Б. Момышұлы «Қанмен жазылған кітап» Шығармадан үзінді



Дата30.12.2021
өлшемі26,01 Kb.
#106914
Байланысты:
Оқушыға арналған дидактикалық материалдар
1e804d8b040b7cbf7dfb944b27bbf9cf29426777, «Биология» 8-сынып , гист бх с отв эндокрин, ЭНДОКРИНРЕПРОДУКТ 100 (3), Анат (2), Kojamjarova Darilik osimdikterdi paidalanu, ргр-1, ИНФОРМАТИКА пәнінен ҰБТ ға дайындалуға арналған терминдер тізімі

Б.Момышұлы «Қанмен жазылған кітап»

Шығармадан үзінді




Оқылым тапсырмасы

1-тапсырма

Берілген үзіндідегі автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік және идеялық ерекшелігін анықтап, кестені толтырыңдар.

Жұрттың көбіне ақыл берілгенімен, жүрек бәріне бірдей берілмеген. Соғыс көптеген адамдардың жастық арманын қиып, бақытты, жасампаз, творчестволық өмірдің даңғыл жолына шығуына мүмкіндік бермегенін, алдымен өзің байыптап, содан кейін басқаларға ұғыныңқы түрде, егер жағдай мұны талап ететін болса ойланып-толғанып жатпай, ерінбей кез келген сәтте ерлік жасауға, өзін құрбандыққа қиюға әзір тұратындай, әрбір жауынгердің бойында намыс оты тұтанатындай етіп түсіндіре білген жөн.

Жауынгерлік достықтағы басты нәрсе — өзара түсіністік, адамның адамгершілігін құрметтеп сыйлай білушілік, жолдасыңның ерлігін әділ түрде мадақтай, көтере білуге ұмтылу, сөйтіп өзіңнің де ірі қаһармандық істер жасауға құлшына білушілігің болмақ.

Әскери бөлімнің күші - жауынгерлік достық пен жолдастық бірлікте, ынтымақта.

Біздің күшіміз - достықта. Жолдасыңды ұрыста қауіпті жағдайдан сақтай біл.

Мен бұл қарапайым ұғымдардың бәріне қысқаша анықтама бердім. Ал әзірше жоғарыда айтылған барлық мәселелер жөнінде қысқаша қорытынды жасаймын.

1. Ақыл - таниды, анықтайды, тапсырма береді, жоспарлайды, іс-қимылдың әдіс- тәсілдерін және мақсатқа жету жолдарын көрсетеді.

2. Ерік - құралдарды іс-әрекетке, қимылға келтіреді, бұйрық, жарлықты орындайды, күш-қуатты демейді, яғни ерік дегеніміз - өз бетінше шешім қабылдау қабілеттілігі мен қабылдаған шешімді тәжірибе жүзінде жүзеге асыру қабілеттілігінің үйлесімділігі.

3. Сезім - пайдалы қызметті арттырады, еңбек өнімділігін жоғары шегіне немесе құлдырауға, іс-әрекетсіздікке дейін көтереді немесе төмендетеді.

4. Ар - парыздың қаншалықты дәрежеде орындалғанын таразыға салады, көңіл күйі мен адамның қызметіне қозғау салып, оятады - соның әсерінен бойдағы күш-қуат артыпнемесе кемиді, сергектік (мақтаныш), орындалған парыз немесе орындалмай қалған парыз үшін жанды жегідей жеген ұяттан азап шегіп, мұң басып, ұнжырғасының түсуін саналы түрде түсінеді.


Шығарма үзіндісін бөліктерге бөліп, әр бөлім бойынша тезис ұсын.

Кейбіреулер ұлттық рухты немесе ұлттық патриотизмді ұлтшылдықпен оп-оңай-ақ шатастырып алады. Бұл жерде міндетті түрде ұғыну қажет. Соғыс кезінде орыстар да бұл мәселені дұрыс түсінуге ұмтылып отыр, олар біз орыстармыз дейді! Бұл дұрыс па, ал соғысқа дейін біздер күшті «интернационалистер» болған едік. Ұлттық рух пен ұлтшылдықтың ара жігін ажырата білген жөн. Ұлттық рух тамаша қасиеттерге ие, өз ұлтыңды тануға көмектеседі, ал бізге осы асыл қасиеттерді дамыта түсу қажет, осындай адам ғана отандастарының алдындағы өз халқының және ең алдымен халықтардың бауырластығы алдындағы өз борышын терең де жоғары сезінеді.

Барлық халықтар барлық ұлы әрі тамаша нәрселер жасауға қабілетті. Айбарлы адам жасық жанға дос бола алмайды. Егер сен жасық жан екенсің, онда достықты талап етуге қандай құқың бар деу әбден заңды, сені тек жек көруге болады. Халықтардың бауырмалдық ұлы сезімі мына қырғын соғыста үлкен сынға түсіп, бұл сынақтан сүрінбей өтті әрі көптеген адамдардың көзін ашты. Бұл соғыста Совет Одағында тұратын ұлыстар мен ұлттардың бірде-бірі өзгелерден жаман соғысуға правосы жоқ. Айталық, бір халық нашар соғысты дейік; онда бұл халықты құрметтеуге қандай негіз болмақ, ал жақсы соғысып жүрген халық әрқашан ізгі құрмет көрсетуге лайық. Халықтардың достығы мен бауырмалдығының осы айтылған негіздеріне сүйеніп ұлттық мақтаныш сезімі дегеніміз - ұлттар достығының кепілдігі деуге болады.

Әрбір солдат өзіне өзі төмендегідей сұрақтар қояды. Біздер кім едік? Біздер кімбіз? Біздер қандай болмақпыз?

Сонымен, біздер кімбіз және біздер кім болмақпыз? Егер сіздердің біріңізге сіздің атаңыз тамаша адам болған десе, онда сіздің де көңіліңіз көкке көтеріліп қалмай ма, сондықтан да бізден біздер кімбіз деп сұрайтын болса, онда біздің өткен тарихымызға, біздің даңқты ата-бабаларымызға деген біздің бойымызда мақтаныш сезімі сезілетіндей етіп жауап беруге тиістіміз.

Мен: «Біз мал едік, қараңғы едік»,— деп соғатын кейбір шешенсымақтарға қатты ашу- ызам келеді. Бұл бізде ғана бар көр кеуделік емес, басқа ұлттарда да бар нәрсе, тіпті орыстардың арасында да соғысқа дейін өздерінің ата-бабалары жөнінде ұнамсыз нәрселерді айтудан ұялмайтындар табылатын. Суворовтың өзін де жақында ғана көпшілікке насихаттай бастаған жоқ па? Сол кезде, яғни өткен ғасырда өмір сүрген біздің кейбір хандарымыз бен билерімізге, мемлекет қайраткерлерімізге байланысты да осындай көзқараста болдық, ал бізде хан екен, демек антұрған деп қарайтын ұғым — түсінік болды.

Мұның өзін парасаттылық еді деп кім айта алады — сөз жоқ, ешкім де айта алмақ емес. Өйткені Кенесарыдан оның көзқарасының Маркс көзқарасымен сәйкес келуін талап етуге болмайды! Олар өз заманының мемлекет қайраткерлері әрі жақсы адамдар болған, сірә мұны теріске шығара қоюға болмас және де оларды мақтаныш етуіміз керек - олар халықтың абыройы ғой. Мұндай сұраққа немере-шөберелері өзінің ата-бабаларына, өзі өмір сүрген қоғамдық формацияда көшке ілескен елеусіз адам емес, жұртқа пайдалы өз заманының прогрессивті, өнегелі адамы болғанына мақтанатындай етіп айта білу қажет.

Өткен тарихымызды аяққа баспай, қиянат жасамай, мұны дұрыс ажырата білгеніміз жөн.



Біздер осы кімбіз? Біздер кім болмақпыз? Бұған былай жауап беру керек: жақсы адамдар бар, одан да жақсырақ болуымыз керек. Әйтпесе ертеректе біз мал едік, жылдар өте нағыз адам болыппыздың кезі келмей ме? Бұлайша қойылған сауалға жауап қайыру жөнсіздік.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет