Б. О. Джолдошева из Института автоматики и информационных технологий нан кр, г. Бишкек; «Cинтез кибернетических автоматических систем с использованием эталонной модели»



бет162/320
Дата06.02.2022
өлшемі28,25 Mb.
#34664
түріСборник
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   320
Мәселелердің мән-жайы. Қазіргідей заманда небір химиялық-металлургиялық өндіріс орындарынан шығарылатын өнім түрлерінің молшылығы ертеңгі болашаққа нық сенім арқалатып жатқанды, басқаша қыры – сол өндірістің қоршаған табиғи ортаға, әрбір жанға тигізер әсер-ықпалы сезінбейтіндей деңгейде болу шарты-технологияға қойылар негізгі талаптардың бірегейі. Сол мақсатқа жетудің алғашқы сатысының бірі – ақпаратты – талдамалық және танымдық жүйесінің қалыптасуы.
Әрбір кәсіпорын үшін экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарына сай жұмыс жасау үшін қажетті алғы-шарттарын қалыптастыруда атқарылатын істерінің ішінде олардың шығарындылары мен төгінділері жайлы ақпараттарды жүйелі түрде орындалған ғылыми-практикалық тұжырымдама ретінде құрастырудың алар орыны ерекше. Оған негіз боларлық жағдай – қазіргі уақытта экологиялық қауіпсіздік тұрғысында атқарылып жатқан (атқарылар) бақылау критерийлары ретінде жалпылама көрсет кіштердің алынуы және қолданыстағы технологиялық режимдер мен шығарылатын (төгілетін) қалдықтардың арасындағы өзара байланыстылықтың үйлеспейтіндігі жайлы мамандардың айтуының кемдігі жоқ. Ал қысқа және ұзақ мерзімдік экологиялық болжамдар мен сараптама жүргізу үшін экономикалық мәліметтерді саралап, талдағандай әртүрлі экологиялық ақпараттардың да небір физикалық-математикалық моделдері жасалынуы тиіс. Ол үшін белгілі бір өндіріс орынындағы шығарындылары мен төгінділері жайлы толық мәліметтер тізбегі кестелі және сызбалы түрде жыл мезгілінің әр айы мен кезеңдеріне сай реттеліп, берілуі қажет. Сонан соң қазіргі кезде қолданыста жүрген (ПДК, ПДВ, ПДС және басқалары) шектеу нормаларымен салыстыра отырып, олқылық кетіп жатқан тұстарына қажетті түзету енгізу үшін қарастырып отырған мәселенің, маңыздылығы ерекше.
Қорытынды. Баяндамада ірі кәсіпорындарымыздың бірінде осы сипатта атқарылар шараның алғашқы сатысы жайлы сөз болады. Сол мақсаттарға қол жеткізудің бірден-бір жолы-кәсіпорындағы технологияларға модернизациялық өзгерістер енгізу болып табылады. Әрине, бірнеше ондаған жылдарға созылатын бұл үдеріс еліміздің болашағы екендігіне ешкім күмән келтірмейді. Дегенмен, өз денсаулығымызды, ұрпағымыздың нық болашағын ойласақ, шет елдердің мықты технологиялық жабдықтарымен ескірген – тозғандарымызды алмастыру бүгінгі заман талабы деп түсінгеніміз абзал. Бұл шара әлгі айтылған шектеу нормаларына біртіндеп өзгерістер енгізу үшін қажет, яғни нормалардың төмендеуі ауа мен судың тазалығын талап етудің бірден-бір жолы.
Әдебиеттер:
1. Материалы ІІ Экологического форума «Экология урбанизированных территорий». – Усть-Каменогорск, 2010. – 272 с.
2. Тулеубаев Б.А. Проблемы и меры по обеспечению экологической безопасности фермерских хозяйств на юге Павлодарской области, прилегающих к бывшему СИП // Материалы МНПК «Региональные аспекты обеспечения безопасности населения юго-западной Сибири – проблемы защиты от чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера». – Барнаул, 2003. – С. 96-98.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет