Бағалау міндеттемесі бойынша есептелген резервті жойған кезде мынадай тізбек беріледі: 3310 «Қысқа мерзiмдi бағалау мiндеттемелері» дебеті және 7450 «Резервтерді құру бойынша шығыстар» шотының кредиті
Бағалау міндеттемесі бойынша есептелген резервті жойған кезде мынадай тізбек беріледі: 3310 «Қысқа мерзiмдi бағалау мiндеттемелері» дебеті және 7450 «Резервтерді құру бойынша шығыстар» шотының кредиті.
Бағалау міндеттемесі бойынша есептелген резервті жойған кезде мынадай тізбек беріледі: 3310 «Қысқа мерзiмдi бағалау мiндеттемелері» дебеті және 7450 «Резервтерді құру бойынша шығыстар» шотының кредиті.
Бағалау мiндеттемесіне қарсы бастапқыда оларға қатысты құрылған шығындар ғана есептеледі.
Әйтеуір бір өтелетін шығындар бойынша бағалау міндеттемелері танылмайды, өйткені қаржылық есептілік болашақтағы мүмкін жағдайды емес, есеп кезеңінің соңындағы жағдайды көрсетеді.
Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысанда бағалау міндеттемелерінің туындауы бойынша түрлі ахуалдардың үлгілері берілген.
Мемлекеттік мекеме шартты міндеттемені мойындамайды, экономикалық пайдасы бар ресурстардың шығып қалуы алыс болып табылған жағдайлардан басқа жағдайларда, қаржылық есептіліктің түсініктеме жазбасындағы шартты міндеттемені ашады.
Шартты активтер қаржылық есептілікте танылмайды, өйткені бұл мүмкін ешқашан алынбайтын кірісті тануға әкелуі мүмкін. Мемлекеттік мекеме шартты активтер туралы ақпаратты қаржылық есептіліктің түсініктеме жазбасында ұсынады.
Егер мемлекеттік мекемеге экономикалық пайдалар түседі деген ықтималдық болса, шартты активті ашылуы тиіс. Егер кірісті сату шынымен анықталса, онда тиісті актив шартты актив болып табылмайды және оны тану қаржылық есептілікті дайындау мен ұсынудың қағидаттарына сәйкес болады.
Қазақстан Республикасында қолданыстағы валюта және қаржылық есептілікті ұсынудың валютасы болып теңге табылады.
Қазақстан Республикасында қолданыстағы валюта және қаржылық есептілікті ұсынудың валютасы болып теңге табылады.
Шетел валютасындағы шоттар бойынша операцияларды жасау мен ресімдеудің тәртібі валюталық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мекеменің бюджеттік қаржыландыру есебінен шетел валютасын сатып алуы мынадай корреспонденциялармен көрсетіледі:
Мемлекеттік мекеменің бюджеттік қаржыландыру есебінен шетел валютасын сатып алуы мынадай корреспонденциялармен көрсетіледі:
шетел валютасын сатып алуға ақша қаражаты аударылғанда: 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шотының дебеті және Шоттар жоспарының «Ақша қаражаты және олардың баламалары» бөлімінің тиісті шотының кредиті;
шетел валютасындағы шотқа шетел валютасы түскенде: 1050 «Шетелдік валютадағы шот» шотының дебеті және 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» қосалқы шотының кредиті, бір мезгілде комиссиялық алымның сомасы шығыстарға жатқызылады: 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотының дебеті және 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» қосалқы шотының кредиті.
Шетел валютасы кассаға түскен кезде мынадай корреспонденция жүзеге асырылады: 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының дебеті және 1050 «Шетелдік валютадағы шот» шотының кредиті.
Өнім берушілермен және мердігерлермен шетел валютасында есеп айырысу 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының дебеті және 1050 «Шетелдік валютадағы шот» шотының кредиті бойынша жазбамен көрсетіледі.