КӘСІПОРЫН (БИЗНЕС) ҚҰНЫН БАҒАЛАУДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕР
3.1 Табыстық тәсіл
Табыстық тәсілдегі маңызды түсініктің бірі болып, табыстың капитализациясы болып табылады. Ол объект құнының потенциалды табыс әкелу мүмкіндігі негізінде бағаланатын, әдістер мен тәсілдер жиынтықтарын көрсетеді. Табыстық тәсілді қолдана отырып бағалаушы жылжымайтын мүлікті иемденуден болашақта алатын табыстың ағымдағы құнын өлшейді. Иемдену мерзімі кезіндегі табыстар ағымы мен мүлікті қайта сатудан түсетін табыстар капитализация коэффициенті көмегімен ағымдағы құнға капиталдандырылады.
Капитализация коэффициентінің екі түрі бар: капитализация ставкасы және пайда нормасы.
Капитализация ставкасы мүліктің жыл сайынғы әкелетін табысы мен сол мүлік құнының арасындағы өзара байланысты көрсетеді.
Таза табыс көрсеткіштері мен мүлік құнына байланысты, капитализация ставкасының келесідей түрлерін ажыратады:
Жалпы капитализация ставкасы. Таза операциялық табыстың жалпы объект құнына қатынасымен есептеледі.
Меншік қаражаттары үшін капитализация ставкасы. Ақша қаражат ағымдарының (салық салынғанға дейінгі), сатып алынған мүлікке салынған меншік қаражаттарына қатысты қатынасы ретінде анықталады.
Қарыз қаражаттары үшін капитализация ставкасы. Несие бойынша жыл сайынға төлемнің несие сомасы қатынасымен анықталады.
Мүлікті иемдену кезіндегі барлық артықшылықтарын ескеретін (яғни, ақша қаражатының ағымы) мүліктік табыстылық көрсеткіштері ретінде пайда нормасы анықталады. Тәжірибедегі пайда нормасының құндылығы болып, келесі мүмкіндіктер қарастырылады:
ақша қаражаттарының ағымын дисконттау әдісімен құнды бағалау кезіндегі дисконттау ставкасы;
инвестициялық жобаның әртүрлі деңгейдегі бастапқы капитал салымдары мен кезекті табыстарын салыстыру кездегі салыстыратын көрсеткіштер.
Пайда нормасының түрлері:
Ішкі пайда нормасы – бұл ақша қаражат ағымының нәтижесінен (оң және теріс) алынатын инвестордың салым қаражаттарынан түскен әр жылғы пайда нормасы.
Меншік қаражаттарына пайда нормасы (инвестицияның пайда нормасы). Бұл көрсеткіш ішкі пайда нормасы көрсеткіштеріне ұқсас болып келеді. Оны есептеу кезінде несиені өтеу бойынша объектіні сатудан түскен табыс пен несиені төлегеннен соң қалған табысты, объектіні сатып алуға жұмсалатын меншік қаражаттары қолданылған.
Қарыз қаражаттарына пайда нормасы. Бұл көрсеткіш ішкі пайда нормасына ұқсас болып келеді. Осы көрсеткішті есептеу кезінде банкпен берілген несие, уақытылы табыс пен несиені мерзімінен бұрын өтеу жағдайында негізгі сома бойынша (қарыз қалдығын алу) ақша қаражаттарының ағымдары қолданылады.
Кейде нақты объект үшін капитализация ставкасы мен пайда нормасы сәйкес келуі мүмкін, бірақ бұл мүлдем әртүрлі көрсеткіштер және олар өзара ауыстырылмауы қажет.
Капитализация ставкасы мен пайда нормасы арасында өзара байланыс бар:
Капитализация ставкасы пайда нормасына тең. Объект құны немесе табыс уақыт өтуімен байланысты өзгермейді. Уақытылы алынатын табыс қаражаттарға салынған пайданы көрсетеді. Бастапқыда салынатын қаражаттардың толық қайтарылуы, реверсия мезетінде болады.
Капитализация ставкасы пайда нормасынан көп. Объект құны немесе табыс, иелік ету мерзімі кезінде төмендейді. Яғни, бастапқыда салынатын қаражаттардың толық қайтарылуы, реверсия мезетінде мүмкін болмай қалады. Реверсия мезетіне дейін, белгіленген бастапқыда қаражаттар салымының үлесі уақытылы табыс түсімдерімен бірге қайтарылуы қажет.
Пайда нормасы капитализация ставкасынан асады. Объект (табыс) құны иелік ету мерзімі кезінде өседі. Жыл сайынғы табыс көлемі салынатын қаражаттар пайда нормасын қамтамасыз ете алмайды, өйткені бұл пайда бөлігі реверсия мезетінде ғана алынады.
Әлемдік тәжірибеде табыстық тәсілмен анықтағанда бағалаудың екі әдісі қолданылады: тікелей капитализация әдісі және ақша ағымдарын дисконттау әдісі. Бұл кәсіпорын мүлкінің әртүрлі түрлердің құнын бағалаудағы неғұрлым әмбебап әдістер болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |