиялық әдістердің теориялық негіздерін оқу болып табылады.

1.3 Берілген курстың мақсаты магистранттарда полимерлерді зерттеудің модифицирленген және арнайы әдістерінің негізгі принциптері және мүмкіндіктері жайында түсініктерді қалыптастыру болып табылады.

1.4 Пәнді оқудың негізгі міндеті – магистранттарды полимерлер құрылымы және қасиеттерін зерттеу әдістері саласында теориялық және практикалық дайындау.

1.5 Пәнді оқу нәтижесінде магистрант:

- полимерлі денелердің құрылымы және негізгі физикалық қасиеттері, полимерлерді синтездеудің негізгі әдістері жайында түсінігі болу керек;

- полимерлерді зерттеу әдістерінің теориялық негіздерін және принциптерін білу;

- макромолекула құрылымын, молекулярлы-массалық сипаттамаларды, полимерлердің физико-механикалық қасиеттерін зерттеудегі қазіргі кездегі экспериментальді әдістерді қолданудың практикалық дағдыларын пайдалану

1.6 Курс пререквизиттері:

1.6.1. ЖМҚ химиясы

1.6.2. Органикалық химияның қазіргі кездегі мәселелері

1.7 Курс постреквизиттері:

1. Магистерлік диссертация


2 Пәннің мазмұны және сабақ түріне бөлінген сағаттар

Кесте 1


№ п/п

Тақырып

Сағат

Әдебиет

Дәріс

Зерт.

СПС

МОӨЖ

МӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Полимерлену

Радикальді полимерлену. Полимерлену сатылары. Полимерлену кинетикасы. Радикальді сополимерлену. Сополимерлер құрамының теңдеуі. Массада, ерітіндіде, суспензия және эмульсиядағы полимерлену.



2

-

1

1,5

4,5

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.8



2

Иондық және иондық-координациондық полимерлену

Катиондық полимерлену. Аниондық полимерлену. Катиондық полимерлену кинетикасы. Иондық-координациондық полимерлену.



2

-

1

1,5

4,5

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.8



3

Поликонденсация

Поликонденсация процесстерінің классификациясы. Поликонденсациялық тепе-теңдік және полимерлердің молекулалық массасы. Поликонденсацияны балқытпада, ерітіндіде, фазалар бөлінуінің шекарасында жүргізу.



2

-

1

1,5

4,5

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.8



4

Мембраналы осмометрия

Осмометрия әдісімен орташа сандық молекулалық салмақты анықтау. Осмостық әдісіпен екінші вириальді коэффициентті анықтау. Жоғары концентрлі полимерлі ерітінділердің осмостық қысымы. Мембраналы осмометрлер.



2

-

1

1,5

4,5

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.8



5

Коллигативті қасиеттерді бағалаумен байланысты зерттеу әдістері

Эбулиометрия. Жылдам седиминтация. Седиментационды-диффузиялық тепе-теңдік анализі. Седиментациондық тепе-теңдікке жуықтау кездегі анализ. Тығыздық градиентіндегі седиментациондық тепе-теңдік. Аналитикалық ультрацентрифугалау.



2

-

1

1,5

4,5

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.8



6

Вискозиметриялық әдістер

Полимерлердің сұйытылған ерітінділері үшін тұтқырлықты өлшеу. Сополимерлердің сұйытылған ерітінділері үшін тұтқырлықты өлшеу. Тармақталған полимерлердің сұйытылған ерітінділері үшін тұтқырлықты өлшеу. Полимерлердің сұйытылмаған ерітінділері үшін тұтқырлықты өлшеу.



2

-

1

1,5

4,5

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.8



7

Оптикалық әдістер

Полимерлерлерді зерттеудегі спектроскопиялық әдістер. Полимерлерлерді зерттеудегі спектроскопиялық емес әдістер. Оптикалық материалдар. Лазерлер. Оптикалық детектерлер.



2

-

1

1,5

4,5

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.8



8

Жарық шашырауы

Жарықтың жазықбұрышты шашырауы. Импульсті-индуциирленетін критикалық шашырау. Кіші бұрышты лазерлі жарық шашырауы. Жарық соғуының спектроскопиясы. Рэлей-Бриллюэн спекроскопиясы.



2

-

1

1,5

4,5

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.8



9

Ультракүлгін және көрінетін спектроскопия

Ультракүлгін және көрінетін спектроскопия сандық анализі. Электронды спектроскопияға арналған приборлар. Ультракүлгін спектроскопияға арналған еріткіштер.



2

-

1

1,5

4,5

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.8



10

Инфрақызыл спектроскопия

Инфрақызыл спектроскопияға арналған приборлар. Полимерлерді ИҚ-спектроскопия көмегімен сапалық зерттеу. Сандық анализ. Инфрақызыл шағылыстырылмалы-абсорбциялық спектроскопия. Инфрақызыл фурье-спектроскопиясы.



2

-

1

1,5

4,5

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.8



11

Эмиссиондық спектроскопия

Флуоресценция. Флуоресцентті спектроскопияға арналған құрал-жабдықтар. Полярлы флуоресценция. Фосфоресценция. Эмиссионды спектроскопияны полимерлерді зерттеуде қолдану.



2

-

1

1,5

4,5

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.8



12

Ядролы магнитті резонанс спектроскопиясы

Әдістің жалпы сипаттамасы. ЯМР-спектроскопияға арналған құрал-жабдықтар. 13С-ЯМР-спектроскопия. Фурье-түрленуімен ЯМР-спектроскопиясы. ЯМР-спектроскопияны полимерлерді зерттеу саласында қолдану.



2

-

1

1,5

4,5

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.8



13

Электронды парамагнитті резонанс спектроскопиясы

Әдістің жалпы сипаттамасы. ЭПР-спектроскопияға арналған құрал-жабдықтар. ЭПР-спектроскопияны полимерлерді зерттеу саласында қолдану.



2

-

1

1,5

4,5

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.8



14

Масс-спектрометрия

Негізгі ережелер. Құрылғы және масс-спектрометр жұмыс істеу принципі. Масс-спектрометрияны полимерлердің сипаттамасы және анализі үшін қолдану.



2

-

1

1,5

4,5

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.8



15

Хроматография

Пиролитикалық газдық хроматография. Айналмалы газдық хроматография. Эксклюзионды газдық хроматография. Гидродинамикалық хроматография. Өріс әсерімен ағынмен фракциялау.



2

-

1

1,5

4,5

7.1.1-7.1.2,

7.2.1-7.2.8





3 Пәнді оқудағы әдістемелік нұсқаулар


  • Оқу сабақтарын ұйымдастыру.

«Полимерлерді алу және зерттеу әдістері» курсының теориялық негіздерін игеріп оқу кезінде негізгі мақсат болып, практикалық дағды алу, теориялық қорытындылар жасай білу болып табылады. Пәннің теориялық сұрақтары дәріс кезінде қарастырылады. Дәрістерде негізгі түсініктер және заңдылықтар, сонымен қатар бағдарламаның оқу әдебиеттеріндегі күрделі немесе аз қарастырылған сұрақтар оқытылады. Дәріс конспектілері зертханалық сабақтарға дайындық, әдебиеттермен еркін жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Практикалық сабақтарда теориялық тәсілдер, ғылым заңдылықтары расталады. Сондай-ақ есептер шешу әдістері игеріледі. Химиялық ойлау, сонымен қатар зерттеу жұмыстарын орындау қабілеті дамиды. Пәнді оқу кезінде уақыттың басым бөлігі магистранттардың өздігінен жұмыс істеуіне арналған. Аудиториядан тыс өздік жұмыс әдебиетпен жұмыс істеу, үй тапсырмасын орындауды қарастырады.

  • Дәрістер.

Дәріс конспектілері материалды оқудың негізгі кезеңі болып табылады. Дәрістерде конспект жазу міндетті. Дәріс конспектілерін оқулықтар және оқу нұсқаулары материалдарымен толықтырып, дәріс дәптеріне сәйкес жазбалар енгізу маңызды. Жазбаларды дәріс оқушының консультациялары кезінде толықтыруға болады.

  • Практикалық сабақтар

Практикалық сабақтарға дайындық:

-тақырыптың теориялық материалдарын дәріс конспектілері, оқулықтар және оқу нұсқаулары бойынша оқу;

-оқытушы тапсырмасымен қажетті есептеулер жүргізіліп, қорытындылар жасалады.

-орындалған жұмыс бойынша есеп тапсырылады.



  • Өздік жұмыс.

Оқу үрдісінде магистранттардың өздік жұмысының бөлігі артады. Сұрақтардың басым бөлігін оқу кезінде оқулықтар және оқу құралдарымен жұмыс жүргізіледі. Сонымен қатар, үй тапсырмасын орындау, есептерді өздігінен шығару. Өздік жұмысты орындау бойынша бақылау оқытушының ауызша сұрауы, жазбаша бақылау жұмыс, тест, коллоквиум арқылы жүргізіледі.

  • Әдебиетпен жұмыс істеу бойынша нұсқаулар.

Курс бағдарламасымен танысқаннан кейін негізгі оқу әдебиетін таңдап,оның кітапхана қорында болуын немесе онымен оқу залында жұмыс істеу мүмкіндігінің болуын анықтау керек. Әрбір тақырыпты өткен кезде оған қосымша әдебиеттер тізімі, әдістемелік нұсқаулар және нұсқамалар беріледі. Оқытушыдан тапсырма алғаннан кейін оқулықтар мен нұсқаулардан материалдарды оқуға кірісіңіз. Сұрақ негізін анықтаңыз. Заңдар, анықтамалар оқылуын, формулаларды есте сақтап алған жөн. Материалды жақсылап есте сақтау қажет болса, қысқаша конспект жасап, дәріс материалдарын толықтырыңыз. Сұрақты тереңірек оқу қосымша әдебиетпен жұмыс істеу кезінде мүмкін. Теориялық курс жаттығулар мен есептерді орындаумен ілестіріледі. Әдетте тапсырмалар есеп жинақтарында беріледі. Оқулықпен жұмыс кезінде туындайтын сұрақтарды дәптерге жазып алып, кейін сабақ үстінде оқытушыдан сұрап анықтауға болады.

4 Курс форматы

Берілген пән бойынша 50-минуттық дәріс – аптасына 2 рет, 50-минуттық практикалық сабақ – аптасына 1 рет, МОӨЖ – аптасына 1 рет.



5 Курс саясаты

Сабаққа қатысу: Дәрістерге, семинар-практикалық сабақтарға және МОӨЖ қатысу міндетті. Егерде әлдебір себептермен сабаққа қатыса алмасаңыз, сізге барлық босатқан сабақтардағы қабылданбаған материалдар үшін жауапкершілік жүктеледі.

Тәртіп: Сабақ барысында ұдайы тәртіп бұзушылық аудиториядан қуылумен жазаланады және сәйкесінше сабақ босатқаны үшін рейтінгілік бағасы төмендетіледі.

Кезеңдік аттестация: Кезеңдік аттестация қорытындысы сабаққа қатысуы, белгіленген мерзімде МӨЖ орындауы, сабақ барысындағы ауызша немесе жазбаша жауаптарымен, тестілеу нәтижелерімен және кезеңдік бақылауды ескере қойылады.

Емтихан: Ауызша емтихан немесе компьютерлік тестілеу жүйесі негізінде рұқсат алған барлық студенттерге қорытынды емтихан жүргізіледі. Емтиханның әрбір тест сұрағы 5 жауаптан тұрады, соның ішінде бір дұрыс жауабымен. Тест сұрақтары барлық өткен курс бөлімдері бойынша құрастырылған.

6 Баға қою саясаты

Апталар және бақылау түрлері бойынша балдардың бөлінуі 2 кестеде келтірілген



«Полимерлерді алу және зерттеу әдістері» пәні бойынша балдардың бөлінуі

Кесте 2


Апта

Бақылау түрі

Барлық балл

Ескертпе

1

2

3

4




1-ден 7-ші аптаға дейін барлық дәріс сабақтарға қатысу және дайындық

30




1

Стиролдың эмульсиядағы радикальді полимерленуі

20

Семинар-практикалық сабақ

2

Стиролдың эмульсиядағы радикальді полимерленуі

20

Семинар-практикалық сабақ

3

Стиролдың эмульсиядағы радикальді полимерленуі

20

Семинар-практикалық сабақ

4

Полимердің молекулалық массасын вискозиметрия әдісімен анықтау

20

Семинар-практикалық сабақ

4

Жоғары молекулалы қосылыстар синтезінің кинетикалық заңдылықтарын физикалық әдістермен зерттеу

50

Тапсырма

МӨЖ


5

Полимердің молекулалық массасын вискозиметрия әдісімен анықтау

20

Семинар-практикалық сабақ

6

Полимердің молекулалық массасын вискозиметрия әдісімен анықтау

20

Семинар-практикалық сабақ

6

Жоғары молекулалы қосылыстар синтезінің кинетикалық заңдылықтарын химиялық әдістермен зерттеу

50

Реферат

МӨЖ


7

Полимердің мольдік рефракциясын анықтау




Семинар-практикалық сабақ

7

Межелік бақылау 1

70




1-ден 7-ші апталардың оқу қорытындылары бойынша барлық балл

300







8-ден15-ші аптаға дейін барлық дәріс сабақтарға қатысу және дайындық

30




8

Полимердің мольдік рефракциясын анықтау

15

Семинар-практикалық сабақ

9

Полимерлерді зерттеудің полярографиялық әдісі

15

Семинар-практикалық сабақ

10

Полимерлерді зерттеудің полярографиялық әдісі

14

Семинар-практикалық сабақ

10

Полимерлер құрылымын және құрамын зерттеу

50

презентация

МӨЖ


11

Полимерлердің термиялық анализі

14

Семинар-практикалық сабақ

12

Полимерлердің термиялық анализі

14

Семинар-практикалық сабақ

12

Полимерлі материалдардың физико-химиялық және механикалық қасиеттерін зерттеу әдістері

50

Тапсырма, тест

МӨЖ


13

Полимерлерді айналмалы газдық хроматография әдісімен зерттеу

14

Семинар-практикалық сабақ

14

Полимерлерді айналмалы газдық хроматография әдісімен зерттеу

14

Семинар-практикалық сабақ

15

Полимерлерді ИК-спектроскопия әдісімен зерттеу

14

Семинар-практикалық сабақ

15

Межелік бақылау 2

70




8-ден 15-ші аптадалардың оқу қорытындылары бойынша барлық балл

300




Емтихан бойынша барлық балл

400




Академиялық кезені бойынша барлық балл

1000





7 Әдебиет

7.1 Негізгі әдебиет

7.1.1 Ерғожин, Е.Е. Полимерлердің физикасы мен химиясы: оқулық, Алматы: Дәуір, 2012.- 391 б

7.1.2 Замышляева О.Г.Методы исследования современных полимерных материалов. Учебно-методическое пособие. – Нижний Новгород. 2012. – 90 с.

7.1.3. Семчиков Ю.Д. Высокомолекулярные соединения: Учебник для вузов. М.: Академия, 2010, 367 с.



7.2 Қосымша әдебиет

7.2.1 Тугов И.И., Кострыкина Г.И. Химия и физика полимеров: М.: Химия, 1989.

7.2.2 Шур А.М. Высокомолекулярные соединения: Уч. Пособие. 3-е изд., перераб. и доп. М.: Высшая школа, 1981. 656 с.

7.2.3 Я. Рабек. Экспериментальные методы в химии полимеров. – М.: Мир, 1983. В 2 частях.

7.2.4 Шестаков А.С. Физические методы исследования полимеров. Пособие. Воронеж. 2003.

7.2.5 Аввакумова Н.И, Бударина Л.А идр. Практикум по химии и физике полимеров. – М. Химия, 1990. 299с.



7.2.6 Практикум по высокомолекулярным соединениям. – М.: Химия, 1985. 224с.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет