Меншік құқығын біреуге беру мүмкіндігі. Кез келген зат меншік құқықтарын біреуге беру мүмкіндігі бар болған жағдайда тауар болып саналады. Мысалы, берілген заңнамамен жердің белгілі бір түрлеріне сату рұқсат етілмесе, онда олардың құндылығы болмайды. Дегенмен, бұл жерлердің жал құқықтарының нарық құнын бағалауға болады.
Мүліктің құнын бағалау нақты бір мақсатпен жүргізіледі (сатудың бағасын анықтау, ипотекалық несиені алу, мүлікті сақтандыру және т.б.). Бұл мақсат, бағалаудың тағайындалуы деп аталады. Құнның әр түрлі анықтауларын қолданғанда, мүліктің құны әр түрлі болады. Мысалы, оттан сақтандыру мақсатындағы құнның бағалануы, ипотекалық несие мақсатындағы құнның бағалануынан ерекшеленеді. Бірінші жағдайда, құнның мөлшері құрылғылардың элементтеріне кеткен шығындармен, ал екінші жағдайда, ипотекалық несие бойынша төлемдердің тоқтатылу жағдайында, объектіні сату үшін нарықтағы мүмкін болатын бағамен анықталады.
Сөйтіп, бағалаудың тағайындалуына тәуелді мүлік әр түрлі құнға ие болады.
Тәжірибеде бағалаушы келесідей негізгі құндардың түрлерін қолданады: