Б. О. Джолдошева из Института автоматики и информационных технологий нан кр, г. Бишкек; «Cинтез кибернетических автоматических систем с использованием эталонной модели»



бет168/320
Дата06.02.2022
өлшемі28,25 Mb.
#34664
түріСборник
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   320
ТЕМІР ЖОЛ ТАСЫМАЛДАРЫН БАСҚАРУ
ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ АЛҒЫШАРТТАРЫ


Марғұлан Уалханович Уажанов

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті,


Семей қаласы, Глинка көшесі, 20А. www.semgu.kz
E-mail: um08@inbox.ru

Қазақстан экономикасының қалыптасуына, мемлекет тәуелсіздігін, елдің территориялық тұтастығын және әлеуметтік тұрақтылығын нығайтудағы темір жолдың рөлі жоғары бағаланады.


Қазақстан теміржол көлігінің өткен жолын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең (1992-1996 жж.) – саланың КСРО-ның таралу салдарына және мүлдем жаңа экономикалық жағдайларға бейімделуі
Екінші кезеңнің (1997-2001жж.) маңызы үш қазақстандық магистралды өзінде біріктірген, қиыншылық кезден өте алған, саланың ары қарай дамуына негіз салған, бірінші қазақстандық теміржол кәсіпорны «Қазақстан темір жолы» РМК-нің құрылуы мен дамуы болды.
Үшінші кезеңде (2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін) саланы қайта құрылымдау басталды. Атап айтқанда, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компания» ЖАҚ құрылуы осы реформалардың жүзеге асырылуының бастамасы болды.Олар еліміздің теміржол көлігін қазіргі заманға сай әрі жоғары тиімді салаға айналдыруға бағытталған және әлемдік тасымалдау жүйесіне үйлесімді кіре отырып, дамыған нарықтық, бәсекелестік жағдайында тұтынушылардың талаптарына сәйкес келетін кәсіпорын дәрежесіне жеткізу болды.
Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін дамыту және тиімді пайдалану, елдер арасында халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында, «Қазтеміртранс» АҚ көршеліес елдер аймақтарында бірлесіп кәсіпорындар құруда, бұл экспорттық-импорттық бағыттар бойынша жүк тасымалы көлемін ұлғаюына, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымал көлемін кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар АҚ дамуының стратегиялық бағытына келетін болсақ компания Миссиясын жүзеге асыру үшін даму бағытының негізгі приоритеттері анықталған,оларға:
– Тариф саясатының көмегімен қозғалмалы құрам көлемін көбейту; көп тұрып қалған вагондарды парктеу бойынша уақытылы шаралар жасау; лизинг, қарыз каржылар және т.с.с. қаржылық ресурстарды Компанияға әкелу үшін инвестициялық құралдарды пайдалану.
- Шет елдік серіктестермен тиімді өзара әрекет ету көмегімен Қазақстан территориясындағы транзитті жүк тасымалдауды дамыту, сонымен қатар көлік нарығының басқа да қатысушылары: көліктік-логистикалық орталықтарды және көліктік-экспедициялық компанияларды дамыту;
- Қызмет көрсету түрлерін кеңейту, үлкен басекелестермен бірлесу, қызметтердің жаңа сферасында бірлескен компаниялар құру арқылы көлік қызметі нарығындағы іс-әрекетті диверсификациялауға қол жеткізіледі. «Жүк вагондарын жөдеу, оларды металлоломға тапсыру» – қызмет түрінің көмекші бағыты, мұнда барлық филиалдар мен еншілес ұйымдар жауапты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет