Бақа Сұңқар тарих мамандығы. Тапсырмалар: Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі. (Эссе) Жоспар



Дата29.12.2021
өлшемі20,81 Kb.
#106483
Байланысты:
әлеуметтану(эссе)


Бақа Сұңқар тарих мамандығы.

Тапсырмалар: Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі. (Эссе)

Жоспар:

Кіріспе


БАҚ қоғамдық пікірді қалыптастырудағы орны

Қортынды


 

Кiрiспе

Жалпы алғанда бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамға қажеттiлiгi олардың тiкелей атқаратын қызметтеріне тікелей байланысты. БАҚ- ның ақпараттық қызметі, яғни қоғам мен оның мүшелерiне күнделiктi ақпараттар таратуы. БАҚ-ның ақпараттық қызметі адамдарға түрлi әлеуметтік процестер және оқиғалар тұрғысында ой түйiндеуiне  ықпал етедi, олар жөнiнде әр түрлi ақпараттар ағыны iшiнде бағдар алуына жәрдемдеседi.

Қоғамдық сананың өзгерiп, өсуi қоғам мүшелерiнiң мемлекет өмiрiмен күнделiктi мол, әрi обьективтi мағлұмат алу дәрежесiне тiкелей байланысты, қоғамдық сана өз кезегiнде қоғамдық пiкiр негiзiнде қалыптаспақ. Бұл екеуiнiң де БАҚ арқылы пайда болып одан әрi дами алатындығын ескерсек, оның жоғарыда айтылған қадағалаушылық қызметінің маңыздылығы тiптi күшейе түспек. Яғни қоғамдық пiкiр билiк тармақтарының белгiлi бiр шешiмiнiң терiстiгiне БАҚ арқылы көз жеткiзсе, ол шешiмдi өзгерту үшiн тағыда сол ақпарат қызметiн пайдалана отырып ықпал ете алады. БАҚ-ның «төртiншi билiк» аталуы оның осындай саяси әлеуметтiк қызметтерінің маңыздылығынан туындаса керек.

Жалпы ақпарат қызметтiк жүйесi өтпелi қоғамның әлеуметтiк институттарының айрықша бiр түрi ретiнде ақпарат өндiрiп оны адамдардың әлеуметтiк кеңiстiгiне арнайы қызметтiң формасына ие. БАҚ-ның жоғарыда аталып өткен түрлi саяси-әлеуметтiк қызметтері демократиялық қоғамдарда мейленше толығырақ көрiнедi.

Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық сананы қалыптастырудағы орны

БАҚ- ры азаматтардың жекелеген саяси құбылысымен оқиғаларды қабылдауына  белсендi әсер етiп қана қоймай, оларды қоғамдағы жалпы саясатқа көзқарасын қалыптастырады халықтың белгiлi бiр мәселе бойынша саяси белсендiлігi болмаса, керенаулығы БАҚ-ның әлгi мәселенi ақпарат кеңiстiгiнде таратуға қай қырынан келуiне байланысты.

Шын мәнiсiндегi ақпараттық қоғам принциптерi мен негiздерiнiң обьективтi алғышарттары толық қалыптасты деуге болады. Мәселен, Мәскеу университетiнiң профессоры Е.П.Прохоровтың пiкiрiнше журналистика бiрнеше мекемелер жүйесiнен құралатын қоғамдағы ерекше әлеуметтiк институттың қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ететiн кешендi қызмет жүйесi.

Жас мемлекет алдындағы қоғамдық дамудың бүгiнгi кезеңде өркениеттiң жетiстiктерiн материалдық және рухани игiлiк ретiнде сақтау мәселесi туындайды.Әр халық өз мемлекетiнiң iшкi мәдениетiн шешуде өмiр салтын әдет ғұрпын дамыта отырып адамзаттық өзара түсiнiсуiнiң кепiлi бола алатын планетарлық ынтымақтастықты естен шығармауы тиiс.

Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі кезеңдегі даму үрдiстерi - мемлекеттiк тәуелсiздiк жаңа экономикалық саясатпен құқықтық мемлекет құру мiндеттерi республика ақпарат кеңiстiгiне де үлкен өзгерiстер ала келдi. Ол мiндеттердi жүзеге асыру қоғамның өмiрiн дұрыс түсiнiп қабылдап шынайы суреттеу мүмкiндiгiнен соң жүзеге аспақ. Егемендiк алған Қазақстан үшiн мемлекттiктi бiрегейлендiрумен байланысты көптеген мiндеттер мен проблемалар туды.

Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ақпарат құралдарының  қаражатпен және қажеттi техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету дәрежесiнде бүгiнде айтарлықтай айырмашылық жоқ. Мемлекеттiк ақпарат құралдарының бұл салада көрсеткiштерi жоғары болып келгенiмен, нарық жағдайында өзiне де көрерменін оқырманын да жоғалтпай, экономикалық қаражат қиындығынан шыға бiлген меншiктiң әр түрiндегi ақпарат құралдарының қәзiр кадрларды таңдап алу мүмкiндiгi басым түсiп отыр.

Бұл үрдiс республикалық ақпарат кеңiстiгiнде сөз бостандығынан туындайтын көптеген жаңа демократиялық нышандарды ала келдi.

БАҚ жаңа жағдайда қалыптасуы және жұмыс iстеуiне саяси- экономикалық, мәдени-әлеуметтiк, құқықтық негiздерiнiң саралануы үлкен ғылыми iзденiстердi қажет етедi.Қоғамның саяси әлеуметтiк өмiрiнде жүрiп жатқан демократиялық өзгерiстер оның ақпарат кеңiстiгiне де тән. Сөз бостандығы , баспасөз бостандығы, баспасөз бостандығы, пiкiрлер плюрализмi тәуелсiз жеке меншiк ақпарат құралдарының пайда болуы Қазақстандық ақпарат кеңiстiгiнде демократиялық үрдiстердiң нәтижелерi.70-жылдан аса уақыт бiр идеологияның шеңберiнде дәрiптелiп келген рухани құндылықтардың елеулi бөлiгi бүгiн өздерiнiң бар мағанасынан айырылуға мәжбүр болды. Қазақстан халықтары алдында жаңа жағдай, жаңа құндылықтарды қалыптастырды, оларды қоғам өмiрiне енгiзу мiндетi тұр.

Бұл құндылықтарды ең алдымен республикамыздағы халықтардың мәдени, тарихи, рухани қазыналарын бүгiнгi уақыттың күрделi өзгерiстердi талап етер жаңалықтарымен сабақтастыра қарастырған абзал.Адамның күнделiктi өмiрiнiң жаңғыруы, жаңа прогрессивтi жетiстiктерiне жетуi қоғамның жалпы мәдени деңгейiне байланысты. Ал қоғамның мәдениетiн қалыптастырушы өзгертушi негiзгi субьект адам, түрлi халықтар болып табылады.Мәдениет әлеуметтiк дүниедегi терең тарихи құбылыс және оның негiзгi өзектерi бағыттары салалары әлеуметтiк субьектiнiң жетiлу процесстерiмен негiзделе дамиды. Ақпарат кеңiстiгiнiң пiкiрлер плюрализмi мен әр түрлi көзқарастар тоғысып жинақтала келгенде обьективтiк қоғамдық пiкiр туғызып қоғамдық сананы қалыптастырып қана қоймайды, халықтың саяси-әлеуметтiк белсендiгiне де ықпал етедi.Адамдар сапырылысқан сан алуан пiкiрлер төңiрегiнде өздерiнiң жеке түсiнiгiн қалыптастырады. Бұл жеке көзқарастар қоғамның басқа мүшелерiнен пiкiр алмаса келiп бұқараның көзқарасына ұласады. Одан әрi сұраптала келiп , қоғамдық пiкiр қалыптасады

Әлемдiк тәжиiрбеге сүйенсек БАҚ белгiлi-бiр адамдар немесе ұйымдардың, органдардың бақылап, қажет болса басқарып отыратыны белгiлi.Жекелеген адамдардың меншiгiндегiнi болмаса коммерциялық ақпарат құралдарында бұл мiндеттi әлгi меншiк иелерi атқарып мемлекеттiк ақпарат құралдарында онымен арнайы мемлекет органдары айналысады. Ал қоғамдық құқықтық негiздегi ақпарат құралдары бұл қызметтi егер баспасөз құралдары мемлекеттiк заңдар сақтап отырса, жұртшылық саяси ұйымдар мен бiрлестiктер қадағалайды.

Қазақстанда орыс және қазақ тiлдерiндегi қатар таратылатын БАҚ ара тұра мәселеге  екi түрлi көзқараспен келуi, бiр- бiрiне мүлде кереғар түйiн түйiп, ұсыныс бiлдiрудiң қоғамға пайдасы шамалы.Бұл мемлекет iшiндегi күрделi мiндеттердi айқындау және оларды шешуге жұмылдырудағы бiрлiк пен өзара түсiнiстiктiң әлi де жетпеушiлiгiн аңғартады.

Жас егемендi мемлекет алдындағы қоғамдық дамудың бүгiнгi кезеңiнде өркениеттiң жетiстiктерiн материалдық және рухани игiлiк ретiнде сақтап ел ертеңi үшiн тиiмдi пайдаланудың артықшылықтарын халыққа тарату. БАҚ-ның рухани танымдық қызметiне сұраныс тумақ.Қәзiргi кезеңде халық оқшауланған күйде өмiр сүре алмайды.

Өтпелi қоғам дамуы бiр орында болмай үнемi өсу үстiнде болғандықтан бұл процесс ескi мен жаңаның күресiмен ерекшеленедi. Әрқашан идеялық саяси өзгерiстер алаңы саналатын ақпарат кеңiстiгi ерекше роль атқарып келедi әлi атқара бермек.Тарихқа жүгiнер болсақ жалпы мемлекеттiң түрлi қоғамда саяси иституттар және басқа да органдармен қарым- қатынасы үнемi мамыржай толық түсiнiстiк жағдайда болмаған.Мемлекет басындағылар iс әрекетi түрлi заң құқықтық нормалармен  мен ережелерге сүйенiп қана қоғамдық процестердi реттеп жүйелеуге, басқаруға бағытталады.Басқаша айтқанда билiк басындағылар мен билiктiң қол астындағылар арасындағы саяси-экономикалық, мәдени құқықтық т.б толып жатқан қарым- қатынастар  нормалар мен ережелер арқылы жүзеге асады.

Тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары көптеп ашылған тәуелсiз БАҚ- ры түрлi экономикалық қиындықтарға төтеп бере алмай бiртiндеп жабыла бастады. Олардың iшiнен өтпелi қоғамдағы экономикалық және  творчествалық мүмкiндiгi барлары ғана өмiр сүру құқын сақтап қалды.

Қоғамдық пiкiрдi ақшаға сатып алуға болмайтыны секiлдi оны қолдан қысым жасап өзгертуде мүмкiн емес. Республика өзiнiң  мемлекеттiк тәуелсiздiк жариялаған кезеңнен бастап жаңа саяси экономикалық жағдай қалыптасты. Алға қойылған негiзгi мiндеттер ел экономикасын жаңа жағдайда қалпына келтiрiп одан әрi көтеру қоғамдық саяси тұрақтылықты нығайтып халықты әлеуметтiк жағынан қорғау құқықтық демократиялық мемлекет құру болып табылады Алғашқы кезеңде Қазақстанның ақпарат құралдары тұтастай алғанда шын мәнiнде қоғамның демократиялық өзгерiстерге талпынуы мен тәуелсiз мемлекеттiлiгiн қалыптастыруға белсене араласты. Ақпарат кеңiстiгiнде мәдени, рухани жаңғыру процесi кеңiнен көрiнiс тапты. Бұл процеске түрлi тiлдерде шығатын ақпарат құралдары қатысты.

Елдегi бүгiнгi саяси- экономикалық жағдайды қалыптастырудың бұқаралық ақпарат құралдарының атқарар ролi аз емес. Жаңа қалыптаса бастаған Қазақстандық ақпарат кеңiстiгiнде түрлi пiкiрлер көзқарастар ағынына қарамастан түптеп келгенде қоғамды  дұрыс қоғамдық пiкiр қалыптасты.Баспасөз бостандығы деген ұғыммен қатар оның жауапкершiлiгiн журналистикадағы әдеп мәселелерi қатар туындайды. Жоғарғыда ақпарат құралдарының абсолюттiк мағанасында еркiндiгiнiң болмағандығын экономикалық жағынан түсiндiрдiк. Дәл осы секiлдi демократиялық еркiндiктiң де шегi болады. Ақ түстi қараға бояудың қиындығы секiлдi ұлттық санаға түскен дақтан арылу жолыда тым ауыр.



Соңғы кездерi ақпарат құралдарыны ар-ождан сотында жиi тартылуы соның айғағы. Бұл тек ақпарат құралдарының азаматтық позициясы мен саяси обьективтiлiгiне ғана байланысты БАҚ-ры мен ресми билiк арасындағы қатынасқа нақты ықпал ете алар екiншi фактор саяси жүйенiң типi мен ондағы демократиялық өркениет ақпарат кеңiстiгiнiң қалыптасу мүмкiндiгiне байланысты өтпелi қоғамда бұл мәселенiң кейбiр ерекшелiктерi айталық мемлекет тарпынан қоғам ертеңiмен iшкi саяси тұрақтылықтың сақталуы үшiн экономикалық реформаларды шешушi сәтiнде қоғамдық пiкiрдi бөлiп жармау мақсатында кейбiр ақпарат құралдарын саяси экономиалық ықпал етуге тырысушылық мысалдарын өтпелi қоғам мүшелерi әртүрлi қабылдауда. Бiздiң пiкiрiмiзше  саясаттың түпкi мақсаты ғана емес оған жету үшiн қолданар әдiс тәсiлдер де қоғам дамуына үлкен роль атқармақ. Олай болса екi жақтың ара қатынасын реттеудiң заңдылық негiздерiн өркениет жолдарын қарастырған жөн.

Қортынды

Кез- келген қоғам өмiрiндегi ақпарат жүйесiндегi қызметiнің ролi зор.Бүгiнгi дамыған өркениеттi қоғамдағы бiлiм мен ақпарат билiгi қаражат пен мемлекеттiк күштеудi екiншi кезекке ысырып тастап, оны басқаруда шешушi ықпал ете алар саяси күшке айналып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет